Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің ерлігі (1941-1945жж)



бет23/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің ерлігі (1941-1945жж).

Жауабы: Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО көлемінде жалпы таралымы 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы майдан арсеналдарының бірі ретінде соғыс қажетіне қызмет етті, мұнда 356 млн. пұт нан дайындалған. Сонымен қатар Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Республиканың жеңіл өнеркəсібі Қызыл Əскердің жүздеген дивизияларын əскери киім-кешекпен, қару-жарақ қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде əскери экономиканың дамуы мен жағдайының мəселелері, Қазақстан Компартиясының ұйымдастыруының негізгі бағыттары, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы жүргізілген шаралар да кешенді қарастырылады. Жұмыстар деректік жəне мұрағаттық деректерге негізделді.
Берілген мақалада соғыс жылдарындағы Қазақ КСР халық шаруашылығының дамуының түрлі сұрақтарын қарастыру бойынша отандық ғалымдардың кейбір еңбектері қарастырылады. Соғыстан кейінгі екі онжылдық бойында өткен соғыстың қазақстандық тарихнамасында жауынгер-қазақстандықтардың майдандағы ерліктері мен қазақстандық əскери құрамалардың шайқас жолы, Коммунистік партия басшылығының қазақстандық тылды нығайту мен республикада əскери жағдайға бейімделген шаруашылықты жасаудағы жұмысын зерттеу жетекші орында болды.
Соғыс жылдарындағы республика халық шаруашылығының тарихы бойынша өнімді еңбекті Қаз КСР ҒА корреспондент мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ч.Чулановтың басшылығымен экономист-ғалымдар ұжымы жасады. Нəтижесінде «Очерки народного хозяйства КазССР» 1963 жылы жарық көрді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1946–1955 жж.) жинақталып жүйеленген, бірақ əлі де болса мардымсыз мұрағат құжаттары мен мерзімдік басылымдардағы материалдар базасына сүйене отырып, А.Байшин, Ж.Құрамбаев, Б.Ысқақов, А.Көкетаев, Т.Мырзабекова, Л.Файнның кандидаттық диссертациялары жазылып, қорғалды [2; 8]. Оларда жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбектерін, МТС пен совхоздардың саяси бөлімдерінің қызметін көрсетуге ұмтылыстар жасалды.
Соғыс жылдарындағы Қазақстанның колхозшы шаруаларының Жеңіске қосқан үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркəсіпті шикізатпен жабдықтау жөніндегі рөлі туралы мəселеге де ерекше назар аударды. Т.Б.Балақаев «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны» атты еңбегінде эвакуацияланған тұрғындардың ауылшаруашылық өндірісіндегі қосқан үлесі, малды эвакуациялау жəне орналастыру, республика колхоздарының азат етілген аудандарға көрсеткен көмегі кеңінен көрсетілген [3, 12]. Ауыл мен қала арасындағы байланыс түрлеріне, бақташылық мал шаруашылығы мəселелеріне, колхоз саудасына, сонымен қатар соғыс жылдарындағы колхозшылар арасындағы партиялық-саяси жұмыстардың формалары мен əдістеріне көп көңіл бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет