Ы.Алтынсарин.
Мектеп жасына балаларды дайындау кезінде, мазмұны нақтыланып, сабақты оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Тәрбие мен оқытудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, оның мазмұнына, ерекшеліктеріне тоқталып, тәрбиеші сабаққа дайындығын жан-жақты қарастырады.
Мен бүгінгі қолға алған тақырыбымды қорыта келгенде:
-Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Осы орайда, еркін елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, баланы жастан тәрбиелеуегі басқан әр қадамымызды нық басқанымыз жөн!
Достарыңызбен бөлісу: |