Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері


Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен бостандығының кепілі



бет9/10
Дата15.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#138988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-37714

Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен бостандығының кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды.
Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы- демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейіне жатады және әлеуметтік қатер басталғанда ресми сектордың қызметкерлерін қорғаудың қосымша жүйесін құруға бағытталған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасына сәйкес әлеуметтік қатердің бес түрімен қамтылған (еңбек ету қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу, жаңа туған баланы асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу).
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
Әлеуметтік қорғау –бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. 
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру; негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру; халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері; азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі. 
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет