Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен.
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.
• Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.
• Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық.
• Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)
• (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)
• Білім беру:
• Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.
• Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.
• Салауатты өмір салтын үйрету.
Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау).
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |