Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері



бет35/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :
• Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту
• Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психологиялық педагогикалық жағдай тудыру
• Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру
• Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру
• Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен отансүйгіш қасиетін қалыптастыру
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру
• Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :
• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
• Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру
• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру
• Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау
Ата- аналармен жұмыс
Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері:
• Журналды жүргізуге;
• Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай- күйін бақылап отырады;
• Сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
• Оқушылардың ақыл -ой қызметін ұйымдастыруда психологты шақырады;
• Оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
• Әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады;
• Оқушыладың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады;
• Ата- аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
• Қабілетті балалардың ой- өрісінің өсуіне жағдай жасау:
Сынып жетекшісі нені білуі тиіс:
• Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңын;
• Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
• Балалардың жас ерекшелігіне қатысты педагогиканы, психологияны, мектеп
тәртібін, әлеуметтік педагогиканы;
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
• Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
• Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс
Оқу жылының басындағы міндеті:
• Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
• Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
• Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
• Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру;
• Жылдық тәрбие жоспарын жасап, тәрбие орынбасарына тапсырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет