Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқык (объек
тив™ жәнс субъективтік құқық) позитивтік құқьіқ ретінде көрініс
табады, ягми, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізі і сипаттары:
а) оны адамдар немесе қогамдық қүрылымдар-заңшыгару-
шылар, соттар, құқық субъектілер қалыгітастырады, яғни, олардың
шығармашылыгының, мақсатты ерікті қызметіиің нәтижесі болып
табылады;
ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай
ой, идея түрінде гана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ре-
тінде өмір сүреді.
Қүқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы бары-
сында оның бір мезетте эрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан
екі жағы анықталды. Бірінші жағы - бұқаралық-құқықтық жағы,
екінші жағы - жеке-құқықтық жағы.
Бүқаралық құқық - бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік
пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқа-
ралық билік ретіндегі жэне барлық бұқаралық институттардың
қүрылымы және кызметі.
Жеке қүқық - бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъек-
тілердің занды тендігі бастамаларына негізделген еркін түлға,
институттар мэртебесі.
Достарыңызбен бөлісу: