Источник: Информационная система "ПАРАГРАФ"
Документ: Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидалары
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидалары Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, бғлғмғ мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінңі Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі-бір этиканы сақтайды. Этика - дегеніміз тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі-бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдарың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль және адамгершілік туралы ілім этика (әдеп) болып табылады. Сондықтан этикет этика ілімінің негізінде қалыптасқан, яғни адамгершілік құндлықтарды сақтай отырып, адамдардыі бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау режелері қалыптасты. Белгілі-бір тәртіпсіз өмір сүру мүмкін емес, себеі егер қоғамда белгілі-бір этика сақталмайтын болса адамдардың арасында қатынас хаосқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы: үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарды тәртіпті сақтау, адамдардың қызығушылықтарын бағалатпау және т.б. Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әртүрлі. Этиканы сақтау қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметкер әртүрлі қоғам мүшелереінің өкілдерімен жұмыс ісиейиіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу - осылардың барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндлықтарына және жалпы қаблданған этика жүйелеріне жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілерідің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген. Бұл Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдар этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді. Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалараны бұзу фактілері бойынша жеке және заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Еліміздің ертеңі мен бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет», - деп Елбасы белгілеп берген ұран асында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз керек.
Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Жанзакова Л.Б.