Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі



бет30/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
1 саты: буынға бөлу, 2 саты: дыбыстық талдау,3 саты: сызбаға байланысты сөйлем құру, тыныс белгісін қояды (лепті, хабарлы, сұраулы): «Сатымен өрлеу» әдісі

- Олар өзеннен көп балықтар аулапты. Балалар, балықтарды құтқарады: « Балықшы Есбол мен Ербол» әдісі (оқулықпен жұмыс)

Балалар,шарларды бір-біріне лақтыру арқылы сұрақ қойып, оларға жауап береді:Рефлексия:«Көңіл -күй шар» әдісі

Алдыларыңда тұрған жануарлар бұл әртүрлі қимылдап қабылдайтын тіршлік иелері. Бүгін сабақта сен қай жануарға отырып қайттың? Кері байланыс:«Кім жүйрік?» әдісі

Олай болса мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алып: «Денсаулық» білім беру саласы дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды, балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді

қолдану. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жобалық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытуды жүзеге асыруды нақты міндет деп санап отыр».

Мектепке дейінгі балалықшақ - баланың моральдық- адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мекемелердің материалдық - оқу базасы жоғарғы деңгейде жабдықталу қажет. Мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және өзін-өзі тану кабинеттері бар. Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, дене шынықтыру, ән-күй, би залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған. Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу. Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған. Басқару саласында:мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатын да мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда: «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас)

Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритет терінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Заман талабына сай ұрпақ деген кім?Ол жаң – жақты қалыптасқан, білімді де,білікті,зейінді де,зерделі қызметті ұрпақ.Олай болса,сол ұрпақты тәрбиелеуге бірігіп ат салысайық әріптестер!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет