Жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезінде білім беру ұйымдарының құқықтары бар: – өздік пәндер және міндетті пәндердің жұмыс бағдарламаларына қосымша тақырыптар мен бөлімдерді енгізу және тәжірибелік дайындық көлемін арттыру арқылы мамандықтар бойынша теориялық және тәжірибелік дайындықты ұлғайтуға және тереңдетуге;
– осы стандартта көрсетілген, мазмұнның минимумын сақтау және білім алушының ең көп дегенде апталық жүктеме көлемін арттырмау арқылы пәндер циклдары үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін сағаттар көлемін 15 пайызға өзгертуге;
– білім алушылардың тілектерін ескере отырып факультативтік пәндер тізбесін өздігінен анықтауға;
– білім беру ұйымдарымен анықталатын пәндердің оқу сағаттарын өздігінше пайдалануға;
– негізгі жалпы білім беру негізінде қабылданған оқу топтары үшін жұмысшы оқу жоспарын даярлауда олардың қажеттіліктерін қамтамасыздандыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер мен жалпы ізгілендіру пәндері бір блокқа біріктірілген.
– арнайы курс, арнайы семинардың тақырыбын оқу орны мамандардың дайындығын ескере отырып белгілейді. Арнайы курс оқушылардың таңдауы бойынша белгіленеді;
– факультативтік пәндер мен мамандарды дайындаудың ерекшелігін ескере отырып, оқу дәрісханаларының, зертханалардың және шеберханалардың тізімін оқу орны өзгертіп енгізе алады;
– курстық жұмыстарға әр оқушыға кеңес беру есебінен 3 сағаттан бөлінеді;
– педагогикалық машықтануда топ 5-6 адамнан тұратын топшаларға бөлінеді;
– диплом алдындағы машық – 5 апта көлемінде өткізіледі. Оның 4 аптасы – негізгі мамандыққа, 1 аптасы – қосымша мамандыққа беріледі.
Кабинеттер. Ақпараттық-әдістемелік. Қоғамдық ғылым негіздері. Қазақ тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесі. Орыс тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесі. Шетел тілі, аударма. Психология. Педагогика. Жаратылыстану және оның әдістемесі. Музыка.