Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Оқу жылының аяғындағы міндеті



бет37/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Оқу жылының аяғындағы міндеті:
• Сынып белсенділерімен бірге оқу жылындағы сынып қорытындысын шығару;
• Сыныптағы оқу-тәрбие қорытындысын, талдау жасап, директордың тәрбие ісі орынбасарына есеп тапсырады;
• Мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады;
• Сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады;
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет