«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту»
Болашақта болу үшін жақсы адам,
Үйренеміз тілді балабақшадан!
«2020 жылдың мемлекеттік бағдарламасында» мектепке дейінгі білім берудің сапасын көтерудің міндеттері алға қойылған. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелерде яғни балабақшаларда тәрбие көзі мен білім сапасының іргетасы мықты болуы керек.Сонда мемлекетіміздің білімді де білікті азаматтары мен азаматшалары бой көтереді.
Мектепке дейінгі білім берудің басындаөзінің жеке дамуына сәйкес ұлттық және адами құндылықтарды бойына қалыптастырған, мәдениетті баланың тәрбиесі мен дамуын қояды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен білім беруі сапалы болады,егер оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі бала дамуына қажетті аймақтар мен қойылған мақсаттарға сәйкес болғанда.
Оқу бағдарламасы негізінде мектепкі дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты-балалардың жалпы,интеллектуалдық,дене дамуы,оның білімді меңгеруге дайындығын,білім беру сатысында қабілеті мен дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың көпвариативтілігі,балалардың мектепке дайындық деңгейін қамтамасыз ету былайша сипатталады:
-оқуға деген мативациясы,қоршаған орта жөніндегі алғашқы көзқарас;
-мектепке және өзіне пазитивті көзқарасы
-оқуға қабілеттілігі(тілдің дамуы,қарапайым санаулар т.б.);
-Қарапайым әлеуметтік дағдылардың болуы.
Мектепке дейінгі тәрбие біртұтас білім берудің бастапқы кезеңі ретінде баланың жеке басын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепке оқуға дұрыс дайындауға бағытталған.
Баланы мектепке балабақшада ғана дайындап қоймай, ата-аналарын да кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау, ауқымды мәселе.Ол көптеген жұмыстарды талап етеді, яғни балабақша мен мектеп арасында өзара байланысты орнату керек. Көптеген ата-аналар баласы мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санау керектігін алға қояды. Жоқ, бұл мүлде қате, теріс пікір деп санаймын. Себебі тәрбиеші сонымен қатар тәрбие жұмысын да өз мойынына алады.Бұл деген өте күрделі де жауапты іс. Сондықтан балабақшада тәрбиешімен бірлесе психолог жұмыс жүргізеді.
Мектепке дейінгі білім беру, мектепке келер алдында барлық балалардың алғашқы қадамдары біркелкі басталуы үшін қажет.
Осы жастағы балаларды оқыту мынадай әрекеттерді қалыптастыруға бағытталған: Талапты,дербес болуға,сабақ түрлерін таңдай білуге,ерекше ойлай білуге қабілетті,әртүрлі ойындарды ойнай білуге,өзінің құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынаста болуға,өзінің қиялындағы және нақты өмірді ажырата білуге,нұсқалаларды орындай білуге,ережелерді қадағалауға,басқалалардың қызығушылығын ескере отырып,өзара тіл табыса білуге,өзінің эмоциясын ұстай білуге. Осындай жас ұрпақты тәрбиелеп, мектеп табалдырығына оң қадаммен шығарып салу үшін тәрбиеші қандай болуы керек?
Осындай қасиеттерді бойына сіңіре білген тәрбиеші мына төмендегідей талаптарды игере білуі қажет:
-баланың даму заңдылықтарын білу;
-баланың даму деңгейін анықтау әдісін;
-мемлекеттік стандарт талаптарын;
-өз білімін жаңарту;
-жаңа технологиялармен жұмыс істеу тәсілдерін;
-отбасымен байланыс жасау;
Енді мектеп жасындағы баланың мінез-құлқы мен қабілетіне тоқталатын болсақ, бала бес жасқа келе өз іс-әрекетінің өзгеге,өзіне қалай әсер ететіндігін байқайды. «Егер мен жаман іс-әрекет жасасам,өзіме де,өзгеге де қиын болады» деген ойды түсіне бастайды.Баланың қызығушылығы мен бағалау құндылықтары қалыптасып, ұл мен қызға тән өзіндік ерекшелігі баріс-әрекеттерді жасауға бейімделеді,соны жасайды.Мысалы: ұл бала-транспорт түрлеріне әуестігін білдірсе, ал қыз бала әдемілікке,әсемдікке құмар екендігін аңғаруға әбден болады.
Көркем шығарманы қабылдауы мен музыкаға ықыласының, қиялының қызығушылығы мен білуге құштарлығының күрт артуы байқалады.
Бұл баланың қабілеті мен талантын анықтауға мүмкіндік береді.Мектеп жасындағы баланың өзара қарым-қатынасы қалыптасып,толық ынтымақтастықты едәуір сыни тұрғыдан бағалай алады,балаларда достар пайда болады.Осы жастағы балалар ұзақ әңгімелерді түсініктемелерді қабылдай алады.Зейіні едәуір тұрақталып,өз бетінше есте сақтау қабілеті пайда болады.Пікір айту,ой тұжырымын жасау іскерлігін игереді. Мектеп алды жасындағы балаларда аяушылықсезімі пайда болады.Ертегі кейіпкерлеріне де жаны ашиды.Адамның түрлі сезімдерін түсініп,жанашырлық таныту сезімдері пайда болады.
Ал енді келесі кезекте мектеп жасынадейінгі балаларды оқытудағы әдістерге келетін болсақ, ол-балаға білімді,іскерлікті дағдыны игерту мен таным қабілетін игерту дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері:
Оқыту әдістері ол-көрнекілік,бақылау,сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері.
-көрнекілік әдістері-баланың ұғымын кеңейтіп,оқуды түсінікті, қызықты, нақтылы етеді және ойы мен бақылампаздығын дамытады.
-бақылау әдістері бұл-баланың өздігінен қандай іс-әрекет жасауға қабілетті екендігін білуге қажет әдістің түрі.
-сөздік әдісі-сөйлеу мәнерінің жақсаруына, қайталап айтып беру, әңгімелеу, әңгімелету, тілдерінің толық дамуына үлкен рөл атқарады.
-тәжірибелік әдістері-балаланың ойлау қабілеттерін дамытып,ойлап табу(фантазиясын)кеңейтеді.
-ендігі кезектегі ойын әдісі арқылы балаланың сабаққа деген ынтасының жоғарлауына көмектеседі.
Осындай әдістер барысында дидактикалық құралдарды жиі пайдалану,слайд,техникалық құралдарды пайдалану,қимыл-қозғалыс арқылы пайдалану өте тиімді.
Мектеп жасындағы балаларды оқытуда өткізетін сабағыңыз нәтижелі болуы үшін, төмендегі ережелерді есте сақтаңыз:
-Тәрбиеші өте жинақы болуы қажет. Балалардың алдында қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.
-Балаларға ұрыспау,олардың білмегендігіне ренжімеу, мейірімді болу.Егер топтың басым көпшілігі тақырыпты немесе сіздің айтқаныңызды түсінбеген болса, онда кемшілікті өзіңізден іздеңіз. Сіз дұрыс түсіндіре алмадыңыз деген сөз.
- Балаланың сөзін бөлмеу,соңына дейін айтуға мүмкіндік беру. Егер дұрыс емес жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоя алмадыңыз.
-Тапасырма мен нұсқау анық, нақты, анық, бала түсінетіндей болуы қажет.
-Сабақ барысында баланың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпқа өзгерту немесе қосымша материалдар, көрнекіліктер пайдалану, ойын іс-әрекетіне аудару, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.
-Сабақты уақытында бастау. Уақытында бастамаған жағдайда бала шаршап сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Балалаға ұзақ уақыт тәрбиелік ақыл айту керек емес.
-Балаларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Жүзеге асырылмаған жағдайда, бала жауапсыз мінезге бой алдырады. Келесі жолы да берілген тапсырманы «міндетті емеспін»,- деген оймен ұштастырады.
-Баланың жауабын үнемі мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру керек.
Осы көрсетілген ережелерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасаған тәрбиешінің ғана жұмысы алға жүріп, өткізетін сабағында алға қойған мақсатына жетеді. Ал мақсатын жүзеге асыру үшін әр тәрбиеші өткізетін сабағына толық қанды дайын болу керек.
Кейбір сабақтар алдын-ала дайындықты қажет етеді. Мысалға:хайуанаттар,өсімдіктер туралы өтетін сабақтар.Себебі бұл тақырыптағы сабақтарды нақты лап көрсетіп, түсіндірмесе, балалар түсінбей қалуы мүмкін. Бір –бірімен шатастыруы да ғажап емес.
Дайындық кезінде негізгі мәселе бұл--балалардың сабақ оқуға қызығушылығын, ынтасын тудыру.Сабаққа дайындық барысында сабақты алдын-ала жоспарлау, көрнекіліктерді әзірлеу, балаларды сабаққа дайындау. Сабаққа дайындалу кезінде тәрбиеші әдістемелік материалдарды қарауы керек. Тәрбиеші тақырыпқа сай әдебиеттерді оқып,өзі жіті танысады. Ол әдебиеттің тәрбиелек,білімдік мазмұнына қарайды.
Сабаққа дайындық кезінде негізгі мәселе-балалардың сабақ оқуға қызығушылығын, ынтасын тудыру, сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін айқындап алған жөн.
Тәрбиеші тәрбие беру мен оқыту барысында мына бір қанатты, ұлы сөзді үнемі есінен шығармай, жадында сақтап жүргені абзал, деп санаймын.
«Егер бала бірдеңені түсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес,
оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс»
Достарыңызбен бөлісу: |