Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина (1946-) Идеясы



бет63/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина (1946-) Идеясы: ғылыми менеджмент теориясы мен технологияларын енгізу; бастауыш сынып мүғалімдерін даярлауға жүйелі өзгеріс енгізу; АКТ-ы негізінде электронды әдістемелік жүйені енгізу.
Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина – «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Шалқыма Хайроллақызы – жаңашыл, шебер басшы, республика көлеміне танымал ғалым-әдіскер, қоғам қайраткері.
Қызмет еткен 48 жылдың ішінде Шалқыма Хайроллақызы Батыс өңірінің білім беру жүйесіне талмай сүбелі үлес қосып келеді. 4 монография, 50 публикация, 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандықтары бойынша жасақталған модульдік-құзыреттілікке бағытталған оқу бағдарламаларының, қолданбалы бакалавриаттың оқу бағдарламаларының авторы.
Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлері, мектеп директорлары, бастауыш мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері үшін бірнеше авторлық курстар жасақтап, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жоспарына сай Батыс аймақ және облыс көлемінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқиды.
Шалқыма Хайроллақызы математика, педагогика саласындағы озық тәжірибелері республика, облыс көлемінде таратылып жүр.

18. Асхат Әлімов – мектептерде интербелсенді әдістерді қолдану идеясы

Ж.Аймауытов айтқандай, сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер десек, бүгінгі білім беру жүйесінде «ртүрлі интерактивті әдістерді пайдалану тәжірибеге кеңінен енгізілуде.


Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:
– білім алушыға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;
– білім алушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;
– ізденушінің өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;
– іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
«Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты» дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан студенттердің арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді білім алушылардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу.
Студенттерден, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:
– өзiне деген сенiмге тәрбиелейді;
– шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
– танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);
– сыни ойлау дағдыларын дамытады;
– өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
– пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу» деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты білім алушылардың де екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек білім алушының дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.
Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында білім алушы iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Білім алушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады. Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы студенттердің төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:
– фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);
– құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
– бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
– анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);
– синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);
– бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Сонымен, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивті оқытудың мәнісі – сыныптағы барлық білім алушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр білім алушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
– тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
– тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
– педагогикалық қолдау көрсету.
Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда мына интерактивті әдістер қолданылады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «INSERT» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, «Ауадағы сұрақтар», «Ширлинг», «Ара ұясы», «Веер», «Футбол алаңы», «Ұшақ», «Балалар философиясы» т.б. әдістер.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып, таныстырулар жатады..
«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Білім алушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады:
– даулы мәселелерді талқылау;
– талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
– қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау.
Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері өте көп. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданған жөн.
Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын құнды әдістің бірі – кейс-стадий әдісі. Оқылып жатқан мәтін негізінде үзінде бере отырып, проблемалық сұрақ беріледі. Төрт мүшеден (баяндаушы, жол сілтеуші, қарсы сұрақ қоюшы, сарапшыдан) тұратын шағын топ берілген мәселені шешеді. Бұл әдістің негізгісі болып проблеманың шешімі анықталады, яғни проблемаларды шешу барысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың барысында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет