МеМлекеттік басҚаРу жӘнe МeМлeкeттік ҚызМeт халықаралық ғылыми-сараптама журналы халықаралық тoқсан сайын шығатын журнал


ҚазаҚстан Республикасы МеМлекеттік ҚызМет істеРі



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,67 Mb.
#10661
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

ҚазаҚстан Республикасы МеМлекеттік ҚызМет істеРі 

агенттігінің жаңалыҚтаРы

2012  жылдың  24  мамырында  V  Астана  экономикалық  форумы  шеңберінде 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 

академиясында  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі, 

Ф.  Эберт  атындағы  қор,  БҰҰДБ  және  Еуропалық  Одақтың  «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  қызметін  реформалау  және  модернизациялау» 

Жобасының  қолдауымен  «Өзгермелі  әлем  жағдайында  мемлекеттік  қызметті 

модернизациялау»  панельдік  сессиясының  мәжілісі  өткізілді.

Панельдік  сессияның  жұмысына  Парламент  Мәжілісі  мен  Сенатының  депутаттары, 

шетелдік мемлекеттік басқару академиялары мен мектептерінің ректорлары, Еуропалық Одақ, 

Дүниежүзілік банк және БҰҰДБ сарапшылары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық 

басқармаларының  және  мемлекеттік  қызметшілерді  оқытудың  өңірлік  орталықтарының 

басшылары  мен  қызметкерлері  және  Академияның  профессор-оқытушылар  құрамы  мен 

тыңдаушылары қатысты.

Сессияда  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің  төрағасы 

А.  Байменов,  Қазақстандағы  ЕО  өкілдігінің  басшысы  А.  Бушез,  Парламент  Мәжілісінің 

Экономикалық  реформа  және  өңірлік  даму  комитетінің  төрағасы  С.  Айымбетов, 

Братиславадағы  БҰҰДБ  орталығының  демократиялық  басқару  бағдарламасының  жетекшісі 

А.  Пинто  және  басқалар  баяндама  жасады. 

19 елдің 300-ден астам өкілі ағымдағы жағдайды талқылай отырып, мемлекеттік қызметті 

реформалаудың  басымдықтары  жаһандық  және  өңірлік  өзгерістермен  айқындалады  деген 

ортақ  пікірге  келді.  Панельдік  сессия  қатысушылары  мемлекеттік  қызметті  реформалау 

саласында тұрақты тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті, сонымен 

қатар  Астана  қаласында  мемлекеттік  қызмет  пен  басқару  саласында  білім  мен  тәжірибені 

тарату бойынша өңірлік хаб құру идеясы қолдау тапты. 



2012 жылдың 23 мамырында V Астана экономикалық форумы барысында Мемлекеттік 

басқару  және  мемлекеттік  қызмет  ұлттық  академиялары  мен  мектептері  ректорларының 

форумы  шеңберінде  А.  Байменов  Қырғыз  Республикасы  Мемлекеттік  кадр  қызметі 

директорының  орынбасары  А.  А.  Болотбаевпен  және  Қырғыз  Республикасы  Президенті 

жанындағы Басқару академиясының президент-ректоры Ч. Б. Шамшиевпен кездесті.

Кездесу  барысында  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  ынтымақтастық  мәселелері 

талқыланды.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  мен  Қырғыз 

Республикасы  Мемлекеттік  кадр  қызметі  арасында,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы  мен  Қырғыз  Республикасы 

Президенті жанындағы Басқару академиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға 

қол қою жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

2012  жылдың  23  мамырында  Мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет 

академиялары  мен  мектептері  ректорларының  форумы  шеңберінде  А.  Байменов  Польша 

Республикасы Мемлекеттік басқару ұлттық мектебі директорының орынбасары М. Халиниак 

және  Польша  Республикасының  Қазақстан  Республикасындағы  Елшілігінің  екінші  хатшысы 

М.  Хаброспен  кездесті.

Кездесу  барысында  тараптар  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  екіжақты  және  көпжақты 

ынтымақтастық  мәселелерін  талқылады.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет 

істері агенттігі мен Польша Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет 

департаменті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөніндегі уағдаластыққа 

қол жеткізілді.



2012  жылдың  22  мамырында  V  Астана  экономикалық  форумы  шеңберінде  Қазақстан 

Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  Төрағасы  А.  Байменовтің  Францияның 

Ұлттық басқару мектебінің (ENA) Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Максим 

Лефебврмен кездесуі болып өтті.



жас ғалыМдаРдың зеРттеулеРі

исследования Молодых уЧеных

younG scientists’ reseArch

ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

140


141

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы 

ENA-мен  2009  жылы  қол  қойылған  өзара  түсіністік  туралы  меморандумның  негізінде 

ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.

Сонымен қатар, ENA Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметін 

реформалау және жаңғырту» жобасын жүзеге асыратын DMI тәуелсіз француз компаниясы 

басқаратын консорциумның мүшесі болып табылады.

Кездесу  барысында  ENA  мен  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясы арасында мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы 

ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды.



2012  жылдың  17  мамырында  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 

агенттігінде  аппарат  жетекшісі  С.  Т.  Дәулеталиннің  төрағалығымен  Еуропалық  Одақтың 

«Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметін  реформалау  және  жаңғырту»  жобасының 

Консультативтік кеңесінің отырысы болып өтті. 

Консультативтік  кеңес  Еуропалық  Одақ  делегациясы,  Агенттік,  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы  мен  «Мемлекеттік  қызмет 

персоналын  басқару  жөніндегі  ұлттық  орталық»  АҚ  қызметкерлерінен  құралған  және  жоба 

бенефициарларының қажеттіліктеріне сәйкес жобаның қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Отырыс  барысында  жоба  сарапшылары  ұсынған  Кіріспе  есеп  қарастырылды  және  тиісті 

ескертулер берілді.



2012  жылдың  8  мамырында  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 

агенттігінің  Төрағасы  А.  Байменовтің  Корея  Республикасының  Қазақстан  Республикасындағы 

Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Пэк  Чёхунмен  кездесуі  болып  өтті.

Кездесу  барысында  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  екіжақты  және  көпжақты 

ынтымақтастық  мәселелері  талқыланды.

2012  жылдың  8  мамырында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясында  Төрағаның  Швейцария  Конфедерациясының 

Қазақстандағы  және  Тәжікстандағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Стефан  Нелленмен 

және  Швейцария  Сыртқы  істер  министрлігі  Корпоративтік  ресурстар  департаментінің 

директоры  Хелен  Будлигермен  кездесуі  болып  өтті.

Кездесу  барысында  Швейцария  Сыртқы  істер  министрлігі  жүйесіндегі  қызметкерлерді 

басқару  аспектілері  талқыланды,  сондай-ақ  дипломатиялық  қызмет  кадрларын  іріктеу, 

жоғарылату және оқыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесуді  аша  отырып,  А.  Байменов  Швейцарияның  осы  бағыт  бойынша  тәжірибесін 

зерделеудің маңыздылығын атап өтті. 

Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері 

агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері қатысты.



2012  жылдың  4  мамырында  А.  Байменовтің  Швейцария  Конфедерациясының 

Қазақстандағы  және  Тәжікстандағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  С.  Нелленмен  кездесуі 

болып өтті. 

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері 

талқыланды. 

Бұдан  өзге,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 

академиясында Швейцария Қаржы министрлігі қаржыны басқару федералдық басқармасының 

директоры Ф. Цурбургтің дәрістерін өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 



2012  жылдың  3  мамырында  А.  Байменов  Әзірбайжан  Республикасының  Қазақстан 

Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Закир Гашимовпен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық 

мәселелері талқыланды.



2012 жылдың 25 сәуірінде «Ашық есік күні» аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

қызмет  істері  агенттігінің  Астана  қаласы  бойынша  басқармасы  азаматтарды  қабылдау 

жүргізді.  Іс-шара  шеңберінде  басқарма  бастығының  орынбасары  М.  Жиенбаева,  Тәртіптік 

кеңес  хатшылығының  меңгерушісі  Б.  Жаубасов,  «Нұр  Отан»  ХДП  АГФ  партиялық  бақылау 

комиссиясының  төрағасы  Д.  Рахматуллин  мен  «Нұр  Отан»  ХДП  АГФ  қоғамдық  қабылдау 

бөлмесінің меңгерушісі М. Елеуқұлова қатысты. Осы іс-шара барысында азаматтармен, заңды 

тұлғалардың  басшыларымен  кездесулер  өткізілді.  Негізгі  сұрақтар  мемлекеттік  органдар 

қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзу фактісі жөніндегі іс-

қимылдарына шағымдануға қатысты болды. Қазіргі уақытта Тәртіптік кеңес хатшылығы әрбір 

арыз-шағым бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. 



2012 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 

мемлекеттік  қызметті  жетілдіру  мәселелері  бойынша  Сараптамалық  кеңестің  «Мемлекеттік 

қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» тақырыбындағы VІ отырысы болып өтті. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметшілерін  оқыту  тұжырымдамасы 

Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделін  іске  асыру  мақсатында  әзірленді  және  мемлекеттік 

қызметшілерді  қайта  даярлау,  даярлау  және  біліктілігін  арттыру  жүйесін  жетілдірудің 

бағдарламалық құжаты болып табылады. 

Мәжіліске  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің  Төрағасы 

А.  Байменов,  сараптамалық  кеңес  төрағасының  орынбасары,  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  ректоры  Б.  Абдрасилов; 

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігі  Мемлекеттік  қызмет  және  кадрлық  саясат 

бөлімінің  Мемлекеттік  қызметті  және  кадрлық  саясатты  жетілдіру  секторының  меңгерушісі 

Р.  З.  Мұхаметқалиев;  ҚР  Премьер-Министрінің  Қаржы-шаруашылық  және  кадрлық  жұмыс 

меңгерушісінің  орынбасары  А.  К.  Ибраева;  Халықаралық  бизнес  академиясының  ректоры 

А. Б. Қожахметов; Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік және жергілікті 

басқару институтының ректоры А. А. Тоқтыбеков; ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік 

басқару академиясының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру 

институтының директоры Б. Ф. Үркімбаев; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Адам ресурстарын басқару 

департаментінің директоры Г. Б. Раисова қатысты.

2012  жылдың  24  сәуірінде  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  халықаралық 

ынтымақтастықты  одан  әрі  дамыту  шеңберінде  ҚР  мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің 

аппарат  жетекшісі  мен  Агенттіктің  құрылымдық  бөлімшелері  басшыларының  Экономикалық 

ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  өкілдерімен  кездесуі  болып  өтті.  Кездесу 

барысында  тараптар  мемлекеттік  сектордағы  адам  ресурстарын  басқару  мәселелерін, 

мемлекеттік  қызмет  саласындағы  жүргізіліп  жатқан  және  жоспарланған  реформаларды 

талқылады.  Агенттік  қызметкерлері  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызмет  жаңа 

моделі тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді. 



2012  жылдың  19  сәуірінде  ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің  ШҚО  бойынша 

басқармасы ШҚО ішкі істер департаментінің базасында «Ішкі істер органдарында тәлімгерлікті 

ұйымдастыру тәжірибесі туралы» семинарын ұйымдастырды. Семинар жұмысына облыстық 

департаменттері  мен  басқармаларының  аға  тәлімгерлері,  мемлекеттік  органдардың  кадр 

қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. 

Семинар  қатысушылары  үшін  психологиялық  жеңілдеу  бөлмелері,  оперативті  басқару 

орталығы  мен  облыстық  ішкі  істер  департаментінің  әскери  даңқ  мұражайына  бару 

ұйымдастырылды. 



2012 жылдың 10 сәуірінде бұдан бұрын қол жеткізілген мемлекеттік қызмет саласында 

мекемеаралық ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарды жалғастыра келе, Агенттіктің 

Мемлекеттік  қызметті  кадрлық  қамтамасыз  ету  департаменті  директорының  орынбасары 

Д.  Т.  Жәненованың  Корея  Республикасының  Қазақстандағы  Елшілігінің  кеңесшісі  Хан  Сёнг 

Чин  мырзамен  жұмыс  бабындағы  кездесуі  болып  өтті.  Хан  мырза  Корея  Республикасының 

Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік министрлігі мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет 

саласында бірлескен консалтингтік жобаларды жүзеге асыруды ұсынатынын хабарлады.

Кездесу барысында аталған жобалар шеңберінде ынтымақтасу нысандары мен бағыттары 

талқыланды.

ҚазаҚстан Республикасы МеМлекеттік ҚызМет істеРі агенттігінің жаңалыҚтаРы

новости агентства Республики казахстан по делаМ госудаРственноЙ службы 


ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

142


143

2012 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 

«Мансаптық жоспарлау: жай-күйі, мәселелері мен келешегі» тақырыбына дөңгелек үстел болып 

өтті.  Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделі  тұжырымдамасына  сәйкес  мансаптық  жоспарлау 

жүйесін  енгізу  мемлекеттік  қызметті  кәсібилендірудің  басым  бағыттарының  бірі  болып 

табылады. А. Байменов өзінің сөзінде «мемлекеттік қызметшінің мансаптық өсуі ынталандыру 

жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатынын, оның белгіленген әлеуметтік және лауазымдық 

мәртебеге ілгерілеуді білдіретінін және мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен жұмыс 

тәжірибесіне сай кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз ететінін атап өтті. 

Тұжырымдамада  мемлекеттік  қызметшінің  қызметте  жоғарылауы  оның  атқаратын 

лауазымындағы жұмысының тиімділігін бағалау нәтижелеріне негізделеді деп көрсетілген.

Мемлекеттік  қызметшінің  қызметте  жоғарылау  мүмкіндіктеріне  қанағаттану  дәрежесі 

орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы персоналды басқару тиімділігі 

көрсеткішінің бірі болып табылады. 

Қызметте  жоғарылауды  жоспарлау  жүйесін  енгізу  осы  ұғымды  заңнамалық  деңгейде 

бекітуді  және  «карьералық  жоғарылау»  өлшемдерін  нормативтік  айқындауды  қажет  етеді. 

Дөңгелек  үстел  барысында  мансаптық  жоспарлаудың  ғылыми  және  практикалық  тәсілдері, 

мемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоспарлау жүйесін енгізудің халықаралық тәжірибесі 

талқыланды.  Дөңгелек  үстел  жұмысына  ҚР  Премьер-Министрі  Кеңсесінің,  Мемлекеттік 

қызмет  істері  агенттігінің,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару академиясының өкілдері, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің жетекшілері, 

халықаралық  сарапшылар,  жеке  сектор,  оның  ішінде  HR  менеджерлер  қауымдастығының 

өкілдері қатысты.



2012  жылдың  4  сәуірінде  А.  Бәйменов  пен  Ресей  Федерациясының  Қазақстан 

Республикасындағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Михаил  Бочарниковпен  кездесуі  болып 

өтті. Кездесу барысында Тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы екіжақты және көпжақты 

ынтымақтастық мәселелерін талқылады.



2012  жылдың  5  сәуірінде  А.  Бәйменовтің  Тәжікстан  Республикасының  Қазақстан 

Республикасындағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Бахром  Холназаровпен  кездесуі  өтті. 

Кездесу  барысында  Тараптар  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  екіжақты  және  көпжақты 

ынтымақтастық мәселелерін талқылады.



2012 жылдың 13–23 сәуірі аралығында Канаданың мемлекеттік қызметті жетілдіру және 

мемлекеттік  органдар  қызметінің  тиімділігін  бағалауды  жүргізу  саласындағы  тәжірибесін 

зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері (Президент 

Әкімшілігі,  Премьер-Министр  Кеңсесі,  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі  Төрағасы,  қаржы, 

экономикалық  даму  және  сауда,  әділет,  сыртқы  істер  министрліктері)  Оттава  және  Торонто 

қалаларында іссапарға барып келді.

Іссапар  шеңберінде  қазақстандық  делегацияның  Қазынашылық  кеңес  хатшылығында, 

Халықаралық даму жөніндегі агенттігінде, Мемлекеттік қызмет комиссиясында, Бас аудитор 

кеңсесінде және т. б. кездесулері өтті.

Кездесулер  барысында  мемлекеттік  органдар  қызметінің  тиімділігін  бағалаудағы 

Канаданың  тәжірибесі  зерделенді,  қазақстандық  мемлекеттік  қызмет  моделі  ұсынылды, 

мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  бірқатар  өзекті  мәселелер, 

атап  айтқанда,  жоспарлау  және  бюджеттеу,  тәуекелдерді  басқару,  мемлекеттік  органдар 

қызметінің  тиімділігін  бағалау,  мемлекеттік  қызметті  өткеру  және  т.  б.  талқыланды. 

Кездесулер  нәтижесінде  Канаданың  Мемлекеттік  қызмет  комиссиясымен,  Карлтон 

университетімен,  Канаданың  Мемлекеттік  қызмет  мектебімен  мемлекеттік  қызмет 

саласында  ынтымақтастық  туралы  уағдаластыққа  қол  жеткізілді. 

Қазақстан делегациясы, сондай-ақ АҚШ-қа (Вашингтон қ.) барып, Қызметкерлерді басқару 

кеңсесі, Меритократия жүйесін қорғау жөніндегі комиссия және Федералдық атқару билігінің 

институтында  кездесу  өткізді,  онда  мемлекеттік  қызметті  өткеру  мәселелері  (іріктеу  және 

жоғарылату кезінде меритократия қағидатын сақтау, мемлекеттік қызметшілерді оқыту) және 

мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жөнінде уағдаластыққа 

қол жеткізілді.

2012 жылдың 27–29 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет 

істері агенттігінде БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен кездесу болып өтті. 

БҰҰДБ  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  тәжірибе  мен  білімді  тарату  жөніндегі  өңірлік 

хаб  құру  туралы  бастама  көтерді.  Қазіргі  уақытта  Агенттік  оны  құру  бойынша  жұмыстарды 

жүргізуде. Сараптамалық қолдау көрсету үшін Агенттікке БҰҰДБ-ның Братислава қаласындағы 

Еуропа  мен  ТМД  елдері  бойынша  Өңірлік  орталығынан  сарапшылар  тобы  келді.  Агенттікте 

Братиславадағы  БҰҰДБ  Өңірлік  орталығының  демократиялық  басқару  бағдарламасының 

басшысы  Альваро  Пинто,  Братиславадағы  БҰҰДБ  орталығының  сарапшылары  Асмара 

Ачкар және Франческо Чечимен кездесулер болып өтті. Кездесуге қатысушылар БҰҰДБ мен 

Агенттіктің мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өңірлік хаб құру жөніндегі ынтымақтастық 

мәселелерін талқылады. 

2012  жылдың  30  наурызында  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 

агенттігінің төрағасы А. Байменовтің АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және 

Өкілетті Елшісі Кеннет Фэйрфакспен кездесуі болып өтті. 

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық 

мәселелері талқыланды. 

2012  жылдың  30  наурызында  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 

агенттігінің төрағасы А. Байменовтің Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше 

және Өкілетті Елшісі Стефан Нелленмен кездесуі болып өтті. 

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық 

мәселелері талқыланды. 

2012  жылдың  29  наурызында  А.  Байменов  азаматтарды  кезектi  қабылдауын  өткiздi. 

Азаматтардың  барлық  өтініштері  (барлығы  13  адам  қабылданды)  мемлекеттік  қызметке 

қатысты  мәселелерді  қамтыды.  Азаматтардың  өтініштері  бойынша  А.  Байменов  Агенттіктің 

құрылымдық басқармаларына тиісті тапсырмалар берді.



2012  жылдың  15–16  наурыз  күндері  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.  Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа жеткізу мақсатында ҚР Мемлекеттік 

қызмет  істері  агенттігінің  төрағасы  А.  Байменов  Ақмола  облысында  болды.  А.  Байменов 

Целиноград  және  Қорғалжын  аудандарының  мемлекеттік  қызметшілерімен,  бюджеттік 

сала  қызметкерлерімен,  кәсіпкерлер,  қоғамдық  ұйымдар  өкілдері  және  БАҚ-пен  бірқатар 

кездесулер өткізді. Ауылдық білім ұйымдарына барған кезде А. Байменов мемлекет жастарға 

«Назарбаев  Университетінде»  халықаралық  стандарттарға  жауап  беретін  білім  алуға, 

«Болашақ»  бағдарламасының  стипендиясын  алуға  мүмкіндік  беріп  отырғанын  атап  өтіп, 

ауылдық  жастарды  мемлекеттің  дамуына  белсене  араласуға,  патриот  болуға,  ғылым  мен 

жаңа  технологиялар  саласында  алдыңғы  қатарлы  дағдыларды  меңгеру  үшін  шет  тілдерін 

оқып-үйренуге шақырды. Сапар барысында А. Байменовке мемлекеттік қызмет жүйесін одан 

әрі  дамытуға,  сондай-ақ  Елбасының  2012  жылғы  Жолдауы  аясында  мәдениет,  денсаулық 

сақтау,  ауыл  шаруашылығына  қатысты  сұрақтар  қойылды. 



2012  жылдың  6  наурызында  С.  Қ.  Ахметжанов  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 

қызмет  істері  агенттігінің  Қызылорда  облысы  бойынша  басқармасының  ұжымымен 

кездесіп,  басқару  жұмысымен  танысты.  Кездесу  барысында  Елбасының  Қазақстан  халқына 

арнаған  Жолдауының  және  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделінің 

Тұжырымдамасының  мақсаты  насихатталды.  Тәртіптік  кеңес  қызметін  жетілдіру  бойынша 

жұмыс  кеңесі  өткізілді.  Бұдан  кейін,  С.  Қ.  Ахметжанов  облыстық  Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығына  барып,  келушілермен  әңгімелесті.  Сонымен  қатар,  облыстық  ӨОО  ұжымымен 

кездесіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында 

өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараға облыстағы мемлекеттік органдардың 

басшылары және кадр қызметінің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес 

ұйымдар мен БАҚ өкілдері, «Жастардың кадрлық резерві» жобасының түлектері қатысты. 

ҚазаҚстан Республикасы МеМлекеттік ҚызМет істеРі агенттігінің жаңалыҚтаРы

новости агентства Республики казахстан по делаМ госудаРственноЙ службы 


ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

144


145

новости агентства Республики казахстан

по делаМ госудаРственноЙ службы

24  мая  2012  года  в  рамках  V  Астанинского  экономического  форума  в  Академии 

государственного управления при Президенте Республики Казахстан, при поддержке 

Агентства  Республики  Казахстан  по  делам  государственной  службы,  Фонда  им. 

Ф. Эберта, ПРООН и Проекта ЕС «Реформа и модернизация государственной службы 

Республики  Казахстан»  состоялось  заседание  Панельной  сессии  «Модернизация 

государственной службы в условиях меняющегося мира». 

В  работе  сессии  приняли  участие  депутаты  Мажилиса  и  Сената  Парламента,  ректоры 

зарубежных академий и школ государственного управления, эксперты ЕС, Всемирного банка 

и ПРООН, руководители и сотрудники территориальных управлений Агентства РК по делам 

государственной  службы  и  региональных  Центров  обучения  государственных  служащих, 

профессорско-преподавательский состав и слушатели Академии.

С  докладами  выступили  председатель  Агентства  Республики  Казахстан  по  делам 

государственной службы А. Байменов, глава представительства ЕС в Казахстане А. Бушез, 

председатель  Комитета  по  экономической  реформе  и  региональному  развитию  Мажилиса 

С.  Аимбетов,  руководитель  программы  демократического  управления  Центра  ПРООН  в 

Братиславе А. Пинто и другие. 

Более  300  представителей  из  19  стран,  обсудив  текущую  ситуацию,  пришли  к  единому 

мнению  о  том,  что  приоритеты  реформирования  государственной  службы  определяются 

глобальными и региональными изменениями. Участниками Панельной сессии была отмечена 

необходимость  регулярного  обмена  опытом  и  сотрудничества  в  области  реформирования 

государственной службы, а также поддержана идея создания в Астане регионального хаба по 

распространению знаний и опыта в сфере государственной службы и управления. Результатом 

данного  мероприятия  явилось  принятие  Резолюции  Панельной  сессии  «Модернизация 

государственной службы в условиях меняющегося мира». (Текст Резолюции см. на стр.)

23  мая  2012  года  в  рамках  Форума  ректоров  национальных  академий  и  школ 

государственного управления и государственной службы, проводимом в ходе V Астанинского 

экономического форума, А. Байменов встретился с заместителем директора Государственной 

кадровой  службы  Кыргызской  Республики  А.  А.  Болотбаевым  и  президентом-ректором 

Академии  управления  при  Президенте  Кыргызской  Республики  Ч.  Б.  Шамшиевым.  В  ходе 

встречи  обсуждались  вопросы  сотрудничества  в  сфере  государственной  службы.  Была 

достигнута  договоренность  о  заключении  Меморандумов  о  взаимопонимании  между 

Агентством  Республики  Казахстан  по  делам  государственной  службы  и  Государственной 

кадровой  службой  Кыргызской  Республики,  а  также  между  Академией  государственного 

управления при Президенте Республики Казахстан и Академией управления при Президенте 

Кыргызской Республики.

23  мая  2012  года  в  рамках  Форума  ректоров  национальных  академий  и  школ 

государственного  управления  и  государственной  службы  А.  Байменов  встретился  с 

заместителем  директора  Национальной  школы  государственного  управления  Республики 

Польша М. Халиниаком и вторым секретарем Посольства Польши в Республике Казахстан 

М. Хабросом.

В  ходе  встречи  стороны  обсудили  вопросы  двустороннего  и  многостороннего 

сотрудничества  в  сфере  государственной  службы.  Была  достигнута  договоренность  о 

заключении  меморандумов  о  взаимопонимании  между  Агентством  Республики  Казахстан 

по  делам  государственной  службы  и  Департаментом  государственной  службы  Канцелярии 

Премьер-министра Республики Польша.



22 мая 2012 года в рамках V Астанинского экономического форума состоялась встреча 

Председателя  Агентства  Республики  Казахстан  по  делам  государственной  службы 

А.  Байменова  с  главой  Департамента  международных  отношений  Национальной  школы 

администрирования (ENA) Франции М. Лефебвром. 

Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан осуществляет 

сотрудничество с ENA на основе Меморандума о взаимопонимании, заключенного в 2009 году.

Кроме  того,  ENA  является  членом  консорциума,  который  возглавляет  независимая 

французская  компания  DMI,  осуществляющая  проект  Европейского  Союза  «Реформа  и 

модернизация государственной службы Республики Казахстан». 

В  ходе  встречи  был  обсужден  вопрос  дальнейшего  углубления  сотрудничества  в  сфере 

обучения государственных служащих между ENA и Академией государственного управления 

при Президенте Республики Казахстан.



17 мая 2012 года в Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы 

под  председательством  Руководителя  аппарата  С.  Т.  Даулеталина  состоялось  заседание 

Консультативного  совета  проекта  Европейского  Союза  «Реформа  и  модернизация 

государственной службы Республики Казахстан».

Консультативный совет состоит из сотрудников делегации Европейского Союза, Агентства, 

Академии  государственного  управления  при  Президенте  Республики  Казахстан  и  АО 

«Национальный центр по управлению персоналом государственной службы» и обеспечивает 

координацию деятельности проекта в соответствии с потребностями бенефициаров проекта.

В ходе заседания был рассмотрен Вводный отчет к проекту, представленный экспертами 

проекта, а также высказаны соответствующие замечания.



8  мая  2012  года  состоялась  встреча  Председателя  Агентства  Республики  Казахстан  по 

делам  государственной  службы  А.  Байменова  с  Чрезвычайным  и  Полномочным  Послом 

Республики Корея в Республике Казахстан Пэк Чехуном

В ходе встречи были обсуждены вопросы двустороннего и многостороннего сотрудничества 

в сфере государственной службы.

8  мая  2012  года  в  Академии  государственного  управления  при  Президенте  Республики 

Казахстан  состоялась  встреча  Председателя  с  Чрезвычайным  и  Полномочным  Послом 

Швейцарской Конфедерации в Казахстане и Таджикистане Стефаном Нелленом и директором 

Департамента  корпоративных  ресурсов  Министерства  иностранных  дел  Швейцарии 

Х. Будлигер.

В  ходе  встречи  обсуждались  аспекты  управления  персоналом  в  системе  Министерства 

иностранных  дел  Швейцарии,  а  также  состоялся  обмен  мнениями  по  вопросам  отбора, 

продвижения и обучения кадров на дипломатическую службу.

Открывая встречу, А. Байменов отметил важность изучения опыта Швейцарии по данным 

направлениям.

Во встрече также приняли участие представители Министерства иностранных дел Республики 

Казахстан,  Агентства  по  делам  государственной  службы  и  Академии  государственного 

управления при Президенте Республики Казахстан

4  мая  2012  года  состоялась  встреча  А.  Байменова  с  Чрезвычайным  и  Полномочным 

Послом Швейцарской Конфедерации в Казахстане и Таджикистане С. Нелленом.

В  ходе  встречи  обсуждались  вопросы  двустороннего  сотрудничества  в  сфере 

государственной службы.

Кроме того, достигнута договоренность о проведении лекции в Академии государственного 

управления  при  Президенте  Республики  Казахстан  директором  Федерального  управления 

финансами Министерства финансов Швейцарии Ф. Цурбургом.

3  мая  2012  года  состоялась  встреча  А.  Байменова  с  Чрезвычайным  и  Полномочным 

Послом Азербайджанской Республики в Республике Казахстан З. Гашимовым. 

В ходе встречи обсуждались вопросы двустороннего и многостороннего сотрудничества в 

сфере государственной службы.



25  апреля  2012  года  в  рамках  дня  открытых  дверей  состоялся  прием  граждан 

Управлением Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по г. Астане. 

В  мероприятии  приняли  участие  заместитель  начальника  Управления  М.  К.  Жиенбаева, 

заведующий Секретариатом дисциплинарного совета Б. Ж. Жаубасов, председатель комиссии 

Партконтроля АГФ НДП «Нур Отан» Д. Р. Рахматуллин и заведующая общественной приемной 

АГФ  НДП  «Нур  Отан»  М.  К.  Елеукулова.  В  ходе  этого  мероприятия  проведены  встречи  с 

гражданами,  руководителями  юридических  лиц.  Основные  вопросы  касались  жалоб  на 

действия сотрудников государственных органов по факту нарушения норм законодательства 

Республики  Казахстан.  В  настоящее  время  Секретариатом  Дисциплинарного  Совета  по 

каждому обращению проводятся проверочные мероприятия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет