2. Құқықтық саііаның күрылымы
екі элементтен құралады:
қүқықтык психология жэне құкықтық идеология.
Құқықтық психология - бұл, ең алдымеи, құкыққа қатысгы
сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, арман-
дардың жиынтығы. Бүл жерде құқықтық құбылыстарға деген
қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен
эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Қүқықтық психология
арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) қүқықтық мэдениетке тән
әдет-гұрыптар мен салт-дәстүрлер, түлғаның мәдениетіне, күнде-
лікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ә) түлғаның
өзін-өзі багалауы, ягни, өз жүріс-түрысын қүқық нормаларына
сэйкестігі түрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.
Құқықтық идеология - бұл адамдардың құқыққа қатынасын
білдіретін қүқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қагидалардың,
сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бүл
субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құ-
қықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Қүкықтық идео
логия - құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.
3. Қүқықтық сананың түрлері.
Қүқықтық сана мына негіз-
дер бойынша түрлерге бөлінеді:
1) мазмүны бойынша:
- қарапайым қүқықтық сана - бүл тұлғалардың қүқыққа қатыс-
ты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туын-
дайтын көңіл-күйлері;
кәсіби құқықтық сана - бүл заңгерлердің заңды гәжірибесінің
негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәс-
түрлері;
- ғылыми қүқықтық сана - бүл құқықты теориялық игеруді
көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар;
2) субъектілері бойынша:
- жеке қүқықтық сана;
- топтық қүқықтық сана;
- қоғамдық құқықтық сана.
4. Қүқықтық мәдениеттің түсінігі және қүрылымы.
Құқық-
тық мәдениет қүқықтық санамен тығыз байланыстылықга бола
түрып, оған сүйенеді. Алайда, қүқықтық мәдениет құқықтық сана-
ға қараганда әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық жэне идео-
логиялық элементтермен қатар, занды мэні бар жүріс-түрысты да
қамтиды. Қүқықтық мэдениет мыналарды білдіреді:
1) қүқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың жэне құкық-тык
ойланудың белгілі бір деңгейі;
2) халықтың заңдарды білуінің гиісті дәрежесі;
3) қүкық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары
деңгейі;
4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процесс-
терінің сапалық жағдайы;
95
5) құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққоргау орган-
дарының жүмысы, конституциялық бақылау жэне т.б.);
6) құкықтық қызметтің адамдар жасаған рухани жэне мате-
риалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі,
заңнама жүйесі жэнс т.б.).
Бүлардың барлығы жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарас-
тырылуы мүмкін.
Түлғаның қүқыктық мэдениеті -б ү л қүқықты білу жэне түсіну,
соған сәйкес әрекет ету. Түлғаның қүқықтық мәдениеті түлғаның
қүқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты
қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-түрысын заң нор-
маларына бағындыру жатады. Тұлғаның қүқықтық мәдениетінің
қүрылымы мына элементтерден құралады:
1) психологиялық элемент - қүқықтық психология;
2) идеологиялық элемент - қүқықтық идеология;
3) жүріс-түрыстық элемент - занды мэні бар жүріс-тұрыс.
Қогамның қүқықтық мэдениеті - бүл қоғамның құқыктық сана-
сының жэне құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен
заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның қүқықтық мәде-
ниеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады жэне ке-
лесі факторлармен сипатталады:
құқықты шын мәнінде қажетсіну;
елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;
қоғамдагы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің қүрылымы келесі элемент
терден құралады:
1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің
деңгейі;
2) заң нормаларының даму дәрежесі (қүқықтың даму деңгейі,
заң мэтіндерінің мэдениеті жэне т.б.);
3) заң қызметінің даму дәрежесі (қүқықшығаруіиы, құқыкқол-
данушы және кұқыққорғаушы қызметтің мэдениеті).
96
№ 39 кесте
97
|