Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Ата-ана абыройы дегеніміз



бет41/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріптұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.


Отбасылық құндылықтар дегеніміз – бір-бірін сүйіп қосылған жандардың отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе ұстанымдар.
Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махаббатпен бөлісу. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.
Отбасы құндылықтары 3 топқа бөлінеді.
1. Дәстүрлі отбасы құндылықтары - дәстүрлі ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де осындай отбасы. Ата-әжелерінің немересіне берген ақыл-кеңестері. Отбасы тіршілігінде осы құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Осы жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
2. Қазіргі заманғы отбасылық құндылықтар. Қазіргі таңдағы көп отбасылар заманауи салт - дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасында әр түрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әр түрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
3. Тәрбиелі отбасы құндылықтары. Отбасын құрғандардың басты мақсаты - бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиындықтарды бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда олар өз қателерін түсініп, кешірім танытып, қайта бірге болады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, сыйластық, қолдау, отбасылық естеліктер жатады. Балалар өз бойынан ата-анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата-аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет