Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет52/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Бейнелеу өнері.
Өмір қауіпсіздігі мен алғашқы әскери дайындық.
Қазақстан тарихы.
Халық педагогикасы.
Еңбекке баулу және оның әдістемесі.
Қажетті зертханалар, шеберханалар тізімі.
Компьютерлік технологиясы.
Оқу шеберханасы.
Залдар.
Спорт залы.
Электронды оқу залы.
Хореография залы.
Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады.
Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.
Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.
Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.
Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Бағдарламаны оқушының меңгеруі – оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі.
Оқу пәнінің бағдарламасы әр түрлі ғалымдардың еңбектерінің жемісі. Нақты ғылым салаларының өкілдері білім, іскерлік, дағдылардың негізгілерін анықтайды, педагогтар мен психологтар оларды балалардың жас мүмкіндіктеріне қарай бөледі, әдіскерлер әдістемелік құралдар жазады.
Оқушыларды білім, іскерлік, дағдылармен қаруландырумен қатар, оқу бағдарламасының өте маңызды екі қызметі бар.
1. Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
2. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі.
Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар енгізілген.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді. Оған қойылатын талаптар:
– қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілуі;
– ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
– балаларға түсініктілігі;
баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
– оқулықтың өз ғылымының, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
– білімнің әр саласынан хабар беруі;
– оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
– оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек.
– қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
– әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
– эстетикалық талаптарға сай безендірілуі;
Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Д.Д.Зуев анықтады.
Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.
Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады.
Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.
Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.
Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
Дамыту, тәрбие беру қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді.
Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
Оқыту процесіндегі басты, маңызды бөлік – оқулықтармен жұмыс, ол түсіндірумен, зертханалық, тәжірибелік жұмыстармен қатар тұрады.
Озат мұғалімдер оқулықпен жұмысты сабақта да, үйде де ұйымдастырады. Оқушы оқулықпен өз бетімен жұмыс істеп, оқу қабілетін дамытады, есін жетілдіреді, баяндауға, талдауға, сынауға, толықтыруға, оқылған мәтінді қосымша әдебиеттер арқылы өзгертуге үйренеді.
Оқулық құрамына негізгі бөлік мәтін енеді. Мәтіннен тыс көмекші бөліктер (Д.Д.Зуев): мәтіндер көркем, ғылыми, ресми, әңгімелеу, сипаттау, талқылау мәтіндері болып бөлінеді.
Мәтіннен тыс бөліктерге оны меңгеруге көмектесетін ақпараттар (сұрақтар мен тапсырмалар, нұсқаулар, кесте, иллюстрациялық материалдарға берілген түсініктер, иллюстрациялық материалдар), бағыт беретіндер(кіріспе, ескерту, қосымша) жатады.
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген. Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет