Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері


Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері



бет2/10
Дата15.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#138988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-37714

1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері
1.1 Әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясат – халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі.


Қамтитын тараулары: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған.
Әлеуметтік саясаттың мақсаты – кез-келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, ағлаққа, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.
Әлеуметтік саясат мәні:
Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету қай кезде де, қай елде де жұртшылық назарын ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік алып, мемлекеттік егемендігін халықаралық деңгейде паш еткен біздің елде бұл мәселе айырықша көкейтесті мәселе болып отыр. Қазақстанның көптеген саясатшылары мен ғалымдарының мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін арттыру мәселесіне кейінгі кезде айрықша мән беріп, пікір алмасып талдау жасауды жиілеткені де содан болар.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мемлекеттің әл-ауқатын арттырудың ең маңызды факторларының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен үкіметіміз жыл сайын қорғалмаған бұқара топтарына көмек көрсете отырып, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асырып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысына қаражат салу арқылы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді арттыруға бағытталған жобаларды іске асырады.
Әлеуметтік саясаттың бағыттары.
Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:
қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау;
өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау;
мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау;
мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет