Мемлекеттiк сатып алу туралы


-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата31.03.2017
өлшемі397,69 Kb.
#10639
1   2   3   4   5   6

   8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ 

      43-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

 

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін 



тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және көрсетілетін 

қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.

 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы Қазақстан Республикасының заңнамасына 



сәйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға 

қолданылмайды.

 

      2. Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық 



цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:

 

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға 



шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

 

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы 



айқындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді;

 

      Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық 



жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсімі 

тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, мемлекеттік сатып 

алу туралы шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен 

бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

 

      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын 



сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы 

шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен 

күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға 

тиіс.


 

      4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт 

жасасу жөніндегі талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 

23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға 



қолданылмайды.

 

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алу туралы 



шарттарды жасасу мерзімі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 

жобасы жіберілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.

 

      5. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша туындаған немесе 



туындауы мүмкін дауларды төреліктің қарауына беру көзделсе, оған төрелік келісімнің 

қорытындысына тиісті саладағы уәкілетті органның (республикалық меншікке қатысты) немесе 

жергілікті атқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) жазбаша келісімі қоса 

берілуге тиіс.

 

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт 



жасасқан жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы 

заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда ресімдеуге жол беріледі.

 

      7. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы 



баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 

жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған 

күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік 

сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік 

сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын 

екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы 

ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы 

куәландыруға тиіс.

 

      8. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы баптың 7-тармағында белгіленген 



мерзімде тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, 

тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

 

      9. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс 



күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ 

осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізуге міндетті.

 

      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, 



сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) өзімен жасалған мемлекеттік 

сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындайтындығының кепілі 

ретінде енгізеді.

 

      10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін 



мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы 

сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

 

      Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші 



мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең 

мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

 

      Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. 



Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, аванстың бөлігіне тең мөлшерде 

авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

 

      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің 



орындалуына қарай өнім берушінің жазбаша хабарлауы бойынша аванстың орындалуын 

қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған 

міндеттемелерге пропорционалды түрде азайтады.

 

      11. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт 



жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын 

қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы 

шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.

 

      Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң 



мынадай түрлерiнiң бiрiн:

 

      1) тапсырыс берушінiң банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк 



мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының 

бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

 

      2) қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепiлдiгін таңдауға 



құқылы.

 

      Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелер толық 



орындалғанға дейiн енгiзiлген кепiлдiк ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлiгiн 

талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол 

берiлмейдi.

 

      Өнім беруші енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны тапсырыс берушінiң осы Заңда 



көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.

 

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы 



талап осы Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге 

асырылған, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілімен 

мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы 

Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып 

табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.

 

      12. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ 



осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген соманы (болған кезде) тапсырыс беруші 

шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу 

туралы шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.

 

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы 



Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) тиiстi бюджет, 

мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу 

үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен 

үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.

 

      13. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 



міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, 

өсімпұл) көзделуге тиіс. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының 

азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

      14. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы 



мемлекеттiк кәсiпорындар:

 

      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) 



аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

 

      2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы 



жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

 

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, Қазақстан Республикасының басқа да 



әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 

көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр 

қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 

қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

 

      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;



 

      5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi 

бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, 

қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 

қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы 

жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған 

жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай 

алады. Мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға 

тиiс.

 

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан 



Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 


      15. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс 

беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы 

мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды 

орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып 

алу туралы ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы 

бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау 

мерзiмiмен жасай алады.

 

      16. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк 



сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

 

      17. Осы баптың 14 және 15-тармақтарында көзделген жағдайларда, қолданылу мерзiмі 



бiр қаржы жылынан асатын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бәсекелестiк негiзде 

өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана 

жасасуға жол берiледi.

 

      18. Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші 



уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі 

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың 

қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға 

және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.

 

      Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, 



бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету 

үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып 

алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

 

      19. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:



 

      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

 

      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге осы Заңда 



көзделмеген жәрдем көрсеткен;

 

      3) міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды 



қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы 

заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтаған;

 

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) 



осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт 

жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс.

 

      20. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған 



күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды 

орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға 

тиіс.

 

      21. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, 



Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының 

талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптары қамтуға тиіс.

 

      22. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды 



орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны 

дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен 

мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс.

 

      23. Тапсырыс беруші мен өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 



қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп 

есептеледі.

 

      24. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған 



міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші 

тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.

 

      Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс 



беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы 

мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне 

жатқызылады.

 

      25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт уәкілетті органның осы Заңның 47-бабына 



сәйкес шығарылған шешіміне шағым жасау кезеңінде жасалмайды.

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      26-тармақ 01.01.2017 бастап 



қолданысқа

 енгізіледі.

 

      26. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды 



қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) 

электрондық нысанда ресімделеді.

 

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттарды мемлекеттік 



сатып алу веб-порталы арқылы электрондық нысанда ресімдеу туралы талаптар осы Заңның 39-

бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) 

тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

 

      Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, 



көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, 

оларды беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 

мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

 

      



Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 

№ 489-V


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      44-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан



 

               жалтару

 

      1. Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда 



белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған 

шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу 

туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес 

соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт 

жасасудан жалтарды деп танылады.

 

      2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы (екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) деп 



айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды 

деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген конкурсқа 

(аукционға) қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.

 

      45-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не



 

               мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа

 

               өзгерістер енгізудің негіздері



 

      1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі 

талабымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай 

өзара байланысты талаптар сақталған кезде:

 

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға 



қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тараптардың бірі мемлекеттік 

сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса;

 

      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс 



енгізуге жол беріледі;

 

      3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс 



енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса;

 

      4) егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы 



шарт жасасудан жалтарған болса, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін 

мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту 

бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол беріледі.

 

      Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 



жобасына өзгеріс енгізуге жол берілмейді.

 

      2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі 



талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге:

 

      1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиiсiнше 



мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуі 

бойынша;


 

      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-

сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында 

айқындалған тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім 

қабылданса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

 

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 



жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін 

бағаның өзгермеуі талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) 

тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің 

көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы 

шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, 

көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге 

осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып 

алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жол беріледі;

 

      4) өнім беруші өзімен жасалған тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік 



сатып алу туралы шартты орындау процесінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің 

бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы өзімен жасалған 

шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті 

көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін 

және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда;

 

      5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен 



туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды 

орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

 

      6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды 



орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

 

      7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен 



мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың 

сметалық құны азайтылған және кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, 

жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін 

өзгерту бөлiгiнде;

 

      8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты 



мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық іс қозғалған 

жағдайда, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін 

өзгерту бөлігінде;

 

      9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды 



беру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде 

жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге 

ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын 

мерзімге жол беріледі.

 

      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы 



жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын 

және (немесе) осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша, 

өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты өзгертетін өзгерістер енгізуге жол 

берілмейді.

 

      46-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі



 

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол 

қойғаннан кейін не соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген 


мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін 

күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді.

 

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк 



сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті 

органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық 

құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 

орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей 

ұсынады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет