Мектепке дейінгі ұйым педагогының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары.
Әдістемелік құзыреттілік- оқытудың әр түрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту барысында білім мен іскерлікті меңгерту үшін қолдана білу.
Зерттеушілік құзыреттіліктер оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты білу.
Басқарушылық құзыреттілік өз қызметі мен тәрбеленуші қызметін басқару тәсілі мен әдісін білу.
Ақпараттық құзыреттілік қазіргі ақпараттық технологиямен қарулану, қажеттісін пайданалу.
Коммуникативтік құзыреттілік қоршаған орта мен өзара әсерлесу әдістерін, тәсілдерін білу, әр түрлі қарым қатынастарды бағалай білу.
Білімділік құзыреттілік өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және қоғамдық өмірді дамыту[5].
Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген.Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетт иесі: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.
Мектепке дейінгі ұйым маманы тұлғасының қалыптасуы педагогикалық тәжірибе кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді.
1. Оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете білу
2.Тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктерін меңгерту
3. Тәрбиеленушілермен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым – қатынас, адамгершілік сапаларының қалыптасуы
4. Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы
5. Тәрбие мәселелерін оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс – тәсілдерін білу
6. Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру. Оған көптеген икемдіктер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау; жаңа технологияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу;оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу; тәрбиеленушілердің тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақ барысында балалар белсенділігін ұйымдастыру т.б.
Ұйымдастырушылық жеке бастың таланты, педагогикалық ойы, шешімділігі мен шапшаңдығы, кез – келген ситуация да тиімді шешім табуға икемдігі, мұның бірі педагог тұлғасының сапасына енеді. Педагог тұлғасының сапасын айқындау қоғамның жеке тұлға дайындығына қойып отырған талаптарынан туындайды. Олай болса, қазіргі қоғамда мұғалім тұлғасына қойылатын талап өте жоғары. Қазіргі мектепке дейінгі ұйым маманы жоғары білімді, ғылым мен мәдениет салаларынан хабардар, жаңа типті оқу орындарының кез – келген саласында қызмет етуге оңтайлы, ортамен қарым – қатынасы, этикалық, адамгершілік сапалары жетілген тұлға болуға тиіс. Мектепке дейінгі ұйым маман тұлғасының қалыптасуында ең бірінші мәселе оның кәсіби дайындығының жоғарылығы, оқу үрдісін ұйымдастыра білу шеберлігі.
Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының кәсіби дамуының маңызды мәселелерінің бірі, олардың ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды ұйымды басқаруда шебер пайдалана білу қажеттілігі болып табылады. Осы бағытта болашақ мамандардың кәсіби деңгейінің қалыптаспауы мектепке дейінгі ұйымдарды басқару жұмысын ақпараттандыру бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік мәселелерді қолға алуды қажет етеді. Осыған орай мақалада болашақ мектепке дейінгі мамандарды кәсіби қызметке даярлауда заманауи ақпараттық - коммуникациялық технологиялар құралдарын сауатты пайдалана білуге және олар арқылы өздерінің кәсіби қызметінде интернет ресурстарды, соның ішінде құзреттілікті тиімді пайдалана алуға оқытудың қажет екендігін ашып көрсетілді.
Сондай-ақ , қазіргі заманғы мектепке дейінгі ұйым мамандарының кәсіби біліктілігінің маңызды құраушыларының бірі болып табылатын, педагогикалық жүйені ақпараттандыруға қойылатын талаптардың әсерінен болашақ мектепке дейінгі маманның кәсіби-педагогикалық біліктіліктерін қайта ұйымдастырудың нәтижесі ақпараттық құзыреттілік болып табылатындығы туралы сөз қозғалды. Мектепке дейінгі ұйым маманының ақпараттық құзреттілігі – педагогикалық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық қоғамның субъектісі ретінде және кәсіптік пен өзіне тән ақпараттық білім, біліктілікті сабақтастыру мақсатында туындайтын күрделі жеке тұлғалық-психологиялық білім мәселелері қарастырылған.
Сонымен, мектепке дейінгі білім беру жағдайында педагог – бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол – оқытудың жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу – тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу – тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары – адамгершілік, ізгілік еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген педагог болуы шарт. Сондықтан еліміздің жоғарғы оқу орындарына, оның материалдық-техникалық базасына жаңаша талаптар қойылып, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы білімгерлеріне білім беруде және тәрбиелеуде ерекше мән беріп, құзіретті тұрғыда білім беруді жетілдіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |