Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып aлу қорытындысы туралы



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

 Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып aлу қорытындысы туралы 
хаттама 
(әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) 
(нөмір және күні) 
Сатып алудың № ________________________________________________
 
Сатып алудың атауы ____________________________________________
 
Өтінімдердің қабылдауы басталған күні__________________________
 
Өтінімдердің қабылдауы аяқталған күні__________________________
 
Ұйымдастырушының атауы ________________________________________
 
Ұйымдастырушының мекенжайы_____________________________________
 
Лоттың № _____
 
Лоттың атауы
 
 
 
Тапсырыс берушінің атауы
 
 
 
Тапсырыс берушінің мекенжайы
 
 
 
Бірлік, теңге үшін жоспарланған баға
 
 
 
Жоспарланған сома, теңге
 
 
 
Өлшем бірлігі
 
 
 
Саны 
 
 
 
Әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда автоматты түрде кері қайтарған баға ұсынысы:
 

 
Өнім берушінің атауы
 
БСН (ЖСН)/ СЖН/ТБН
 
Кері қайтарудың себебі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әлеуетті өнім берушілер мынадай баға ұсыныстарын ұсынды:
 

 
Өнім берушінің 
атауы
 
БСН (ЖСН)/ 
СЖН/ТБН
 
Өнім берушінің 
бағасы
 
Өнім берушінің 
жалпы сомасы
 
Өтінім берудің 
күні және уақыты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№___ сатып алу лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз өнім берушінің атауы}.
 
Тапсырыс берушіге {тапсырыс берушінің атауы} «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы} мемлекеттік 
сатып алу туралы шарт жасасу
 
Не:
 
 «Мемлекеттік сатып алуды тану (_____________________ * байланысты өтпеген №___ лот 
бойынша сатып алудың атауы»: 
 

Ескертпе: *Мынадай мәндердің бірі: «ұсынған баға ұсыныстардың жоқтығы», «бір баға 
ұсынысын беруі».
 
Не:
 
 Сатып алуды болдырмау жүргізілді,оған мыналар негіз болып табылады:Уәкілетті 
мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ 
кк.аа.жжжж.
 
Жойылды деп тану туралы қабылданған орган:
 
{____________________________}.
 
Не:
 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ 
тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.
 
  Мемлекеттік сатып алуды 
 
жүзеге асыру қағидаларына
 
 4-қосымша       
 
                                                          Бекітемін:
 
__________________________________________________________________
 
 (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы 
 
__________________________________________________________________
 
(конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
 
Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____
 
 КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА 
__________________________________________________________________ 
(сатып алу мәнінің түрі) 
__________________________________________________________________ 
(конкурстың атауы) 
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
 
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________
 
     (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
 
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
 
 ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________ 
 
   (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
 
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) __________________________ 
 
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
 
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _______________
 
__________________________________________________________________
 
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
 
Конкурстық комиссияның хатшысы __________________________________
 
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
 
 1. Жалпы ережелер 
      1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау 
мақсатында өткізіледі.
 
      2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:
 
      1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
 
      2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, олар болған кезде Қазақстан Республикасының 
ұлттық және үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың 
сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану 
сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының 
техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. 
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
 
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына КҚ белгіленген тәртіпте бекітілген 

жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиісті;
 
      3) осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға келісім;
 
      4) осы КҚ-ға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды 
орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы 
мәліметтерді;
 
      5) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-
тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны 
айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін 
міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;
 
      6) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ 
теңгені құрайды.
 
      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
 
лот №
 
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің 
атауы)
 
Лот бойынша бөлінген сома (теңге)
 
{лот 
№}
 
{тауардың____жұмыстың__көрсетілетін 
қызметтіңатауы}
 
{лот бойынша____бөлінген___сома}
 
      3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға 
өтінім мен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір 
пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген 
нысандардың бірінде енгізеді:
 
      1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай 
жарнасын ___________________________________________
 
(ұйымдастырушының (бірыңғайұйымдастырушының) банктік шотының толық деректемелері);
 
      2) осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес оның электрондық көшірмесі не электрондық құжат 
нысанында мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі веб-портал) орналастырыла 
отырып, қағазтасығышта банктік кепілдік.
 
      Оның электрондық көшірмесі мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырыла 
отырып, қағаз тасығышта банктік кепілдік берілген жағдайда қағаз тасығышта банктік 
кепілдік конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзіміне дейін ұйымдастырушыға 
беріледі.
 
      4. Конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа 
қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
 
 2. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе 
тапсырыс берушінің Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі 
      5. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде: 
 
      1) олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы 
заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын 
мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.
 
       2) техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін 
жұмыстар КҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-
сметалық құжаттаманы қамтиды. 
 
      6. КҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы 
сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, мемлекеттік 
сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға 
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 
бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
 
      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен 
бастап бес жұмыс күні ішінде КҚ-ның жобасына ескертулер болмаған кезде КҚ бекітілген 
болып саналады.
 
      8. Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 

КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 
мынадай шешімдерді қабылдайды:
 
      1) КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
 
      2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, КҚ-ның жобасына 
ескертулерді қабылдамайды;
 
      3) КҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
 
      КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, КҚ-ны бекіткен 
сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
 
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен 
бастап КҚ бекітілген болып саналады.
 
      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай 
ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ-
ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.
 
      КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып 
алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді 
автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен 
бірге КҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
 
      10. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында Заңның 22-бабының 2-тармағына 
сәйкес КҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер 
туралы ақпаратты қамтиды.
 
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      11. КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда 
оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі КҚ-ның жобасын алдын ала 
талқылау хаттамасында көрсетіледі.
 
      12. КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім 
берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде КҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні КҚ-ның 
жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.
 
      13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі Заңда 
айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
 
 3. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны 
ұсынуына қойылатын талаптар 
      14. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында 
беріледі және осы КҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге 
конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ 
өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне 
сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып 
табылады.
 
      15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 4-қосымшаға 
сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
 
      16. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды:
 
      1) мынадай:
 
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, 
жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе 
патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1) тармақшаның үшінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 
03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      конкурс жарияланған күннен кейін берілген, әлеуетті өнім берушіге қызмет 
көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің осы КҚ-ға 
9-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 

болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан 
Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 
3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық 
түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен 
берешегінің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің 
немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама 
осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) анықтаманың;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1) тармақшаның төртінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 
03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      конкурс жарияланған күннен кейін салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті 
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар 
бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің;
 
      осы КҚ-ға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу 
үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
 
       осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын 
жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп 
орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге 
(бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында 
жұмыстардың үштен екі астамын беруге тыйым салу шарты
 
      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстар не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп 
орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға 
тартылатын мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін 
растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.
 
      2) сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, 
техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар, оның ішінде тауар белгілеріне, 
қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттеріне, пайдалы моделдеріне, 
өнеркәсіптік үлгілеріне, тауардың шыққан жерінің атауын және өндірушінің атауын және осы 
КҚ-ға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзге де сипаттамаларын көрсете отырып, 
техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-
техникалық құжаттама көрсетіледі.
 
      Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім 
берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндіруші зауыттан хаттардың, техникалық 
паспорттардың, өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сатып алынатын 
тауарлардың үлгілері болуы туралы талапқа жол берілмейді;
 
      3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, 
мынадай:
 
      оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра 
отырып, қағаз жеткізгіштегі не осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат 
нысанындағы банк кепілдігі. Банк кепілдігін оның электрондық көшірмесін мемлекеттік 
сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсыну кезінде, қағаз 
жеткізгіштегі банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға 
өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзіміне дейін ұсынылады.
 
      ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер 
болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының 
бюджет заңнамасында көзделген шотта орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз 
төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.
 
      4) осы КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.
 
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі Заңның 24-бабы 6-тармағына 
сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс 
күнді құрайды.
 
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      18. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық 
көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
 
      19. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-
ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ жасалған 
тілде жасалады және беріледі.
 
      Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл 
(нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.
 
 4. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi 
      20. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана 
отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
 
      21. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде 
веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
 
      22. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-
порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған 
болып есептеледі.
 
      23. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:
 
      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
 
      2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді 
қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
 
      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
 
      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген 
жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
 
      24. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.
 
 5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу 
      25. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын 
күннен кешіктірмей мыналарға:
 
      1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
 
      2) өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын 
жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
 
      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін 
конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) 
толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
 
      27. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды 
көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы 
(сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі 
міндеттемелерді көтермейді.
 
 6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу 
      28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен 
уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді 
автоматты түрде ашуды жүргізеді.
 
      Егер конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда 
мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
 
      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал 
автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-
порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде 
хабарламалар таратады.
 

      30. Бастапқы бағаларды қоспағанда, ашу хаттамасы орналастырылған сәттен бастап, 
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім 
берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға 
қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
 
 7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау 
      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның 
талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында Конкурстық 
комиссия жүзеге асырады.
 
      32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде Конкурстық комиссия мыналарды:
 
      1) осы КҚ-ның 33-тармағында көрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала 
рұқсат беру хаттамасын;
 
      2) қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.
 
      33. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, 
Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес 
келмейтінәлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
 
      34. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
 
      1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың 
біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер 
мен құжаттарды көрсете отырып,біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес 
келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
 
      2) ұсыну және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет 
құжаттардың тізбесі;
 
      3) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім 
берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа 
қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.
 
      35. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала 
рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс 
күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан 
әрі – Қағидалар) 7-қосымшаға сәйкес, оны Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа 
қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
 
      36. Әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы 
орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішіндеконкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік 
талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.
 
      37. Конкурстық комиссия:
 
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген 
әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, олардың конкурсқа қатысуға 
алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік 
талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
 
      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың 
толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына 
сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
 
      3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың конкурсқа қатысуға өтінімдеріне байланысты 
материалдар мен түсіндірулерді қарауды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау мен 
салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес 
келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық 
құжат нысанында сұратады;
 
      4) біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа 
қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды 
тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) 
электрондық құжат нысанында сұратып алады.
 
      Конкурстық комиссияның сұрауларына және конкурсқа қатысуға өтінімдерді КҚ-ның 

талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
 
      КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп конкурсқа қатысуға өтінімдерді сәйкес 
келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді жетіспейтін 
құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға, 
тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған Конкурстық 
комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;
 
      5) біліктілік талаптары мен КҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті 
өнім берушілерді анықтайды және конкурс қатысушылары деп таниды.
 
      Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай 
түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға 
өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
 
      38. Конкурстық комиссия мынадай:
 
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз 
етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
 
      2) Конкурстық комиссияға:
 
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 
03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету 
енгізілетін тауарларды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын;
 
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің 
қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
 
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
 
      пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға 
мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді 
қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
 
      3) Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан 
кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз 
етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      3) тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 
03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      Қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы, тиындардың сомасына қарамастан, бір 
теңгеге дейін дөңгелетіледі.
 
      Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді 
қамтамасыз етудіКҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
 
      39. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында 
енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес 
деп тану себебін көрсетеді.
 
      Әлеуетті өнім берушіні Заңның 10-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 150-
тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға 
жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп 
пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, Конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға 
өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.
 
      40. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету конкурсқа бөлінген соманың бір 
пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім берушіконкурсқа қатысуға өтінімді 
КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, конкурсқа қатысуға өтінімді қосымша 
қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде енгізуге 
құқылы.
 
      Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге 

конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
 
      41. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
 
      1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік 
талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
 
      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты 
шектеулері болған;
 
      3) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп 
айқындалған, оның ішінде егер ол КҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа 
қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа 
қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
 
      42. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын 
ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді 
қабылдамауға жол берілмейді.
 
      43. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары 
туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған 
жағдайларды қоспағанда, Заңның 21-бабының 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім 
ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты КҚ көзделген критерийлерге сәйкес шартты 
жеңілдіктерді айқындайды.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      44-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің 
тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай 
(ұқсас) түрлері бойынша (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты 
жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда 
осындай пайыз белгіленбейді.
 
      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде 
біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды 
(құрылыспен байланысты емес бір жұмыстан асатын) орындаған жағдайда, конкурстық комиссия 
келесі әрбір құрылыс объектісі (құрылыспен байланысты емес келесі жұмыс үшін) үшін нөл 
бүтін оннан бір (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
 
      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық 
әсері он пайыздан аспайды.
 
      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді есептеу конкурстық 
құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      45. Ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына сәйкестігін 
ерікті растау туралы құжат болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз (0,2%) мөлшерінде 
шартты жеңілдікті береді.
 
      46. Әлеуетті өнім берушіде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы 
заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды орындауды және қызметтерді 
көрсетуді өндірушіге берілген Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық 
стандарттарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын құжат болған кезде 
конкурстық комиссия екі пайыз (0,2%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
 
      47. Әлеуетті өнім берушіде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы 
заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды орындауды және қызметтерді 
көрсетуді өндірушіге берілген Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық 
стандарттарына экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын құжат болған кезде 
конкурстық комиссия бір пайыз (0,1%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
 

      48. Әлеуетті өнім берушіде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы 
заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды өндірушіге берілген экологиялық таза өнім 
стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия бір пайыз 
(0,1%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
 
      49. Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда 
конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты 
жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім берушіұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу 
туралы шартқа енгізіледі.
 
      50. Әлеуетті өнім беруші тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің, 
егер неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар 
тауарлар (көрсетілетін қызметтер), технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды ең 
жақсы материалдан орындау ұсынылса, КҚ көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеуіне жол беріледі.
 
       51. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу 
бойынша конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесі 
қаралған жағдайда, конкурстық комиссияосы конкурста сатып алынатын тауарды, орындалатын 
жұмысты, көрсетілетін қызметті, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің ұқсас түрлерін жеткізу нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. 
 
      52. Критерий - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, 
техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды 
пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау 
комиссиясының не сарапшының қорытындысына сәйкес қолданылады (болған жағдайда). Осы 
критерийдің конкурсқа қатысуға өтінімінің шартты бағасына сомалық пайыздық әсер он 
пайыздан аспауға тиіс.
 
      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған 
техникалық ерекшелікте тауарлардың техникалық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде 
белгіленген тауарлардың мүмкіндіктері шегінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не 
сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте 
әрбір сомалық белгі үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.
 
       Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған 
техникалық ерекшелікте тауарлардың техникалық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде 
белгіленген тауарлардың параметрінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір 
мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте әрбір сомалық 
белгі үш пайыздан (3%) аспауға тиіс. 
 
       Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған 
техникалық ерекшелікте тауарлардың сапасы сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде 
белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің талаптары мен мақсатынан асқан 
жағдайда конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес пайыз (5%) белгілейді. 
 
      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған 
техникалық ерекшелікте тауарлардың пайдалану сипаттамасы (пайдалану мерзімі, тасымалдау, 
сақтау талаптары, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге арналған шығыстары) 
КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптардан асқан жағдайда конкурстық комиссиясы 
әрбір артқан талап үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте әрбір 
сомалық белгі үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.
 
      Сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысы болмаған жағдайда конкурстық 
комиссия осы критерийді қолданбайды.
 
      53. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылатын 
мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателері болса КҚ 
талаптарына жауапты деп танылады
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет