Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Григорий Максимович Кубраков



бет61/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Григорий Максимович Кубраков ұстаздық қызметі мен еңбектері
Г.М.Кубраков - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют санаториялық мектеп- интернатының директоры, КСРО халық мұғалім, Республикалық және Бүкіл одақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты.
Г.М.Кубраков ұзақ жылғы қызметінде ұлы педагог А.С.Макаренконың бай мұрасын бүгінгі мектеп жағдайында жүзеге асырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді сапалы биікке көтерудс тұлғаланып, бүкіл республикамызға танымал болған талапты да, талантты ұстаз.
Г.М.Кубраков республикалық теледидар арқылы ұйымдастырылған арнайы хабарға қатысып, озат тәжірибесі туралы телекөрермендермен пікір алмасып отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірибені жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше кітаптар болып жарық көрді. Мәселен: Г.М.Кубраков "Попути Макаренко" (-Алматы: Мектеп, 1982), По заветом Макаренко (- М., Просвещение, 1987).
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева (1945-2014) Идеясы: әдебиет – өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.
Қанипа Бітібаева – оқыту процесінде баланың рухани жан-дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін, қазіргі мектеп бағдарламалары жөніндегі ой-жалғастарын ортаға салып, республикалық және халықаралық басылымдарда да жариялап отырады.
Қ.Бтбаеваныц кітаптары:
1. Әдебиетті оқытудың, тиімді жолдары.
2. Әуезов шығармашылығын оқыту.
3. Сабақ түрлері мен үлгілері
4. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту.
5. Әдебиетті оқыту әдістемесі (оқулық).
6. Әдебиеттану.
7. Абайды таныту.
8. М.Әуезов – мектепте.
9. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.
10. Әдебиет оқулығы.
11. 7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі.
12. 5-9 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.
13. 10-11 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет