Мемлекеттің мəні мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты


Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі



бет8/22
Дата10.02.2022
өлшемі78,29 Kb.
#25229
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
МҚТ

Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туындау тəсілдері бойынша:
а)  Бастапқы (өкілдік  берілген) органдар, мысалы, мүрагерлік  монархия,
парламент, президент. Бұл  органдар  басқа  қандай  бір  органдар  арқылы
кұрылмайды;
Жоғарғы  өкілдік, заң
шығаратын орган
Мемлекет басшысы
Жоғарғы 
атқарушы
орган
Орталық
басқару
органдары
Сот
Прокуратура
Əскер
Барлау, қарсы барлау
Абақты
Ішкі қызметтерді атқарушы
органдар
Сыртқы қызметтерді
атқарушы органдар
Құқықтық
тəртіпті,
қауіпсіздікті
қорғау, сақтау
полиция, сот,
прокуратура
жəне т.б.
Əлеуметтік
экономикалық
реттеу
Қаржы-салық
аппараты,
байланыс
органдары мен
коммуналдық
қызмет көлік
жəне т.б.
Рухани
өндіріс
Оқу-ағарту,
білім
мəдениет,
ақпарат
органдары
Қарулы
күштер,
барлау,
мемлекетара
лық
қатынастар
МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ (АППАРАТЫ)

35
б) туынды (үкімет, прокуратура  жəне  т. сондайлар). Бүларды  бастапқы


органдар құрады жəне бұларға өкіметтік (биліктік) өкілеттіктерді солар береді.
2. Өкіметтік (биліктік) өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) ең жоғарғы (үкімет);
б) жергілікті (əкімшілік).
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) кұзырларынын жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары}.
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы (Əділет жөне т.б. министрліктер);
в) Сот органдары (соттар).
5. Шешім қабылдау тəртібі бойынша:
а) алқалы  органдар, яғни  шешімді  алқалы  түрде  қабылдайтындар
(Парламент, Үкімет жөне т.б.);
б) жеке  дара  басшылық  органдар, яғни  шешімді  жеке  дара  басшылықпен
қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитеттер).
Мемлекеттік  аппаратты  ұйымдастыру  мен  оның  қызмет  атқаруын
белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік  органдарды  құру  жəне  олардын  қызмет
атқаруларын  айқындау  тəсіл-амалдарының  бастапқы  идеялары, міндетті
ережелері, негіздері.
Принциптер түрлері:
1. Адам  жəне  азамат  құқықтары мен  бостандықтарының  басымдылығы
қағидаты - адамдар  мен  азаматтардың  құқыктары  мен  бостандықтарын
мемлекеттік  қызметкерлердің  тануы, - бұлжытпауы  жəне  қорғау  болатын
міндеттерін айқындайды.
2. Демократизм   қағидаты - азаматтардың  мемлекеттік  органдарды  құру
жəне олардың кызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3.
Билік  бөлінісі  қағидаты - өкімет (билік) органдары  мен  лауазымды
адамдар (тұлғалар) тарабынан  болуы  мүмкін  басынушылықтар  мен   зорлық-
зомбылықтарды   болдырмаудың механизмдерін құрудың, жақтасаудың басты
шарты жəне негізі.
4. Заңдылық  кағидаты - Конституцияны, зандар  мен  заң  актілерін  барлық
мемлекеттік  қызметкерлердің  міндетті  түрде  бұлжытпай  орындауларын,
сақтауларын кажет екендігін білдіреді.
5. Жариялылық  қағидаты - құқық  субъектілерінің  белгілі  бір  нақты
мемлекеттік  органдар  тарабында  атқарылып  жатқан  істер  жөнінде  мағлұмат
алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.

36
6. Шынайы  кəсіпқойлық  қағидаты - мемлекеттік  аппарат  қызметтерінде


кəсіби  біліктілігі  ең  жоғары  мамандарды  пайдалану  ісін  практикаға, іс  жүзіне
енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді  атқаруда  алқалылық  пен  жеке-дара  шешім  қабылдауларды
үйлестіру  қағидаты - мемлекеттік  аппаратта  демократиялық  жəне
бюрократиялық  бастауларының  ақылға  қонымды  шамада  үйлесімді  болуын
қамтамасыз етудің алғышарттының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылық  пен  тағайындаулардың  үйлестірілуі  қағидаты -
мемлекеттік  басқару  ісінде  децентрализациялау  мен  орталықтандыру (бір
орталыққа  бағындыру) шараларының  үйлесімділік  дəрежесін (айқындау
шартын) белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік  аппаратта  мемлекет
органдары  əртүрлі  деңгейлі  дəреже  алады, осыған  байланысты  басшылық
бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Субъектілеріне байланысты
Өілдігі бар мемлекеттік органдар (Президент, Прламент)
Мемлекеттік органдардың өздері құратын органдары (Үкімет,
министрліктер
Құрылымына байланысты
Жай (қарапайым)
Күрделі
Аумақтық қызмет аясына байланысты
Федеративтік
Республикалық
Жергілікті
Өілеттіктердің сипатына байланысты
Жалпылама құзыретті органдар (Үкімет)

37



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет