Сабақтың тақырыбы: Психологияның мазмұнын, міндеттерін, әдістерін, тұлғаның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктері



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі23,1 Kb.
#136081
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
f6204b2a89c5150


ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі


Оқу-сабағының жоспары
Модуль-пән атауы: Психология
Сабақтың тақырыбы: Психологияның мазмұнын, міндеттерін, әдістерін, тұлғаның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Сабақтың түрі: дәріс


Мақсаты:
Білімділік:
· Психология пәнінің маңыздылығын түсіндіру;
· Психология тарихына шолу жасау;
· Психология ғылымның даму сатылары мен зерттеу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық:
· Психология-психика ғылымының қалыптасуы және даму заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту;
· Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;
· Жеке тұлғаның жалпы қабілеттерін салыстыра білу, негізгісін ажырата білу және өмір жолын талдау, өз мақсатына жетуге ынталандыру.
Тәрбиелік:
· Өзін-өзі білу, бағалау, бақылау, тәрбиелеуге үйрету;
· Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;
· Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;
· Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.


Көрнекі құралдар: қағаз, суреттері
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Жаңа тақырыпты хабарлау, негізгі материал;

  3. Материалды бекіту.

  4. Үй тапсырмасы

  5. Қорытынды жасау.



Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру бөлімі. 


2. Негізгі материал.
Психология дегеніміз не? Ол нені зерттейді? Қандай зерттеу әдіс­терін қолданады? Толығырақ тоқталайық.
Ең алдымен “Психология” сөзінің этимологиясынан бастайық. “Пси­хология” термині грек тілінен аударғанда psyche (жан) және logos (сөз, білім, ғылым), “жан туралы білім” немесе “жан туралы ғы­лым” дегенді білдіреді.

Психология тарихында адамның ішкі дүние құбылыстары жан немесе жан құбылыстары ұғымын білдірді. Тарихшылар “Психология” ұғымының шығуы жайлы әртүрлі пікірлер айтты. Кейбіреулері “пси­хо­логия” сөзінің авторы Меланхтон пікірлесі Лютер Ф. деп са­на­са, енді біреулері – философ Гоклениус деп санайды. “Психо­ло­гия” сөзі ғы­­лыми әдебиетте XVIII ғасырда пайда болған. Философиялық тілге бұл терминді ең алғаш неміс философы Христиан Вольф өзінің 1732–1734 жылдары жарыққа шығарылған “Рациональная психология” жә­не “Эмпирическая психология” еңбек­терінде енгізген болатын


Психология – бұл адамның ішкі дүниесі ретіндегі психика және адамның мінез-құлқын анықтайтын психологиялық себептер туралы білімдер.


Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.


Психология ұғымының бірнеше мағыналары бар:
Біріншіден, пси­­хология деп психика және оны танудың айрықша әдістері, фак­ті­лері, заңдылықтары мен механизмдері туралы ғылымды айтады. 
Екін­ші­ден, “психология” сөзі адамға ғылыми-психологиялық ұсыныстар жа­сап, көмек көрсетумен нәтижеленетін жұмыстың практикалық тә­сіл­дерін белгілеуде қолданылады. Мәселен, өзіндік басқару психо­ло­гиясы, мінез-құлық психологиясы, қарым-қатынас және сөйлесу пси­хо­логиясы, кәсіби іріктеу психологиясы, т.с.с. Бұл ұғымдармен пси­хологияның “қолданбалы психология”, “практикалық психология”, “пси­хопрактика” салалары байланысты. 
Үшіншіден, психология деп пси­­хикалық құбылыстар туралы ғылыми білімдерді айтады. Пси­хи­ка­лық құбылыстар деп ішкі субъективті тәжірибе фактілерін санайды. Бұл фактілерге адам жан дүниесінің (психикалық) түрлі көріністерін, со­ның ішінде олардың объективті формаларын (мінез-құлық актілері, тән процестерін, ойлау әрекеті жемісін, әлеуметтік-мәдени құ­бы­лы­стар­ды т.б.) жатқызады Психологиялық білімдер түрлі ғылымдарда, адамзаттың түрлі қыз­мет салаларында қалыптасты.
Алғашқы психологиялық ойлар діни жә­не мифологиялық жүйеде қалыптасты.
Жан туралы білім жүйесі ежелгі Шығыс елдерінде (Қытайда, Үндіде, Египетте), Ежелгі Грецияда және Ежелгі Римде пайда болды. Ежелгі философтар “жан” ұғымымен тіршілікті, дене мүшелерінде бо­ла­тын физиологиялық құбылыстарды (жүрек қызметі, қан айна­лы­мы, тыныс алу т.б.) түсіндірді.
Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстар туралы түсініктер атақ­ты философтар Гераклит, Демокрит, Анаксагор, Гиппократ, Со­крат, Платон және Аристотель еңбектерінде берілді.
Жан туралы алғашқы философиялық түсінікті (шамамен б.з.б. 520–460 ж.ж.) Гераклит Эфесский айтқан. Антикалық философияға дү­ниеге космоцентрлік көзқараспен қарау тән. Гераклит Космосты мәңгі от бейнесінде, ал жанды (“психея”) оттың ұшқындары бей–не­сін­де түсіндірді. Антикалық көзқарастар Космос құрылғысы мен адам дүниесінің ұқсастығы туралы түсініктерге негізделді. Сондықтан да Гераклит “шағын дүние (микрокосм) жан барлық әлем дүниесі мак­ро­косм­ға ұқсас”, – деп тұжырымдады.
Келесі грек ойшылы Демокрит (б.з.б. 430–370) пікірінше, жан – шар тәрізді от атомдарынан тұратын материалды зат. Демокрит бар­лық жан құбылыстарын физикалық және механикалық себептермен тү­сіндіруге тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет