Мемлекеттің мəні мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты



бет6/22
Дата10.02.2022
өлшемі78,29 Kb.
#25229
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
МҚТ

СӨЖ – на арналған тапсырма.
ҚР Президентінің 2007 ж. Бағытталғын үндеуін қарастырып Қазақсьан мемлекеттің əлеуметтік,
экономикалық жəне т.б. қызметтеріне сипаттама беріңіз.
Бесінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ  МЕХАНИЗМІ
Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады.
Мемлекеттің 
механизмі -
белгілі 
түрде 
ұйымдастырылған, ішкі
тұтастығымен  жəне  өзара  байланыстылығымен  сипатталатын  мемлекет
органдарының  жүйесі.  Əр  мемлекеттің  механизмі  оның  тарихи, əлеуметтік,
ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне  байланысты
құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тəн органдар болады.
 Негізінен, олар - құкыктық  тəртіпті  сақтайтын, мемлекеттің  ішкі
қауіпсіздігін, сыртқы  тəуелсіздігін  қорғайтын  органдар. Мұндай  органдар  əр
дəрежеде, əр  көлемде  барлық  мемлекеттерде  болады. Мемлекет  механизміне
Құкықтық;
Құқық жасау қызметі;
Жедел орындау, іздестіру
қызметі
Құқық қолдану қызметі;
Құқық қорғау қызметі;
Ұйымдастырушылық;
Ұйымдастыру-реттеу
Экономиканы
ұйымдастыру қызметі;
Ғылым, білім 
беруді
ұйымдастыру қызметі;
Əскер
ұйымдастыру
қызметі.

33
тəн  заңдылық - оның  органдары  тек  мемлекет  қызметін  атқаруға  қажет


болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын
органдардын  болмауы. Мемлекет  механизмінің  құрылымы  мемлекеттік
органдардан, мемлекеттік  мекемелер  мен  кəсіпорындардан  жəне  мемлекеттік
қызметкерлерден ұйымдық қаржыларынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді
қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекеттік  органдар  өкіметтік  қызметтерін  жүзеге  асырудың  барысында
өзара  тығыз  байланыстылықта  жəне  бірімен-бірі  матасқандық  жағдайында
болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік  мекемелер  мен  кəсіпорындардың  биліктік  өкілеттіктері
болмайды (əкімшіліктерді  қоспағанда). Олар  экономика, білім, денсаулық
сақтау, мəдениет, ғылым, спорт  жəне  т.б. салаларда  жалпы  əлеуметтік
қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік  қызметкерлер - бұлар  басқару  ісімен  арнайы  түрде
айналысатын  айрықша  топ  кұрайтын  санаттағы  адамдар  болып  табылады.
Мемлекеттік  қызметкерлердің  құқықтық  жағдайы  арнайы  заң  арқылы
реттелінеді, онда  мемлекеттік  қызметкерлердің  түрлері  жəне  міндеттері  мен
құқықтары айқындалып көрсетілген болып келеді.
Демократиялық құкықтық, əлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен
принциптерге  негізделіп  құрылады. Мұндай  мемлекеттердің  механизмі
мынадай органдардан тұрады: 1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында
өкілдік  органдар  екіге  бөлінеді: 1) Жоғарғы  өкілдік  орган - Парламент.
Парламент  сонымен  қатар  бірден-бір  заң  шығаратын  орган; 2) Жергілікті
өкілдік  органдар - облыстық, аудандық, қалалық  мəслихаттар. 2. Мемлекет
басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. Президент мемлекеттік
биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін жəне өкімет органдарының
халық  алдындағы  жауапкершілігін  камтамасыз  етеді. З.Атқарушы  орган.
Қазақстанда жоғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар -
əкімшіліктер. 4.
Орталық  басқару  органдары. Қазақстанда  оларға:
министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенстволар, ведомстволар жатады. 5.
Сот  органдары. Қазақстанда  оларға: Жоғарғы  Сот, жергілікті  соттар, əскери
соттар  жатады. 6. Прокуратура. Ол  зандардың  біркелкі  орындалуын
қадағалайтын  орган. 7. Əскер. Оған  мемлекеттің  əр  саладағы  қарулы  күштері
жатады. 8. Барлау, қарсы  барлау  органдары.  9. Абақты, бас  бостандығынан
айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет