МеМлекеттік басҚаРу жӘнe МeМлeкeттік ҚызМeт халықаралық ғылыми-сараптама журналы халықаралық тoқсан сайын шығатын журнал


конституционная защита пРав и свобод личности



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата15.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#9591
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

конституционная защита пРав и свобод личности

а. Ш. Маликова

Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау 

себептері және оларды жасауға әсер ететін 

әлеуметтік факторлар



ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

106


107

Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға  қатысты сот билігін 

жүзеге  асыруының  минималды  стандартты  ережелерінде  (Пекин  ережелері),  кәмелетке 

толмағандардың  басты  сот  талқылауына  сотталушы  ретінде  қатысуының  өзі  оларға  зиян 

келтіретінін  ескеріп  ерекше  назар  аударады.  Осыған  сәйкес  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  23  тамыз  2007  жылғы  «Мамандандырылған  ауданаралық  кәмелетке 

толмағандардың істері бойынша сот құру туралы» жарлығы қабылданды. Осы Жарлыққа сәйкес 

Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке 

толмағандардың  мүддесін  қозғайтын  қылмыстық  істерді,  әкімшілік  істерді  және  азаматтық 

істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша 

сот  құрылды  [2].  Сонымен  қатар,  2012  жылдың  бірінші  шілдесінен  бастап  республиканың 

облыстарында мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша 

сот  жұмыс  атқара  бастады.  Яғни,  Қазақстанда  кәмелетке  толмағандардың  істері  бойынша 

мамандандырылған соттарды құру – соттық-құқықтық реформаның балалардың құқықтарын, 

бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде маңызды болып табылады. 

Осыған орай, кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарау кезінде сот қызметінде әлі де 

кемшіліктердің болуы, біркелкі қателіктердің жиі қайталануы, сонымен бірге мемлекеттегі ауыр 

криминогендік жағдай және 18 толмаған тұлғалардың қылмыс жасауының едәуір көрсеткіші – 

ғылыми мақаланың өзектілігін және маңыздылығын көрсетеді.

Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  бойынша  сот  әділдігінің  сапасын  көтеру  өзінің 

күрделілігі  және  көлемділігіне  қарай  кешенді  ғылыми  зерттеуді  талап  етеді.  Кәмелетке 

толмағандарға қатысты істерді қарап отырып, сот қазіргі кездегі кәмелетке толмағандардың 

жастық  және  өнегелік-психологиялық  ерекшеліктерін,  сонымен  бірге  олар  жасайтын 

қылмыстардың  қоғамға  қауіптілігінің  сипатының  өзгеруін,  құқыққа  қайшы  әрекеттерінің 

себептерін, қалыптасу жағдайларын және дамуын ескеруі қажет. Сонымен бірге осы санаттағы 

қылмыстарды қарау кезінде кәмелетке толмағандарға ересек қылмыскерлердің теріс әсерін 

және жанұя ішіндегі негативті тенденцияны ескеруі қажет. Осы айтылғандардың барлығына 

кәмелетке толмағандардың істері бойынша басты сот талқылауын жүргізу кезінде жете назар 

аудару керек. 

Біздің  қоғамымыздың  әрі  қарай  дамуында  жастарды  тәрбиелеу  және  жаңа  адамның 

қалыптасуы мәселелері өте маңызды орын алады.

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың 

негізгі себептері кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне немқұрайлы қарау болып табылады.

Барлығымызға белгілі, қылмыс, әсіресе кәмелетке толмағандардың қылмыстығы, өте күрделі 

әлеуметтік құбылыс. Бұл қоғамдық өмірдегі салалардың әр түрлі деңгейіндегі себептер және 

жағдайлармен байланысты – жалпы әлеуметтік себеп және шарттардан нақтылы жағдайларға 

дейін қозғайды [3, 14 б.].

Қылмыстың  алдын  алуды  нақтылы  бір  жүйе  ретінде  сипаттауға  болады:  қоғамдағы 

криминогендік  процестердің  қалыптасуы  және  қызмет  жасауы;  бұл  процестердің  және 

тұлғаның  қалыптасуының  бірбірімен  байланысы;  тұлға  және  қылмысты  жасау  жағдайының 

өзара байланысы.

Қазіргі  кезде  кәмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыстылықпен  күресудің  өзектілігі, 

оның деңгейі біздің мемлекетіміздегі қылмыстылықтың көрінісі мен жағдайын анықтайды.

Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мемлекетіміздің  барлық  құралдарын  –  заң  шығарушылық, 

құқық қорғау, ғылыми потенциал, қоғам және т.б. кеңінен пайдалануымыз керек. Қазіргі кездегі 

мемлекетіміздің  құқықтық  жүйесінің  шешуге  бағытталған  көптеген  міндеттерінің  ішінде,  ең 

маңызды мәселелердің бірі кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын-алу болып 

табылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу 

және осыған байланысты ювеналды соттар құру қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуы кезеңінде 

ерекше  маңызға  ие.  Бұл  мәселенің  өзектілігі  –  жастардың  белгілі  бір  әлеуметтік  деңгейде 

қалыптаспағағанынан көрінеді. Себебі кәмелетке толмағандар қазіргі кездегі қоғамдық өмірдің 

шарттарына не әлеуметтік, не психологиялық тұрғыдан дайын емес.

Осы  тұрғыдан  алғанда  сот,  құқық  қорғау  органдары  жүйесіндегі  орталық  және  шешуші 

орынды  ала  отырып,  қылмыстылықтың  алдын  алуға  шаралар  жасайтын,  сонымен 

бірге  әлеуметтік  әділ  жаза  тағайындай  алатын  бірден  бір  мемлекеттік  орган.  Кәмелетке 

толмағандардың  қылмыстылығының  алдын  алу  сот  қызметінің  әдістеріне,  қолданылатын 

сақтандыру құралдарына байланысты көп қырлы болып келеді

Сондықтан  соттардың  негізгі  міндеттерінің  бірі  ретінде  кәмелетке  толмағандардың 

арасындағы қылмыстылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмысын жүзеге асыру болып 

табылады.

Осындай басты міндеттерді шешу үшін соттардың алдында келесідей талаптарды қажет 

етеді: а) талдау жұмысының деңгейін көтеру, мемлекеттегі қылмыстылықтың жағдайын және 

сот тәжірибесін терең зерттеу; ә) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының себептері 

мен  жағдайларын  жан-жақты  зерттеу;  б)  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  бойынша 

істерді  қарау  сапасын  және  шапшаңдығын  көтеру;  в)  қылмыстық  құқықтық  және  іс  жүргізу 

заңдарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету. 

Осылайша сот қызметінің деңгейі олардың кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен 

күрестің және олардың қылмыстылығын алдын алуымен байланысты болады деп толықтай 

айтуға болады. Бұл жерде кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың қылмыс жасағандардың 

арасында көп болуында ғана емес, жүргізілген зерттеулерге қарағанда қауіпті қылмыскерлердің 

60–70 % ең алғаш рет өз қылмыстарын 18 жасқа толған уақытқа дейін жасайды. Яғни, кәмелетке 

толмағандардың арасындағы қылмыстың қысқаруы, қауіпті қылмыстардың тамырына балта 

шабады.

Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  бойынша  сот  қызметінің  профилактикалық 



қызметінің  белсендігі  және  тиімділігін  арттыру  туралы  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 нормативтік қаулысында көрсетіліп, нақтыланған. Сот 

тәжірибесін саралау соңғы уақытта сот органдары кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау 

себептері мен жағдайларын зерттеуге, сот талқылауының тәрбиелік және алдын алу қызметіне 

үлкен көңіл бөлінетінін айтып кетуге болады. Бірақ сонымен бірге сот қызметінде әлі де болса 

кемшіліктер кездесіп отырады, нәтижесінде жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасының 

Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларында көрсетілген.

Олардың  қатарына,  айта  кететін  болсақ,  соттардың  көптеген  қылмыстық  істерді  қарау 

кезінде  қылмыстың  жасалуына  негіз  болған  себептер  және  жағдайлар  жеткілікті  деңгейде 

зерттеле  бермейтіндігін  жатқызуға  болады.  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстарын  жан-

жақты,  объективті  және  толық  қарауға  байланысты  сот  органдарының  жұмысында  күрделі 

кемшіліктер  бар.  Сонымен  қатар,  сотталушының  тұлғасын  терең  зерттемеу  оның  әрі  қарай 

түзелуіне кері әсер тигізеді.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса 

да  алаңдатпай  қоймайды.  Құқықтық  мемлекетке  қадам  басқан  шақта  қоғамға  сай  саналы 

адам қалыптастыру-мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске 

асырудағы басты мақсат кәмелетке толмағандарды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден 

айқын көрінеді.

Сотпен  қылмыстың  жасалу  себептері  мен  жағдайларын  анықтау,  жасалған  қылмысқа 

дұрыс заңи баға беруге көмектеседі, қылмыстың және тұлғаның қоғамдық қауіптілік дәрежесін 

анықтап, сот сәйкесінше жаза тағайындай алады. 

Көптеген  авторлар  кәмелетке  толмағандармен  қылмыс  жасауына  әсер  ететін  себептерді 

келесідей мән-жайлармен түсіндіреді:

 - Кәмелетке толмағанның жеке басының қалыптасуына жағымсыз әсер ететін мән жайлар;

 - Қылмыстың жасалуына тікелей әсер ететін мән-жайлар;

 - Қылмыстық нәтижеге жетуге көмектесетін мән-жайлар.

Мәселен, 1920–1940 жылдар зертеушілеріне (П. П. Блонский, В. И. Куфаев, П. И. Люблинский) 

жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар заң жағынан ғана емес, сонымен 

қатар психологиялық – педагогикалық жағынан да зерттеуді қажет ететін басты объект екенін 

алғаш рет атап көрсетті. Бұл авторлардың пікірінше, кәмелетке толмағандардың қылмысына, 

одан әрі қылмысқа қадам басуына басты себеп-әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер 

етуі болып табылады.

Белгілі педагог В. А. Сухомлинский кезінде баланы тәрбиелеудің екі қайнар көзі бар екенін 

атап көрсеткен болатын. Біріншісі – оқушыға, тәрбиеленушіге саналы түрде әсер ету, екіншісі – 

баланы  қоршаған  «күрделі»  орта  деп  атаған  [4,  241  б.].  В.  А.  Сухомлинский  көзқарасымен 

қарайтын  болсақ,  біріншіден,  тәрбие  жан-жақты,  нәтижелі  болу  керек,  екіншіден,  баланы 

«қоршаған  ортасы»,  өмірдің  көлеңкелі  жақтарының  әсер  етуі  –  белгілі  мөлшерде  стихиялы 

сипат  алады.  Ересек  қылмыскерлерге  қарағанда  жас  құқық  бұзушылар  өзін  қоршаған 

әлеуметтік  ортасымен  тығыз  байланысты,  бұл  жөнінде  белгілі  ғалымдар  (А.  И.  Долгова,                                              

конституционная защита пРав и свобод личности

а. Ш. Маликова

Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау 

себептері және оларды жасауға әсер ететін 

әлеуметтік факторлар



ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

108


109

В. Д. Ермакова, Н.В. Беляев) әлеуметтік ортамен кәмелетке толмағанның арасындағы тығыз 

байланысты көрсеткен. Олардың пікірінше, әлеуметтік орта ретінде жанұяның рөлі зор және 

баланың өсуіне, қоғамға тигізер пайдасына көп көмегін тигізеді. Жалпы жанұя, бала жөнінде 

сөз болғанда үш тәсілді айрықша көрсету артық болмайды, олар:

 - әлеуметтік – материалдық жағдай;

 - жанұя бірлігі;

 - ата-ананың тәрбиеге көзқарасы (автор).

Соңғы екеуі баланың жанұямен бірігіп, оның рухани тұрғыдан дамуына көп әсерін тигізеді.

Шынында да отбасындағы келеңсіз қылықтар, ұрыс-керіс, дау-жанжал, айқай-шу – бәрі-бәрі 

баланың тәртібіне, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп, нәтижесін береді.

Ішімдікке әуестену, есірткі шегу, төбелеске әуестену, қатігездік пен мейірімсіздік өсе келе 

оның әдетіне айналмасына кепілдік беруге болмайды. Осыдан екі жүз мың жыл бұрын белгілі 

тарихшы  Плутарх  «маскүнемдер  өмірге  маскүнемдерді  әкеледі»  деп  жазған  еді.  Көптеген 

зерттеулер көрсеткендей, жанұяда ішімдіктің жалғасын тапқанын көруге болады. Яғни, жанұяда 

атасы мен әкесі ішкен болса, 40-50 % жағдай олардың балалары ішімдікті кәмелетке толмай 

тартқанын көрсетіп отыр.

Бала ағзасының күйреуіне әкеп тірейтін нәрсенің бірі ішімдік болса, бұл өткен ғасырдың 

аяғындағы  көрнекті  дәрігерлердің  тәжірибесімен  дәлелденген  организм  қаншалықты  жас 

болса, оның әсері де соғұрлым жоғары болады. Әсіресе, ішімдіктің 12–13 жасар аралығында 

кәмелетке  толмаған  ағзасына  кері  әсері  зор.  12–13-тегі  кәмелетке  толмағанның  арақтың 

әсерінен  есте  сақтау  қабілеті  төмендейді,  бойында  немқұрайлық  пайда  болады,  оқулықты 

нашар меңгереді. 

Сонымен бірге ішімдік кәмелетке толмағанның сана-сезімінің жетілуіне, қалыптасуына зор 

зиянын тигізеді. Бұл оның айналасында болып жатқан оқиғаларға өз тұрғысынан баға беруін 

төмендетіп,  мектептегі  сабаққа  бармауын  қалыптастырады,  бос  жүріске,  кездейсоқ  ортаға 

әуестендіреді.

Мұндай жат қылықтар баланың құқық бұзуына бірден-бір себепкер бола алады.

Кәмелетке  толмағандар  құқық  бұзушылығы  жалпы  қылмыстың  шытырман  жақтарының 

бір ғана тұрақты жағын сипаттайтын құбылыс. Бұл тұрақтылық кәмелетке толмағандар құқық 

бұзушылығы  мен  жасы  толмағандар  қылмысының  сан-алуандылығынан  көрініп,  оның  күн 

сайын өсіп бара жатқандығын куәгер еткендіктен, оны болдырмау, алдын алу шараларымен 

қоса, ағаттық істеген баланың жеке басының ерекшеліктерін, қылмыстылық себептерін білуге 

жол ашады.

Жастық шақ баланың сана-сезімінің жан-жақты толысып, дүниеге көзқарасын өзгертіп, үлкен 

өмірге  дайындығының  аяқталатын  кезеңі.  Жастық  шақ  өтпелі  кезеңмен  тығыз  байланысты. 

Кәмелетке  толмағанның  жастық  шаққа  өтер  кезеңі  (11–15  жас)  оның  өміріне  көп  өзгерістер 

әкелетіні  анық.  12–13  жастағы  балалар  организмі  толық  қалыптаспағандықтан,  бұл  оның 

сыртқы бет-әлбетіне де көп өзгерістер енгізеді. Сондықтан, жастық шақ өтпелі кезең аталып, 

кейде  ата-аналар  мен  педагогтар  үшін  «қиын»  баланың  қалыптасуының  әсер  етсе,  кейде 

«қиын» жас деген атауды иеленеді. Кәмелетке толмағандардың алып-ұшпа саналатын өтпелі 

кезеңде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан-жақты зерттеген ғалым П. М. Якобсон, бұл 

жаста олардың қылмыс жасауға тез еріп кететінін ашып береді [5].

Өтпелі  кезеңде  кәмелетке  толмағандардың  еліктегіш  келетіні,  жақсыға  ұмтылу,  ұқсағысы 

келетіні, көргенін қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге 

толы  болуы  бала  өміріне  қауіп  төндірері  де  сондықтан.  Кәмелетке  толмағанның  еліктеуінің 

салдарынан  қылмыс  жасауы,  қызығыушылығының  әсерінен  «қылмыс»  істеуі  көбінесе  осы 

шақта жүзеге асса керек.

Жалпы жастық шақтың ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады:

1. талап – тілек;

2. қызығушылық;

3. өмірлік жоспар мен көзқарастар;

4. жалпы сипаттама.

Ересектерге  қарағанда  кәмелетке  толмаған  қылмыскерлердің  ерекшелігі  ертеңгі  күні  не 

боларын ойламаушылық, мән бермеушілік. Кез келген қылмысқа барар алдында белгілі бір 

мақсат қоймайды, сондықтан, олардың қолымен жүзеге асқан жай әрекеттер көбінесе, бірден 

тұтанып, бірден іске асады.

Жалпы құқық бұзушы кәмелетке толмағанға болашаққа деген белгісіздік тән. Осы орайда 

Н. В. Пяяс пен И. А. Солодкиннің зерттеулері олар жасаған қылмыс мүліктік болып келетінін 

айта келіп, қылмысқа себеп болған ниетті анықтаған:

 - бас пайдасын ойлау – 90 %; 

 - достарына ергендер – 2 %; 

 - қызық өмірге ұмтылушылық – 0,9 %; 

 - басқа ниеттер – 3,8 % [6, 45 б.].

Сонымен,  біздің  ойымызша,  қылмыскер  балаларға  аяусыздық,  көрсеқызарлық,  көре 

алмаушылық,  менменшілдік,  өтірік  айтушылдық  тән  болса,  ата-ана  тарапынан  олардың 

қадамына бақылаудың болмауы.

Кәмелетке  толмағандар  ішінде  топтасын  қылмыс  жасау  үлкен  орын  алады.  Топтасқан 

қылмысты болдырмау, алдын алу шараларын іске асырудың басты міндеті.

Дао  Чи  Ук  зерттеулері  бойынша,  бұзақылық,  күш  жұмсау,  ішкі  істер  қызметкерлеріне 

қарсылық  көрсету,  алдап  меншіктегі  затты  өзі  иелену,  есірткі  алып  сату  осындай  топтасқан 

топтармен жүзеге асады. Яғни мұндай қылмыстың 80 %-і балалардың топтасқан топтарымен 

жасалады.

Кәмелетке  толмағандар  қылмысы  ересектер  қылмысынан  ерекшеленеді,  ол  екеуінің 

арасындағы  айырмашылық-кәмелетке  толмағандар  қылмысты  жалғыз  өзі  сирек  жасайды. 

Бұдан олардың өзіне деген сенімсіздігін байқай отырып, сенімсіздіктің ең алдымен ойлаған 

ойын  іске  асырмай  күйреуіне  әкелсе,  екінші  жағынан  бала  бойында  қорқыныш  тудырады. 

Үрейдің билеуі оның жат әрекетке жалғыз баруына тежеу болып топтасқан топқа кіруіне негіз 

болады.  Күнделікті  сандаған  топтасқан  қылмыс  жүзеге  асатын  болса,  А.  Ф.  Парнищевтің 

зерттеуі бойынша, бұндай топтасқан құқық бұзушылық жалпы қылмыстың 55 %-ін құрайды [7, 

64–71 б.].

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық 

тұрғыдан  талдау  үлкен  орын  алады.  Яғни  жас  «қылмыскерлердің  құқық  бұзушылығына» 

себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыдан қарап, ғылыми тұрғыдан баға беру, шешілмеген 

мәселелерін шешу-ғалымдардың басты міндеті.

Жалпы  баланың қалыптасу  кезеңінде  оған  әртүрлі  жағдайлар  мен  факторлар  әсер  етсе, 

ол ең алдымен оның көзқарасына, қызығушылығына, икемділігін өз нәтижесін беріп, қатынас, 

сезім, көңіл күйді қалыптастырады. Осылардың деңгейінде бала бойында белгілі бір сипаттық 

белгілер мен жеке басының жақсы, жаман жақтары дамиды.

Баланың адам болып қалыптасуы ең алдымен жанұяға байланысты. Жанұя бала өмірінің 

жағдайын  тудыратын,  реттейтін  орта  болғандықтан,  ол  әртүрлі  таңданыс  пен  өкініштердің 

қайнар көзі ретінде жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттап, басқаратын күш, 

өмірдегі тірек және де алғаш тәрбиелік орта болып табылады.

Көптеген  өмірде  болып  жататын  жағдайлар  қылмыс  жасаған  балалар  мен  олардың  ата-

анасын бақылағанда, жанұя жағдайының жалпы келеңсіз жақтары, жанұя тәрбиесінің бұзылуы 

баланың  жанына  қатты  әсер  еткенін,  оның  тәртіп  жағынан  құлдырап,  құқық  бұзуға  дейін 

әкелгенін дәлелдеп береді.

Кәмелетке толмағанның өсуіне, тәртібіне, мінезінің қалыптасуына жоғарыда айтып өткендей, 

жанұя тәрбиесі зор. Осыған орай, А. М. Решетина «Баланы адам етіп қалыптастыру бастамасы 

ең кішкентай әлеуметтік орта – жанұяда жүзеге асады» деген болатын [8, 13–15 б.].

Жанұя  тәрбиесінің  жеткіліксіздігі  кейбір  жеке  ата-ананың  кінәсінен  емес,  қайта  жанұя 

жағдайының әр түрлі сәттерінің әсер етуінің жиынтығына байланысты: 

 - жанұя саны;

 - материалдық-әлеуметтік жағдай; 

 - мәдени-әлеуметтік; 

 - жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынас.

Жанұя тәрбиесінің бала өміріне өзіндік өрнекті із салуы, оның мінез-құлқына, жалпы тәртібіне 

өзгеріс  әкелуі  –  жанұяның  толық  болмауы.  Педагогикалық  тәжірибелер  мен  бақылаулар 

көрсеткендей, баланың тәрбиесі мен қалыпты дамуы үшін толық жанұя қажет, яғни баланың 

әкесі мен шешесіне мейірімділікпен, сыйлампаздықпен қарауы үшін толық жанұя ауадай қажет.

Қылмысқа,  ішімдікке,  темекі  тартуға  ерте  жастан  әуестенген  кәмелетке  толмағандардың 

көпшілігі осындай жарты жанұялардан шыққан екен. Көптеген толық емес жанұяда тәрбиелеу 

тек қалған ананың немесе әкенің үлесіне тиетіндіктен, тәрбиелеудегі барлық ауыртпалық соған 

ғана түседі. Соның нәтижесінде жанұяда педагогикалық талаптар мен тәрбиелік шаралардың 

құлдырауы пайда болып, кәмелетке толмағанға деген әлеуметтік бақылау төмендейді.

конституционная защита пРав и свобод личности

а. Ш. Маликова

Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау 

себептері және оларды жасауға әсер ететін 

әлеуметтік факторлар



ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

110


111

Бұл әсіресе көп уақытын жұмыста өткізетін, жалғыз анасы бар жанұя жағдайынан айқын 

сезіледі.  Анасы  жұмыста  болғандықтан,  ол  үнемі  өзімен-өзі  қалады.  Осылай  болса,  оған 

анасының  көңіл  бөлмеуі,  уақытының  аз  болуы  болса  да,  шаршауы  қатты  әсер  етіп,  қандай 

жұмыс болса да, ол бала өзіне уақытында көмек беретін адамды таба алмайтын дәрежеге 

жетеді. Осылайша, бірте-бірте ананың ықпалы жоғала бастаған кәмелетке толмаған бала тығыз 

байланыстан айырылып, оның жанұядан бөлінуі басталады. Осындай жайттарға байланысты 

А. С. Макаренко: «Қараусыз балалардың жағдайы жетім балаларға қарағанда, көп жағдайда 

күрделі де қауіпті» деген болатын [9, 341 б.].

Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстығына  елеулі  әсер  ететін  тағы  бір  жағдай  ата-

анасының  айырылысуы.  Ата-ананың  айырылысуы  оның  іштей  қатты  күйзелісіне,  сабаққа 

деген ықыласын жоғалтуына алып келеді. Жанұя құрамының өзгеруі, жанұяның ішіндегі ауыр 

қарым-қатынас, ара-тұра болып қалатын айқай-шу – оның бүкіл өмірін өзгертіп, нәтижесінде 

тез ашуланғыш болуын, тәртібінің нашарлауын, нерв жүйесінің өзгеруін, мінезінің ашуланғыш 

болуын қалыптастырады.

Жанұяда орнаған жағдай, ата-ананың айырылысуы осылайша, кәмелетке толмағандарды 

қатты күйзелтеді. Ата-ана некесінің дұрыс болмауы, олардың бір-біріне реніші, күнделікті ұрыс, 

төбелес – баланың дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Осыдан барып, олардың бойында 

өзін  қорғау  формасы  ретінде,  сөз  айтқан  адамға  тіке  жауап  беру,  өшпенділік  мінез  көрсету 

секілді әрекеттер пайда болады. Көптеген кәмелетке толмағандар үйде аз болуға, ата-анасы, 

туыстарымен  кездесуден  қашуға  бейімделіп,  жалғыз  күй  кешеді.  Бұндай  балалардың  елдің 

ықпалына тез көніп, қылмыс жолына тез түсетіні сондықтан. Жанұядағы келеңсіз жағдайлар, 

одан кейін мектепте де өзіне жақын адамдарымен қақтығысқа түсуіне алып келеді, бұл баланы 

одан әрі қажыта түседі. Аяғында бұндай балалардың сабағын тастап, жаман жолға түскен топ 

балалармен достасып, сол топқа кіруге мәжбүр болады, олардың 60 %-і осылайша қылмыс 

жолын таңдайды. 

Қорыта  келгенде,  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  бойынша  сот  ісін  жүргізудің 

үлкен маңызы бар. Судьяның қолында жасөспірімнің болашағын шешу құқығы берілген, себебі 

жасаөспірімнің  тұлғасы  қалыптасып  бітпеген  және  оны  қоршаған  әлеуметтік  ортаға  тәуелді 

болады. Ең маңызды міндет ретінде  кінәліні  әшкерелеп жауапқа тарту ғана емес, сонымен 

бірге  қылмысты  жасауға  алып  келген  себептерді  анықтап  оларды  жоюға  барынша  жұмыс 

жасау.


ӘдебиеттеР тізіМі

1  Всеобщая  Декларация  прав  человека.  Принята  Генеральной  Ассамблеей  Организации 

Объединенных Наций 10 декабря 1948 года // Права человека / Под ред. А. Я. Азарова, Т. В. Болотиной. – 

М.: Издательство ИПК и ПРНО МО, 1994. – С. 108–109.

2  Президент Республики Казахстан. Об образовании специализированных межрайонных судов 

по делам несовершеннолетних: указ № 385 от 23 августа 2007 год // Справочная правовая система 

«Юрист».

3  Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер 

жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот Практикасы туралы (ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. 

№ 4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) ҚР ЖС 11 сәуір 2002 жыл № 6 нормативтік 

қаулысы // Справочная правовая система «Юрист».Сухомлинский В. А. Подростки – воспитание // 

Избранные педагогические сочинения. – М., 1981. – Т. 3. – С. 241.

4  Якобсон П. М. Эмоциональная жизнь школьника. – М., 1966. – 219 с.

5  Пяяс Н. В. Солодкин И. И. Особенности имущественных преступлении несовершеннолет-

них // Вопрсы изучения и предупреждения правонарушении несовершеннолетних. – 1982. – № 8. –              

С. 45–46.

6  Парнищев А. Ф. О характере групповых преступлений, совершаемых несовершеннолет-

ними,  и  вопросы  уголовной  ответственности  соучастников  преступления  //  Преступление  и 

ответственность. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1979. – С. 64–71.

7  Решетина  А.М.  Некоторые  вопросы  методологического  анализа  социально-психологи-

ческих факторов преступности // Социально-экономические аспекты борьбы с преступностью: 

Труды Омской ВШМ. – Омск, 1975. – Вып. 20. – С. 13–15.

8  Макаренко А. С. Беспризорные дети // Педагогические сочинения: в 8 т. – М.: Педагогика, 

1983. – Т. 3. – С. 341.

 

Мақаланың редакцияға түскен күні 2012 жылдың 10 қыркүйегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет