Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы


«Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата06.03.2017
өлшемі401,71 Kb.
#7766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

6. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары

      22. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелері» бөлімінің шоттары мемлекеттік мекемелерде қысқа 

мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.

      3 «Қысқа мерзімді міндеттемелері» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

      3000 - «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері»;

      3100 - «Салық және өзге төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;

      3200 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;

      3300 «Қысқа мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері»;

      3400 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері».

      24. 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері» кіші бөлімі мемлекеттік мекемелерде 

қысқа мерзімді ретінде жіктелетін қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.

      Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

      3010 - «Қысқа мерзімді алынған қарыздар» шоты алынған қысқа мерзімді қарыздарды есепке 

алуға арналған.

      3020 - «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» шоты, мұнда алдыңғы топтарда 

көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады.

      25. 3100 «Салық және өзге төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші 

бөлімі салық және өзге де төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға

арналған.

      Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

      3110 - «Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты, 

мұнда бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есепке алынады. Бұл шот 

мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      3111 - «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда 

республикалық бюджеттен бір жыл мерзімге дейінгі жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар 

үшін әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік көмектер бойынша, қызметкерлер мен қызметшілерге 

еңбекте алған жарақат, не болмаса заңнамаға сәйкес олардың еңбектегі мiндеттерiн орындауға 

байланысты өзге де денсаулығын зақымдаған залалдың орнын толтыру, қаза болған, қайтыс болған 

әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына төленетін біржолғы 

төлемдер бойынша, әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі 

істер органдарының шұғыл-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелері, Мемлекеттік өртке қарсы 

қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі 

органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау 

және коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды төлеу үшін берілетін ақшалай өтемақы бойынша, 

жеке тұлғаларға өзге де трансферттер бойынша ақша қаражаттары есепке алынады;

      3112 - «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты 

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, 

астананың бюджеттеріне бөлген нысаналы ағымдағы трансферттер және нысаналы даму трансферттері 

бойынша бір жыл мерзімге дейінгі қаражаттарының қозғалысы есепке алынады;

      3113 - «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда 



дамытуға нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есепке алынады;

      3114 - «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда бір

жылға дейінгі жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша есеп айырысулар есепке алынады;

      3115 - «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда 

бір жылға дейінгі заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша, оның ішінде бір жылға дейінгі шаруа 

қожалықтары және фермерлік шаруашылықтарға субсидиялар бойынша есеп айырысулар есепке алынады;

      3120 - «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты 

бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. 

Аталған шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды;

      3121 - «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда Қазақстан 

Республикасының салық 

 сәйкес бюджетке төленетін жеке табыс салығын есептеу және 

заңнамасына

төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;

      3122 - «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда ҚР-ның салық 

 сәйкес бюджетке төленетін әлеуметтік салықты есептеу және төлеумен байланысты 

заңнамасына

операциялар көрсетіледі;

      3123 - «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»,

онда Қазақстан Республикасының салық 

 сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем 

заңнамасына

есепке алынады.

      3124 - «Бюджетке өзге салықтар және басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек»

мұнда алдыңғы шоттар тобында көрсетілмеген төлеу мерзімі бір жылға 



дейінгі Қазақстан Республикасының салық туралы 

 сәйкес резидент емес заңды 

заңнамасына

тұлғалардың табысына салынатын корпоративті табыс салығы, мемлекеттік баж салығы мен өзге де 

бюджетке төленуге тиісті төлемдер есепке алынады.

      3130 - «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» активтерді 

сатудан алынатын кірістер бойынша, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан 

түскен сметадан тыс түсімдерді көрсететін кірістер бойынша, активтердің жетіспеушілігін өтеуден

түсетін түсімдер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің кірісіне жататын басқа да табыстар 

бойынша бюджет алдында қысқа мерзімді кредиторлық берешекті есепке алуға арналған. Бұл шот 

мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      3131 - «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек», онда кірісі мемлекеттік бюджетке қатысты болып табылатын, яғни 

мемлекеттік мекеменің ұзақ мерзімді активтерді сату бойынша қысқа мерзімді кредиторлық 

берешектер есепке алынады.

      3132 - «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) өткізуден түсетін кіріс бойынша 

бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда мемлекеттік бюджеттің кірісіне 

тауарларды сатудан, жұмыстар мен қызметтерді көрсетуден сметадан артық түсімдерді беру бойынша 

қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есепке алынады.

      3133 - «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 

онда активтердің жетіспеушілігін жабудан (возмешения) кірістер және алдыңғы шоттар топтарында 

көрсетілмеген өзге кірістерді түсім бойынша мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық берешегі есепке алынады.

      3140 - «Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

» шоты басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді 

есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      3141 - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша 

қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының 

міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 

 сәйкес әлеуметтік сақтандыру бойынша 

заңнамасына

аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

      3142 - «Жинақтау зейнетақы қорына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық 

берешек», мұнда Қазақстан Республикасының зейнетақы 

 сәйкес мемлекеттік мекемелер 

заңнамасына

жүргізетін жинақтау зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын есептеуге және төлеуге байланысты 

операциялары көрініс табады.

      3143 - «Өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық 

берешек», мұнда мемлекеттік мекемелер жүргізетін автокөлік құралдары иелерінің 


азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға міндетті және ерікті төлемдерді 

есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

      26. 3200 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық 

берешекті есепке алуға арналған.

      Бұл кіші бөлім мынадай шоттарға бөлінеді:

      3210 - «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» өтеу 

мерзімі бір жылға дейінгі жеткізушілер мен мердігерлерге қорларды жеткізу және қайта өңдеу 

бойынша шығыстарды қоса алғанда сатып алынған қорлар, ұзақ мерзімді активтер, қабылданған 

жұмыстар мен тұтынылған қызметтер үшін есеп айырысуға қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді 

есепке алуға арналған.

      3220 - «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 

ведомстволық есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын ішкі кредит 

беру бойынша мемлекеттік мекемелердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегін есепке алуға 

арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттардан тұрады:

      3221 - «Ішкі ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 

ішкі ведомстволық есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ қайтарылу негізінде республикалық немесе 

жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен алынған кредиттер сомалары бойынша мемлекеттік 

мекемелердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегін есепке алуға арналған;

      3222 - «Ведомствоаралық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 

ведомствоаралық есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ қайтарылу негізінде республикалық немесе 

жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен алынған кредиттер сомалары бойынша мемлекеттік 

мекемелердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегін есепке алуға арналған;

      3230 - «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жоғары оқу орындарының 

студенттерiне, магитранттарға, докторанттарға және аспиранттарға, ғылыми-зерттеу мемлекеттік 

мекемелердің және мектептердiң, колледждердiң, кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушылары, 

курстардың тыңдаушылары стипендиялар есептеу және төлеу бойынша стипендианттармен есеп айырысуын

есепке алу үшін арналған.

      3240 - «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» мұнда қызметкерлер мен 

жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және өзге есеп айырысулар бойынша есеп айырысу есепке алынады. Бұл

шот мынадай қосалқы шоттардан тұрады:

      3241 - «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда 

мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне төленуге тиісті еңбекақы, компенсациялық төлемдер, бір 

реттік төлемдер (материалдық көмек, ынталандыру және басқа да ұқсас төлемдер) және қызметкердің

еңбекақысынан ұсталуға тиісті сомалар есепке алынады

      3242 - «Атқару құжаттары бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 

мұнда бір жылдан артық емес уақытта олардың жеке шоттарына аудару үшін басқа тұлғаның пайдасы 

үшін жалақы төлемдерiнен, стипендиялардан, атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша 

ұсталған сомалар есепке алынады.

      3243 - «Депоненттелген сома бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 

мұнда жұмыскерлер мен студенттердің белгiленген мерзiмде алынбаған жалақы төлемдерi мен 

шәкiртақылардың сомалары есепке алынады.

      3244 - «Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек», мұнда мемлекеттік мекемелер уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша 

әлеуметтік жәрдемақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысулары есепке алынады.

      3245 - «Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа 

мерзімді кредиторлық берешек» шотында қызметкерлердің еңбекақы сомаларынан кәсіподақ 

ұйымдарымен қолма-қол емес есеп айырысу жүйесінде ұсталынатын ұсталымдар есепке алынады (

кәсіподақ мүшесінің жазбаша мінездемесі негізінде);

      3246 - «Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

», мұнда қызметкерлердің жинақталған пайдаланылмаған демалыс бойынша резерв (міндеттемелер) 

сомасы есепке алынады.

      3247 - «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар 

бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда қызметкерлер мен 

жұмыскерлердің жеке жазбаша өтініші негізінде еңбекақысынан ұсталынатын, яғни еркі бойынша 



еңбекақысын банк шоты арқылы қолма-қол емес есеп айырысу негізінде аудару бойынша кредиторлық 

берешектер сомасы есепке алынады.

      3248 - «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда қызметкерлер мен 

жұмыскерлердің тапсырмасы бойынша сақтандыру органдарымен қолма қол емес есеп айырысу жолымен 

сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес 

бекітілген негізде (қызметкердің жазбаша өтініші негізінде) банктен алынған қарыз сомасын төлеу

бойынша, есеп беретін сома бойынша бір жылдан артық емес негізде төленуге жататын 

қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын сомалары есепке алынады.

      3250 - «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шоты алынған қарыздар, қаржылық жал 

және өзге де сыйақылар бойынша төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақыларды есепке алу үшін 

арналған. 

      3260 - «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты жал бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешектерді есепке алу үшін арналған.

      3270 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты алдыңғы шоттар топтарында 

көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. Бұл шот 

мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      3271 - «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) 

заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке 

немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақша сомасы есепке алынады, және де 

сотталғандар мен тергеуге алынып сотталған тұлғалардан алынған сомасы мен жеке ақшалары, 

сотталғандардың жалақыдан ұсталған сомасы, зейнетақылары, жәрдемақылары және өзге де табыстары 

қаражат есепке алынады.

      3272 - «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысу», мұнда 

қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу себебі бойынша қызметкер жұмыстан босатылған, 

стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған, атқару қағазының немесе басқа да құжаттың қолданыс мерзімі

аяқталған жағдайда төленбеген немесе артық төленген тиындардың сомалары есепке алынады.

      3273 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген

бір жыл мерзімге дейінгі өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер, оның ішінде сақтандыру 

бойынша жұмыстар мен қатысып сөз сөйлеу үшін, гонорар үшін берешек сомасы есепке алынады.

      27. 3300 «Қысқа мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді

бағалау және кепілдік міндеттемелерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мынадай шоттан 

тұрады:

      3310 - «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда белгісіз уақытпен және сомамен 



міндеттемелер ретінде анықталған бір жыл мерзімге дейінгі қысқа мерзімді бағалау 

міндеттемелерін есептеуге арналған.

      3320 - «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік 

мерзімімен сатылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі

резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік 

міндеттемелері көрініс табады.

      28. 3400 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде 

көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған. Аталған кіші бөлім 

мына шоттардан тұрады:

      3410 - «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты шарт бойынша бір жылдан кем мерзім ішінде 

мемлекеттік ұйымдардың атқаратын жұмыстары мен қызмет көрсетулерi үшін тапсырысшылар мен сатып 

алушылардан алған аванстар есепке алынады.

      3420 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері» шоты алдыңғы топтарды көрсетілмеген өзге 

қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.



7. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары

      29. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары мемлекеттік мекемелерде ұзақ 

мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.


      30. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

      4000 - «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

      4100 - «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;

      4200 - «Ұзақ мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері»;

      4300 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер»

      31. 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі мемлекеттік мекемелерде ұзақ 

мерзімді ретінде жіктелетін қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.

      Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

      4010 - «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» шоты бір жылдан артық төлеу мерзімімен алынған 

қарыздар бойынша міндеттемелерді есепке алуға арналған.

      4020 - «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», онда алдыңғы шоттарда көрсетілмеген 

өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

      32. 4100 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық 

берешекті есепке алуға арналған.

      Бұл кіші бөлім мынадай шоттарға бөлінеді:

      4110 - «Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоты бір 

жылдан асатын төлеу мерзімімен жеткізушілер мен мердігерлерге кредиторлық берешектерді есепке 

алуға арналған.

      4120 - «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоты жал бойынша ұзақ мерзімді 

кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.

      4130 – «Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» бюджет алдындағы ұзақ 

мерзімді кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.

      

Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11 



№ 338

 (

2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



      33. 4200 «Ұзақ мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері» кіші бөлімі ұзақ мерзімді 

бағалау және кепілдік міндеттемелерді есепке алуға арналған.

      Бұл кіші бөлім мынадай шоттан тұрады:

      4210 - «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» шот ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін 

есептеуге арналған.

      4220 - «Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері», мұнда бір жылдан астам кепілдік 

мерзімімен сатылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі

резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге ұзақ мерзімді кепілдік 

міндеттемелері көрініс табады.

      34. 4300 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде 

көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мына 

шоттардан тұрады:

      4310 - «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің 

болашақ айларына жатқызылатын кірістерді есепке алуға арналған.

      4320 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелері» шоты алдыңғы топтарды көрсетілмеген өзге ұзақ 

мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.



8. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімінің шоттары

      35. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімінің шоттары мемлекеттік мекеменің таза активтері/

капиталын есепке алуға арналған.

      36. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

      5000 - «Қаржыландыру»

      5100 - «Резервтер»

      5200 - «Қаржылық нәтиже»

      37. 5000 «Қаржыландыру» кіші бөлімі қаржыландыру көзін есепке алуға арналған.

      Осы кіші бөлім мынадай шотты қамтиды:

      5010 - «Күрделі салымдарды қаржыландыру».

      Осы шот мынадай қосалқы шотты қамтиды:


      5012 - «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру»

мемлекеттік бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттардың 

есебінен қаржыландыруды есепке алуға арналған.

      


Ескерту. 37-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11 

№ 338


 (

2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2015 

№ 620

 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) 



бұйрықтарымен.

      38. 5100 «Резервтер» кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мына 

шоттардан тұрады:

      5110 - «Резервтер» шоты активтерді қайта бағалауға, топтың есептілігін шоғырландыру үшін 

шетелдік мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қайта есептеуге арналған резервтерді 

есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      5111 - «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», мұнда негізгі құралдарды 

қайта бағалау нәтижелері есепке алынады.

      5112 - «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», мұнда материалдық 

емес активтерді қайта бағалау нәтижелері есепке алынады.

      5113 - «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв», мұнда қаржылық 

салымдарды қайта бағалау нәтижелері есепке алынады.

      5114 - «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», мұнда 

негізгі мемлекеттік мекемемен қаржылық есептілікті шоғырландыру үшін шетелдік мемлекеттік 

мекеменің қаржылық есептілік элементтерін қайта есептеуден базалық нәтиже есепке алынады.

      5115 - «Өзге резервтер», мұнда алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген резервтер есепке 

алынады.

      39. 5200 «Қаржылық нәтиже» кіші бөлімі мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметтен 

жинақталған қаржылық нәтижелерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мына шоттардан тұрады:

      5210 - «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шоты мемлекеттік мекеме бойынша есепті кезеңнің 

қаржылық нәтижесін есепке алу үшін арналған.

      5220 - «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шоты мемлекеттік мекеме бойынша өткен 

жылдардың қаржылық нәтижелерін есепке алу үшін арналған.

9. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары

      40. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары айырбас және айырбас емес операциялардан алынатын 

кірістерді есепке алуға арналған.

      41. 6 «Кірістер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

      6000 - «Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер»

      6100 - «Айырбас операциялардан алынатын кірістер»

      6200 - «Активтерді басқарудан алынатын кірістер»

      6300 - «Өзге кірістер»

      42. 6000 «Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер» кіші бөлімі айырбас емес 

операциялардан алынған кірістерді (баламалы құнына айырбастау ретінде тікелей берместен алынған

кірістерді) есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:

      6010 - «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», республикалық бюджетке 

тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына

байланысты операциялар бойынша, басқа бюджеттер есебінен жеке қаржыландыру жоспары бойынша 

мемлекеттік мекемені ұстауға және оның ағымдағы қызметіне арнап алынған қаржыландырудан түсетін

кірісті тануға арналған;

      6020 - «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер», бюджеттік қаржыландыру 

есебінен күрделі салымдарды қаржыландырудан түскен кірісті тануға арналған;

      6030 - «Трансферттер бойынша кірістер», мемлекеттік мекеменің алынған трансферттер 

бойынша кірісін тануға арналған;

      6040 - «Субсидияларды төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер», алынған 

субсидиялар бойынша мемлекеттік мекеменің кірістерді тануына арналған;

      6050 - «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер», демеушілік және 


қайырымдылық көмек кірістері түрінде алынған активтерді тануға арналған;

      6060 - «Гранттар бойынша кірістер», мемлекеттік мекеменің донордан алған қайтарылмайтын 

гранттар сомасын есепке алуға арналған;

      6070 - «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер», сыртқы қарыздар 

түсімдерінен түскен кірістерді тануға арналған;

      6080 - «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер», бюджетке басқа да өтеусіз 

түсімдерден түсетін кірістерді тануға арналған;

      6090 - «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару», бұрын мемлекеттік мекеме қаржыландырудан

түсетін кірістер ретінде таныған, қаржы жылының аяғында қалған бюджет қаражатының қалдықтары 

сомасының қайтарылуын көрсетуге арналған.

      

Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің  07.12.2015 



№ 620

 (01.01.2016 

бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      43. 6100 «Айырбас операциялардан алынатын кірістер» кіші бөлімі айырбас операциялардан 

алынатын кірістерді тану үшін арналған. Бұл кіші бөлім мына шоттарды қамтиды:

      6110 - «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер», 

мұнда басқа жаққа баламалы құнмен айырбасқа беруден алынған кірістерді есепке алу үшін арналған

(тауарлар, қызметтер немесе активтерді қолдану мүмкіндігі ретінде).

      44. 6200 «Активтерді басқарудан алынатын кірістер» кіші бөлімі активтерді басқару бойынша

кірістерді есепке алуға арналған.

      Бұл кіші бөлім мына шоттарды қамтиды:

      6210 – «Сыйақылар бойынша кiрiстер» ұсынылған қарыздар, қаржылық салымдар бойынша алынған

сыйақылардан түскен түсiмдердi есепке алуға арналған;

      6220 – «Активтердi басқарудан алынатын өзге де кiрiстер» активтердi басқарудан түсетін 

өзге кірістерді, оның ішінде операциялық жалға алудан түсетін кiрiстердi есепке алуға арналған.

      


Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11 

№ 338


 (

2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      45. 6300 «Өзге кірістер» кіші бөлімі алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген басқа да 

кірістер есепке алынады. Бұл кіші бөлім мына шоттарды қамтиды:

      6310 – «Әдiл құнның өзгеруiнен түсетiн кiрiстер» ұзақ мерзiмдi активтердiң (биологиялық 

активтер, инвестициялық жылжымайтын мүлiк және қаржы құралдары) әдiл құнының өзгеруiнен түсетiн

кiрiстердi есепке алуға арналған;

      6320 - «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер», активтердің (негізгі 

құралдар, биологиялық активтер, инвестициялық жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер,

ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары) шығуынан алынатын кірістерді есепке алуға арналған.

      6330 - «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» заңды және жеке тұлғалардан 

өтеусіз түрде алынған активтерден (негізгі құралдар, биологиялық активтер, инвестициялық 

жылжымайтын мүлік, материалдық емес активтер, қорлар мен ақшалай қаражаттар) алынатын 

кірістерді тануға арналған.

      6340 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шоты валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын

пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын 

көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан түсетін кірістерді есепке алуға арналған.

      6350 – «Шығындарды өтеуден түсетін кірістер» үшiншi жақтан өтеу кезінде (активтердің 

құнсыздануынан бұрын танылған шығындар) алынған кірістерді есепке алуға арналған;

      6360 - «Өзге кірістер» шотында талап ету мерзімі аяқталған кредиторлық берешекті есептен 

шығаруда, түгендеуде артық шыққан негізгі құралдарды, қорларды, жетіспеушіліктің орнын 

толтырудан, қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды сатудан, төлдердің салмағының артуынан және

төлдеуінен, негізгі құралдарды жоюдан және алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген басқа да 

кірістерді есепке алуға арналған.

      

Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11 



№ 338

 (

2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2015 



№ 620

 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) 

бұйрықтарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет