Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.
Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты – бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.
Екінші саты – негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.
Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларынаберілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады.
Жоғары сатыда (10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушының бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады.
Бұл сатыда оқушылардың қажеттіліктері, икемділіктері, танымдық қызығушылықтарына қарай оларға арналған түрлі курстар оқытылады.
Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, биология-химиялық, техника-технологиялық және басқа бағыттарды оқушылар өздерінің танымдық қызығушылықтары мен қабілетіне қарай таңдап алады. Ал білім беру ұйымы өзінің мүмкіндігіне және әлеуметтік мәдени орта ерекшеліктеріне қарай оқушылардың таңдауына түрлі бағыттарды ұсынады.
3 сатыға арналған базистік оқу жоспарына барлық бағыттар үшін білім мазмұнының міндетті минимумы енгізілген. Мектептің өзі анықтайтын пәндерді көбейтуі оларға іштей, сырттай, дистанциялық оқыту түрлерін қолдануға, ал оқушылардың жеке білімдік багдарлама бойынша білім алуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің негізгі оқу жоспары 1-4 сыныптарга арналған оқу жоспары (1998)
Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады.
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары – негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың қүрамдас бөлігі.
Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қогам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарында инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген.
Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардық барлығы оқытуға міндетті.
Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аймақтың әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарап жекелеген курстарды енгізуіне болады. Мектептік бөліктің пәндерін жергілікті жерлер анықтайды.
«0314002 – Бастауыш сыныптарды оқыту мамандығы бойынша орта кәсіптік білімнің типтік оқу жоспарына түсіндірме»
Типтік оқу жоспары түлектерді дайындау деңгейіне және мамандық бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және орта кәсіптік білімнің оқу орындарымен оқу жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Жалпы білім бойынша мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға бірінші курста 1404 сағат берілген.
– Мемлекеттік тілде білім алып жатқан топтар орыс тілін, орыс тілінде білім алып жатқан топтар қазақ тілін меңгереді;
– «Дене шынықтыру» сабағы міндетті түрде қажет деп табылады, бірінші курста «Денетәрбиесі», «Валеология» (36 сағат) пәндері аптасына 4 сағат, екінші курстан бастап аптасына 2 сағат есебімен спорттық секцияларда жұмыс жүргізуге бөлінеді. «Дене шынықтыру» курсы соңында бюджеттен бөлінбеген уақытта емтихан тапсырылады;
– Алғашқы әскери даярлық сабағы бірінші курста 78 сағат көлемінде, екінші курста 34 сағат көлемінде меңгеріліп, ер балалар үшін осы пәнге бөлінген жалпы уақыт есебінде өтілетін, бес күндік далалық жұмыстарымен қорытындыланады. Оқу орындары жергілікті әкімшіліктермен және әскери-соғыс комиссариаттарымен бірлесе отырып, оның өткізілетін нақты мерзімін белгілейді. Ал қыздар бұл уақытта денсаулық сақтау бөлімдерінде 30 сағат көлемінде медициналық-санитарлық даярлық курстарынан тәжірибе жұмыстарын өткізеді. Алғашқы әскери дайындықты толық көлемде өткен тұлғалар сабақтан босатылады.
– бірінші курста тілдерді меңгеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 26 маусым 2001 жылғы №499 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы орта білім Мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Екінші курста кәсіптік бағыттағы тілдер меңгеріледі;
– жалпы білім беретін пәндер бойынша бақылау жұмысы, сынақ, емтихан түрінде мезгілді аттестаттау жүргізіледі;
– оқытудың бір жылдық қорытындысын, аттестаттауға үш міндетті емтихан кіреді:
1. Орыс тілінен;
2. Қазақ әдебиеті;
3. Математикадан (жазбаша);
4. Дайындық профиліне сай емтихан – химия (ауызша);
– жалпы орта білім аттестатын алғысы келген оқушылар оқу орнына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орнындағы Х-ХІ сынып түлектеріне қорытынды аттестаттау жағдайымен сәйкес аттестаттаудан өтеді;
– орта білім базасына қабылданған топ оқушылары білімін екінші курстан бастап жалғастырады;
– барлық пәндер бойынша бақылау жұмыстары және сынақтар, сол пәнге меңгеруге бөлінген уақыт көлемінде, емтихан -жиынтық емтиханға бөлінген мерзімде жүргізіледі;
– емтиханға кіргізілмеген пәндер бойынша және оқу тәжірибесінің барлық түрі бойынша дифференциалды сынақ қойылады;
– зертханалық-тәжірибелік жұмыстарда, семинарлық оқуларда, тіл бойынша оқу кезінде, дене шынықтыру кезінде және оқу тәжірибесі кезінде топты (8 адамнан аз емес) топшаларға бөлуге рұқсат етіледі;
– білім ұйымы анықтаған пәндер мазмұны (113 сағат көлемінде) жұмыс оқу жоспары және оқу бағдарламасымен айқындалады;
– кәсіптік тәжірибені (оқу және технологиялық) топтау арқылы немесе теориялық сабақтарда қалай болса оқу-тәрбие сондай етіп, оқу жылы бойынша сағат көлемін міндетті түрде сақтаумен бірге оны теориялық сабақтармен кезектесіп, бөліп-бөліп өткізуге болады. Оқу тәжірибесін оқу үрдісінің жалғасы деп есептеуге болады. Жергілікті жағдайға байланысты тәжірибенің барлық түрінің өткізу уақытын оқу жылының аясына сыйғызуға болады. Диплом алдындағы машықтану біріктірілген түрде өткізіледі.