Мемлекеттік кешенді емтихан Түсініктеме


Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата09.05.2022
өлшемі468,83 Kb.
#33214
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Мемлекеттік кешенді емтихан Т сініктеме

Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту  

теориясы мен технологиясы 

Т ү с і н і к т е м е 

 

Орта  мектептің  1-4  сыныптарында  бастауыш  сыныпта  дүниетануды  оқыту  теориясы  мен 



технологиясынан  болатын  мемлекеттік  квалификациялық  аттестация  студенттердің  бастауыш 

сыныпта  дүниетануды  оқыта  алатындығының  теориялық  және  практикалық  даярлығының 

деңгейін анықтайтын әдіс болып табылады. Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі 

мамандығы үшін мемлекеттік стандартты оқу жоспарына сәйкес дүниетануды оқыту әдістемесінен 

мемлекеттік квалификациялық аттестация күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде өткізіледі. 

Мемлекеттік  емтиханға  мектепте  практикалық  формада  өткізу  (мемлекеттік  сабақ 

формасында)  жөніндегі  универститеттің  ғылыми  кеңесінің  шешіміне  орай  күндізгі  бөлімнің 

студенттері дүнтетануды оқыту және педагогика пәндерінің бағдарламасы бойынша дүниетанудан 

мемлекеттік  сабақ  өткізеді.  Мектеп  практикасынан  қол  үзбей,  сырттай  оқитын  бөлімнің 

студенттері дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясынан емтихан тапсырады. 

Мемлекеттік сабақ формасындағы емтиханның тапсырмасы емтихан болатын күннен 5 күн 

бұрын  беріледі.  Студент  өзіне  берілген  класында,  календарлық  жоспарына  сәйкес  дүниетану 

сабағын даярлап,  мемлекеттік емтихан комиссиясы алдында практикалық сабақ жүргізеді. Сабақ 

толық,  жан-жақты  талданып  жасалған  жоспары  жоспары    комиссия  мүшелеріне  беріледі. 

Комиссия  мүшелері  жүргізілген  мемлекеттік  сабақтың  сапалық  көрсветкішін  төмендегідей  үш 

критерий негізінде анықтайды: 

1.Сабақтын мақсатын, дидактикалық оқу мақсаттары мен мазмұнын игеру деңгейі 

2.  Сабақты  әдістемелік  жабдықтау  деңгейі  (оқыту  әдістері,оқу  көрнекі  құралдары, 

оқушылардың оқу әрекетінің формалары)    

3.Студенттің педагогикалық шеберлігінің деңгейі. 

Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінен жалпы сұрақтары мемлекеттік 

емтихан  бағдарламасына  енгізілмейді,  себебі  бұл  сұрақтар  педагогикадан  болатын  мемлекеттік 

емтиханда қарастырылады. 

 «Дүниетану»  пәнін  оқыту  –  педагогикалық  ғылым.  Дүниетану  пәнінің  зерттеу  әдістері: 

тарихи, педагогикалық бақылау,  педагогикалық эксперимент, мектеп мұғалімдерінің тәжірбиесін 

зерттеу.  Дүниетануды  оқыту  әдістемесінің  мақсаты  мен  міндеттері  және  басқа  ғылымдармен 

байланысы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет