Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Мектептану педагогиканың маңызды саласы. Мектептегі педагогикалық кеңес, әдістемелік жұмыс оны өткізу жолдары



бет57/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

16. Мектептану педагогиканың маңызды саласы. Мектептегі педагогикалық кеңес, әдістемелік жұмыс оны өткізу жолдары

Мектептану педагогиканың маңызды саласы


1. Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
• халыққа білім беру;
• лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
• оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
• оның формалары, әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі – тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
– басқару туралы заң;
– Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
– шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі. Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді.
Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педагогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары. Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс.
Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
Мектептегі педагогикалық кеңес
Мектептегі педагогикалық кеңес – білім беру ұйымының заңға сәйкес нормаланған қызметтерін жүзеге асыру мақсатында құрылған, педагогикалық ойды қалыптастыруға ықпал ететін диагностикалық орган.
Педагогикалық кеңес – оқу-тәрбие процесіне қатысты мәселелерді қарастыру бойынша педагогикалық консилиум.
Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысының міндеті мен мазмұны:
1. Педагогикалық кеңес – білім беру ұйымдарында оқу процесінің негізгі мәселелерімен тұрақты жұмыс істейтін басты орган.
2. Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысындағы ең басты мәселе – білім беру мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Білім беру ұйымындағы педагогтар ұжымының жұмыс істеуіне жағдай жасау.
3. Педагогикалық кеңесте мектептің жұмыс жоспарларына талдау жасалып, бекітіледі; білім беру ұйымы қызметкерлерінің деректерін, есептерін тыңдайды.
4. Мектептегі педагогикалық кеңес нәтижесі бойынша білім алушыларды емтиханға жіберу туралы шешім шығарады.
Педагогикалық кеңес жоспары
Педагогикалық кеңес дегеніміз білім беру ұйымындағы алқалы басқарма органы болып табылады.
Негізі педагогикалық кеңес жоспары ережеге сай әзірленуге тиіс. Педагогикалық кеңес білім беру ұйымындағы ұстаздардың кәсіптік қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауды жүзеге асырады. Педагогикалық кеңес жоспары мектеп басшысының басқару қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектептегі ұстаздар қызметін жетілдіруді және оның сапасын арттыру.
Педагогикалық кеңес жоспары мынадай міндеттерді көздейді:
– Ұстаздар даярлау жүйесінің әдістемелік және ғылыми-теоретикалық сапасын арттыру;
– Оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;
– Шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру.
Педагогикалық кеңес жоспарын іске асыру үшін педкеңес құрамы мен ұйымдастырушылық құрылымын айқындап алу керек. Білім беру ұйымының барлық ұстаздары педагогикалық кеңеске мүше болады. Ерекше жағдай туындаған кезде оқушылар басқармасының өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, басқа ұйымнан келген қызметкерлер, кәсіподақ мүшелері шақыртылады. Ал мектеп директоры мектептегі педагогикалық кеңес төрағасы болып тағайындалады. Сондай-ақ педагогикалық кеңес жоспары бойынша педагогикалық кеңестің хатшысы сайланып, бекітіледі.
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында жалпы мектептік міндеттерді іске асыру бойынша педагогикалық ұжым қызметін талдау бойынша педагогикалық кеңес жоспары.
1. Оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысын талдау және мектептің жұмыс жоспарын бекіту.
2. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс және сауықтыру жұмысының қорытындылары.
3. «Мектепке жол» акциясының іске асырылуы.
4. «Білім күнін» ұйымдастыру және өткізу.
5. Оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
– оқу жүктемесін бөлу;
– мектептің жұмыс тәртібі (жұмыс кестесі, еңбек тәртібі)
– оқу жылының ұзақтығы (каникул)
6. Педкеңесті қорытындылау. Педкеңес шешімі.
Әдістемелік жұмыс оны өткізу жолдары

Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы тұрғысынан талдап,оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектеп және мектеп аралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері,сынып жетекшілері,мектепке дейінгі мекеме мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет,керек болған жағдайда тағы да өткізіледі. Мектепте бір пән бойынша үш мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады. Ал мұғалім саны аз болса, пәнаралық, мектепаралық, бірлестіктер құрылады.


Аудандық әдістемелік бірлестіктер аудан мұғалімдері үшін жылына 2-3 рет мәжілістерін өткізеді.Ал құрамды мектептерде де әдістемелік бірлестіктер құрылады.
Шет тілі мұғалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді.
Әдістемелік жұмыс жоспарлау
Әдістемелік жұмыстың жоспары бір жылға жасалды.Оны директор бекітеді.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелері талқыланды. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері,ашық сабақтарды талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференция өткізіледі, оқушылардың жұмысын жеке дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырды, ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды.
Мектептің әдістемелік кеңесінен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге жеткен тәжірибелі мұғалімдер, шебер мұғалімдер,пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді.Әдісьемедік кеңес жұмысының қорытындысы-мектепшілік педагогикалық оқулар, конференциялар.Оқу жылының аяғында мектеп мәселесін шешуге үлес қосқан әдістемелік жинақтар педагогикалық ұжым назарына ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет