Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы



бет52/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

14. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы.


Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
• білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау;
• оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру;
• оқыту принциптерін қолдану;
• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.
Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.
Сабақ жоспарында жазылатындар:
1. Күні.
2. Айы, жылы.
3. Сыныбы.
4. Тақырыбы.
5. Мақсаты.
6. Сабақ типі, құрылысы.
7. Оқыту әдіс-тәсілдері.
8. Көрнекі құралдар.
9. Өздік жұмыстар.
10. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.
11. Қойылатын сұрақтар.
12. Үй тапсырмасы.
Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет