5. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары
12. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін
мемлекеттік мекемелердің активтерін есепке алуға арналған.
13. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімшелерді қамтиды:
2100 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары»;
2200 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
2300 «Негізгі құралдар»
2400 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар»
2500 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»;
2600 «Биологиялық активтер»;
2700 «Материалдық емес активтер»;
2800 Өзге қысқа мерзімді активтер».
14. 2100 - «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі ұзақ мерзімді қаржылық
құралдарды есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға бөлінеді:
2110 - «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар» шоты бір жылдан аса ұзақ мерзімді ұсынылған
қарыздарды есепке алу үшін арналған.
2120 - «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шоты ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларын
есепке алу үшін арналған (басқа да ұйымдарда үлестік қатысы).
2130 - «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шоты қаржы
инвестицияларының құнсыздануына арналған резервті құру және қолданумен байланысты операцияларды
есепке алу үшін арналған.
15. 2200 - «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімшесі өтеу мерзімі есепті күннен бастап
бір жылдан аса дебиторлық берешектерді есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға
бөлінеді:
2210 - «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоты
өтеу мерзімі бір жылдан асатын оларға сатылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін сатып
алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін арналған.
2220 - «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» алдағы кезеңде қаржылық жалдау
бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстарды есепке алу үшін арналған.
2230 - «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» шоты алдыңғы шот топтарында
көрсетілмеген өтеу мерзімі бір жылдан асатын өзге дебиторлық берешектер бойынша операцияларды
есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
16. 2300 - «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алу үшін арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттарға бөлінеді:
2310 – «Жер» бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың есебiнен сатып алынған жердiң кез-келген
түрiн, ормандарды, iшкi сулар мен пайдалы қазбалардың кен орындарын есепке алуға арналған;
2320 - «Ғимараттар» шоты объектілердің функционалдық міндетіне байланысты адамдар немесе
жануарлардың тұруына болатын, заттарды сақтауға болатын, ұстап тұратын және қоршап тұратын
немесе біріктірілген (ұстап тұратын және қоршап тұратын) конструкциялар бойынша объекттің
тұрақты негізінде салынған әрбір жеке тұрған ғимаратты есепке алу үшін арналған. Осы шот келесі
қосалқы шоттарды қамтиды:
2321 - «Тұрғын емес үй ғимараттары», мұнда басқару органдары, әлеуметтік-мәдени және
басқа ұйымдар пайдаланатын өндірістік-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (оқу орындарының,
ауруханалардың, емханалардың және амбулаториялардың, қариялар мен мүгедектерге арналған үйлердің
, балалар мекемелерінің, кітапханалардың, клубтардың, мұражайлардың, ғылыми-зерттеу
институттарының, шеберханалардың) және басқа да мемлекеттік мекемелердің ғимараттары есепке
алынады;
2322 - «Тұрғын үй ғимараттары», мұнда толығымен немесе көбіне тұруға болатын мақсатқа
арналған ғимараттар есепке алынады: толық немесе көбіне тұрғын үйге арналған ғимараттар (барлық
пайдалы тұрғын және тұрғын емес алаңдардың 50%-нен кем болмайтын тұрғын бөлмелердің жалпы
пайдалы алаңы);
2330 - «Құрылыстар», су айдағыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер,
ескерткіштер, парктердің, саябақтардың, қоғамдық бақтардың қоршаулары және басқа құрылысты
есепке алуға арналған;
2340 - «Беріліс құрылғылары» шоты электрлік, жылу және механикалық қуаттарды тасымалдау
құралдары, және де байланыс пен электр тарату (кабельді) желілері, тұтынушыларға дейін сұйық
және газ тәрізді заттарды магистральдық құбырлар арқылы ауыстыруға арналған қуаттарды
трансформациялау және беру үшін қажетті, барлық аралық құрылғылары бар трансмиссиялар мен
құбырларды есепке алу үшін арналған;
2350 - «Көлік құралдары» шоты көшіруге арналған қозғалыс құралдарының барлық түрлерін
есепке алу үшін арналған, олар мынадай жеке топтарға бөлінеді:
теміржол көлігінің жылжымалы құрамы (электровоздар, тепловоздар, мотодрезиндер, вагондар,
платформалар, цистерналар),
су және автомобиль көлігі (теплоходтар, дизель-электроходтар, сүйретпелер, баржалар мен
баркалар, қайықтар мен қызметтік қосымша құтқару қайықтары мен кемелері, жүзбелі айлақтар,
желкенді кемелер, жүк таситын және жеңіл автомобильдер, тіркемелер, автосамосвалдар,
автоцистерналар, автобустар, мамандандырылған автомобильдер, тартқыш тракторлар және басқа су
және автомобиль көлігі);
әуе көлігі (ұшақтар, тікұшақтар);
ат көлігі (арбалар, шаналар);
өндіріс көлігі (электрокарлар, мотоциклдер, мотороллерлер,
велосипедтер, қоларбалар, мүгедектер арбасы және басқа өндіріс көлігі);
спорт көлігінің барлық түрлері;
2360 – «Машиналар мен жабдықтар» қуат машиналары мен жабдықтарды, жұмыс машиналары мен
жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, реттеу аспаптары мен қондырғыларын, зертхана жабдықтарын,
компьютерлiк жабдықтарды, дәрiгерлiк жабдықтарды, кеңсе жабдықтарын, мынадай жеке топтарға
бөлiнген өзге машиналар мен жабдықтарын есепке алуға арналған:
жылу және электр энергиясын өндіретін қуат машиналары мен жабдықтар, машина-генераторлар
және судың, желдің энергиясын, сондай-ақ жылу және электр энергиясын қозғалыстың механикалық
энергиясына айналдыратын машина-қозғағыштар;
өнім жасау және өндірістік мақсатта қызметтер көрсету процесінде және механикалық
қозғағыштардың, адам және жануар күшінің көмегімен өндіріс процесінде еңбек затын ауыстыру
барысында еңбек затына механикалық, жүк және жолаушы лифтiлерiн қоса алғанда термикалық және
химиялық әсер етуге арналған жұмыс машиналары мен жабдықтары, машиналар, аппараттар мен
жабдықтар;
өлшеу аспаптары - дозаторлар, амперметрлер, барометрлер, ваттметрлер, су өлшегіштер,
вакуумметрлер, вапориметрлер, вольтметрлер, биіктік өлшегіштер, гальванометрлер, геодезиялық
аспаптар, гигроскоптар, индикаторлар, компастар, манометрлер, хронометрлер, арнаулы таразылар,
өлшегіштер, касса аппараттары және басқа өлшеу приборлары;
реттегіш аспаптар мен құрылғылар - оттегі-тыныс алу аспаптары, электрлі, пневматикалы
және гидравликалы реттегіш қондырғылар, автоматты басқа тетіктері, орталықтандыру және топтау
аппаратурасы, диспетчерлік бақылаудың желілік құрылғылары;
лаборатория жабдықтары - пирометрлер, реттегіштер, калориметрлер, ылғалдылықты анықтайтын
аспаптар, айдау текшелері, газ өткізгіштікті сынайтын аспаптар, жыртылуға төзімділікті сынайтын
аспап, микроскоптар, термостаттар, тұрақтандырғыштар, кергіш шкафтар және басқа лабораториялық
жабдықтар;
компьютерлік жабдықтар - дербес компьютерлер, процессорлар, іркіліссіз қорек көздері,
мониторлар, принтерлер, сканерлер және басқа компьютерлік жабдықтар;
медициналық жабдықтар - медициналық жабдықтар (тіс-дәрігер креслосы, операциялық столдар,
арнаулы жабдығы бар төсектер), арнаулы дезинфекциялық және дезинсекциялық жабдықтар, сүтханалар
мен сүт станцияларының, қан құю станцияларының жабдықтары және басқа медициналық жабдықтар;
офистік жабдықтар - көшіргіш машиналар, факс-машиналар, құжаттарды жоюға арналған
машиналар және басқалар және басқа офистік жабдықтар;
өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен
басқа да жабдықтар. Өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт
алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның ішінде спорт снарядтары), оқу орындарындағы
кабинеттер мен зертханалардың жабдықтары, киноаппаратура, жарық беретін аппаратура, сахна
жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары,
пейджерлер, радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу мемлекеттік мекемелерінің мен ғылыми жұмыспен
айналысатын басқа да ұйымдардың арнайы жабдықтары, АТС жабдықтары, механикалық өрт сөндіру
сатылары, кір жуатын және тігін машиналары, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, ауа баптағыштар, қысқа
толқынды пештер және басқа машиналар мен жабдықтар, бейнетіркегіштер, автодабылдағыштар,
бағыттағыштар;
арттехқару-жарақ (атыс қаруы пистолеттер мен револьверлер, автоматты қару, арнаулы
мергендік қару-жарақ, арнаулы (ерекше) мақсаттағы полиция бөлімшесінің қару-жарағы, оқу және
спорт қаруы, жарық сигналдарын беру құралдары, әскери инженерлік мүлік, әскери химиялық мүлік,
оптикалық аспаптар);
қару-жарақ және әскери техника.
2370 - «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» шоты аспаптар, өндірістік және
шаруашылық құралдарды есепке алу үшін арналған және мынадай жеке топтарға бөлініп есептеледі:
аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еңбек құралдары
, сондай-ақ машиналарға бекітілген, материалдарды өңдеу үшін қолданылатын заттар. Оларға электр
энергиясының, қысылған ауаның көмегімен жұмыс істейтін қолға ұстайтын механикаландырылған
құралдарды (электродрелдер, бояу бүріккіштер, электр тітіркеткіштер, гайка бұрағыштар) қоса
алғанда қол еңбегінің кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, сондай-ақ
материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар (қыспақтар, патрондар,
бөлгіш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегі кардан біліктерін айналдыруға
арналған құралдар);
өндірістік мүкәммал мен керек-жарақтар – жұмыс уақытында өндірістік операцияларды
жеңілдетуге қызмет ететін өндірістік мақсаттағы заттар, жұмыс үстелдері, верстагтар, кафедралар
, парталар және еңбекті қорғауға көмектесетін басқа жабдықтар, сұйық және сусымалы заттарды
сақтауға арналған орынжайлар (бактар, амбарлар, сенектер, қамбалар), сауда шкафтары мен сөрелер
, мүкәммал ыдыстар, жұмыс машиналарына жатқызуға болмайтын техникалық мақсаттағы заттар;
шаруашылық мүкәммал - кеңсе керек-жарақтары (қабырғалық жиһаз, гарнитуралар, құрамалы
жиһаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы тосқауылдар, ілгіштер, гардеробтар, әр түрлі
шкафтар, дивандар, үстелдер, орындықтар, креслолар, кітап сөрелері, жанбайтын шкафтар мен
жәшіктер, сейфтер, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткіш және
нөмірлегіш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткіштер, жылжытпалы киіз үйлер, шатырлар (
оттегілерінен басқа), кереуеттер (арнайы жабдығы бар кереуеттерден басқа), кілемдер, портъерлер
, терезеге арналған торлар және басқа да шаруашылық мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы мақсаттағы
заттар - гидропульттер, стендтер, қол сатылар;
басқа да өндірістік және шаруашылық мүкәммал - рамадағы картиналар, қола мүсіндер (
бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттік рәміздер, тифлоқұралдар мен
сурдоқұралдар, көрнекілік насихаттау стендтері;
2380 – «Өзге негiзгi құралдар» өзге негiзгi құралдарды есепке алуға арналған. Осы шот
мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
2381 – «Мәдени мұра активтерi», мұнда өзiнiң мәдени, экологиялық және тарихи мәнiне
байланысты мәдени мұра болатын активтер есепке алынады. Оларға тарихи ғимараттар мен
монументтер, археологиялық қазба орындары, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, өнер
шығармалары, сондай-ақ құнына қарамастан мұражай құндылықтары жатқызылады;
2382 - «Кітапханалық қор», мұнда жекелеген кітаптардың құнына қарамастан кітапханалық
қорлар есептеледі. Кітапханалық қорларға ғылыми, көркем және оқулық әдебиет, әдебиеттің арнаулы
түрлері және басқа басылымдар енгізіледі;
2383 - «Өзге негізгі құралдар», мұнда
жерді жақсарту бойынша күрделі шығындар есепке алынады. Жерді жақсарту жөніндегі күрделі
шығындарға күрделі салымдар есебінен жүргізілетін (жер бөліктерін жобалау, алқаптарды егістік
үшін отау, даланы тастар мен қой тастардан тазарту, түбірлерді кесу, жабайы өсімдіктерден
арылту, көлшіктерді тазарту), ауыл шаруашылығына арналған жерді үстіртін жақсарту жөніндегі
мәдени-техникалық шараларға арналған заттық сипатта емес (құрылыс салуға байланысты емес)
шығындар жатады;
олардың құнына қарамастан, хайуанаттар паркіндегі және басқа сондай мекемелердегі
жануарлар әлемнің экспонаттары;
сахналық қойылым құралдары (декорациялар, ағаш жиһаздары мен кәделік, бутафорлық заттар,
театрлық және ұлттық костюмдер, бас киімдер, іш-киімдер, аяқ киімдер, париктер);
оқулық кинофильмдер, магниттi дискiлер мен ленталар;
көшелердегі, алаңдардағы, парктердегі, бақтардағы, саябақтардағы, ұйымдардың аумағындағы,
тұрғын үй аулаларындағы көгалдандыру және көріктендіру өсімдіктері, жанды қоршаулар, қар
тосқындары мен егістікті қорғайтын жалдар, құмдар мен өзен жағалауларын бекітетін өскіндер,
жар-қабақ өскіндері, ботаника бақтарының және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындарының
ғылыми мақсаттарға арнап басқа қолдан өсірілген көпжылдық өскіндер;
өзге мүкәммал, су диспенсерлері, эмальді шелектер, кастрюльдер, табалар;
жұмыс малдары – жылқылар, өгіздер, түйелер, есектер және басқа да жұмыс малдары (көліктік
және спорт жылқыларын, қызметтік иттерді қосқанда);
басқа шоттардың тобына енгізілмеген өзге негізгі құралдар;
2390 - «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы» шоты негізгі
құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануына резерв сомасын есепке алу үшін арналған
. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
2391 - «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы», мұнда негізгі құралдардың
жинақталған амортизация сомасы есепке алынады.
2392 - «Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв», мұнда негізгі құралдардың
құнсыздануына резерв құру мен оның қозғалысымен байланысты операциялар есепке алынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013
№ 482
(алғашқы
ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015
№ 620
(01.01.2016 бастап күшіне енеді)
бұйрықтарымен.
17. 2400 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» кіші бөлімі аяқталмаған құрылыс және
күрделі салымдарды есепке алу үшін арналған. Бұл кіші бөлім келесідей шотты қамтиды:
2410 - «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» күрделі салымдарды және құрылыс циклі
аяқталмаған және пайдалануға тапсырылмаған объектілерді есепке алу үшін арналған. Бұл шот
келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
2411 - «Аяқталмаған құрылыс», мұнда аяқталмаған және пайдалануға тапсырылмаған объектілер
құрылысы бойынша шығыстар есепке алынады (ғимараттар мен құрылыстарды тұрғазу, қондырғыны
монтаждау бойынша);
2412 - «Материалдық емес активтерге күрделі салымдар», мұнда зерттеу сатысындағы
материалдық емес активтердің құнынан капитализацияланатын күрделі салымдар есептеледі.
18. 2500 - «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» бөлімшесі мемлекеттік мекемеге сыйақы
түрінде пайда алып келетін жылжымайтын мүлікті есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей
шотты қамтиды:
2510 - «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты жал төлемдерін және/немесе капиталдың құн
өсімінен табыс алу мақсатында билігіндегі, иесінің немесе қаржылық жал шарты бойынша жалға
алушының жер немесе ғимарат түріндегі (не ғимараттың бір бөлігі, не жер мен ғимартта)
жылжымайтын мүлікті есепке алу үшін арналған;
2520 - «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы»
шоты инвестициялық жылжымайтын мүліктердің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануына резерв
сомасын есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
2521 - «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы», мұнда
инвестициялық жылжымайтын мүліктердің жинақталған амортизация сомасы есепке алынады;
2522 - «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына резерв», мұнда инвестициялық
жылжымайтын мүліктердің құнсыздануына резерв құру мен оның қозғалысымен байланысты операциялар
есепке алынады.
19. 2600 «Биологиялық активтер» кіші бөлімі биологиялық активтерді есепке алу үшін
арналған. Бұл бөлімше келесідей шотты қамтиды:
2610 - «Жануарлар», мұнда өнімдік және асыл тұқымды мал - сиырлар, бұқалар, буйволдар мен
қодастар (жұмыстағысынан басқа), айғырлар мен асыл тұқымды биелер (жұмыс істемейтін), үйірде
бағуға ауыстырылған биелер буралар мен інгендер (жұмыс істемейтін), ұрғашы бұғылар мен еркек
бұғылар (мүйізді), еркек шошқалар мен мегежіндер, қойлар мен қошқарлар, ешкілер мен текелер
есепке алыну үшін арналған.
2620 - «Көпжылдық екпелер», мұнда көпжылдық отырғызулардың екі тобы есептеледі:
олардың жасына қарамастан қолдан отырғызылған мынадай көпжылдық өсімдіктер жатады:
жеміс-жидектердің барлық түрлері (ағаштар мен бұталар);
егуге арналып питомниктерде өсірілген көпжылдық көшеттер.
Жас өскіндердің барлық түрлері жеміс беруге жеткен, бұтақтары ұйысатын жасқа жеткен
өскіндерден бөлек есептеледі.
2630 - «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы», мұнда
биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануына резерв сомасын есепке алу
үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
2631 - «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы», мұнда биологиялық активтердің
жинақталған амортизация сомасы есепке алынады.
2632 - «Биологиялық активтердің құнсыздануына резерв», мұнда биологиялық активтердің
құнсыздануына резерв құру мен оның қозғалысымен байланысты операциялар есепке алынады.
20. 2700 «Материалдық емес активтер» кіші бөлімі материалдық-заттық негізі жоқ, бірақ
қолдану мерзімі ұзақ уақыт активтерді есепке алу үшін арналған.
Бұл кіші бөлім келесідей шоттарға бөлінеді:
2710 - «Материалдық емес активтер» шоты материалдық-заттық негізі жоқ, бірақ қолдану
мерзімі ұзақ уақыт активтерді есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды
:
2711 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету», мұнда мекеме өз қызметiнде бiр жылдан аса
қолдануға болжанатын компьютерлiк бағдарламалық қамтамасыз ету және дерекқор, техникалық
тасығыштардағы бағдарламалар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ жүйелiк, стандартты
және қолданбалы бағдарламалық құралдар, компьютерлiк бағдарламалар, жүйелi және қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыз ету үшiн бағдарламалар сипаттамасы және көмекшi материалдар есепке
алынады. Бұл қосалқы шотта бағдарламалық басқаруы бар машиналар мен құрал-жабдықтың
бағдарламалық қамтамасыздандыруы, компьютердiң операциялық жүйесi есепке алынбайды;
2712 - «Авторлық құқық», мұнда әдебиет және сурет шығармаларының түпнұсұасына авторлық
құқықтар есепке алынады. Түпнұсқа ойлап шығарушы тұлғаға жатады (авторға, кинокомпанияларға)
және оларға авторлық құқық, патент, лицензиялар немесе құпиялық құқығы түрінде заңды және
нақтылы меншіктік құқығы қойылады.
Мұнда авторлық құқықтар мыналарға ескеріледі:
фильмдер, дыбысжазулары, қолжазбалар, магниттік ленталар және с.с. түпнұсқалар, олар
бойынша театрлық қойылымдар, радио- және теледидарлық бағдарламалар, музыкалық қойылымдар,
спорттық жарыстар, әдебиет және сурет шығарылымдары жазылады және шығарылады;
шығарылымдар, өзі қолдану үшін ойлап табу;
2713 - «Лицензиялық келісімдер», мұнда жерді, сумен, пайдалы қазбалармен және басқа да
табиғи ресурстармен пайдалануға құқық, заңды немесе есептік істермен куәландырылмағаннан басқа,
лицензиялық келісімдерді қолдану үшін құқық есепке алынады.
2714 - «Патенттер», мұнда мыналар есепке алынады, мұнда заңды немесе есептік істермен
куәландырылмағанынан басқа ойлап шығаруға, пайдалы модельдерге, өндірістік нұсқалар, интегралды
микросхема топологиялары, селекциялық жетістіктер және басқа да объектілерге патентпен қолдану
құқықтары бойынша төлемдер есепке алынады;
2715 - «Гудвилл», мұнда гудвиллдың нақты сомасы мен қозғалысымен байланысты операциялар
есепке алынады;
2716 - «Өзге материалдық емес активтер», мұнда өзге материалдық емес активтер есепке
алынады, ол келесілерді жатқызады:
ғылыми сыйымды өндірістік технологиялар, жаңа ақпарат, ноу-хау және басқа категорияларға
жатқызылмайтын өзге де шығарулар, өндірісі бірліктермен шектелетін, меншік құқығы қойылған
немесе сәйкесінше алған құжаттар қолданылады;
ұйымдастыру шығындары – заңды тұлғаның құрылуы кезіндегі құжаттардың рәсімделуі және ол
келесілерді қосады:
тіркелім бойынша шығыстар фирмалық атаулар, есімдер, тауар белгілері;
пайдалы кендерді барлау және өндіруді орындауға құқықтар;
концессиялар мен активтерге ұқсас құқықтар, олар мыналарды қамтиды: белгілі бір жерлерде
балықтар аулауға концессиялар, басқа активтер немесе ерекше құқықтар;
жалға алынған мүлікті бірнеше жыл аралығында пайдалану құқықтары.
2720 - «Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы» шоты
материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы есепке алу үшін арналған. Бұл шот
келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
2721 - «Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы», мұнда материалдық емес
активтердің амортизациясы есепке алынады.
2722 - «Материалдық емес активтердің құнсыздануына резерв», мұнда материалдық емес
активтердің құнсыздануына резерв құру мен оның қозғалысымен байланысты операциялар есепке
алынады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11
№ 338
(
2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
21. 2800 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы шот топтарында көрсетілмеген
өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шотты қамтиды:
2810 - «Өзге ұзақ мерзімді активтер» шоты алдыңғы шот топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ
мерзімді активтер бойынша операцияларды есепке алу үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |