Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


Параграф 17. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

   Параграф 17. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін 
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері 
      221. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі тапсырыс беруші болып табылатын 
мемлекеттік органдармен, мемлекеттік мекемелермен және жедел басқару құқығындағы 
мемлекеттік кәсіпорындармен қолданылады.
 
      222. Заңмен көзделген біліктілік талаптарын анықтайтын, сонымен қатар мемлекеттік 
сатып алуларды өткізудің рәсімдерін және мерзімдерін регламенттейтін нормаларды 
қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алулар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес веб-портал арқылы жүзеге 
асырылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      17-параграф 222-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      223. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 
саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
 
      224. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алудың конкурстарына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік 
тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 5-бабымен көзделген бағытта қызметін 
жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар жарғысына сәйкес қатысады.
 
      225. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алулар кезінде әлеуетті өнім берушілерге келесі біліктілік талаптары 
қолданылмайды:
 
      1) төлем қабілеттілігінің болуы;
 
      2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстарының 
болуы.
 
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талаптар бір қаржы жылынан асатын 
мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алуларға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
 
      226. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 

көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде Заңмен және осы 
Қағидалармен көзделген талаптардан басқа, конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің 
материалдық-техникалық базасына сипаттама және талаптар қамтуы тиіс.
 
      227. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күннен 
кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынудың 
соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 
қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-
порталда орналастырады.
 
      228. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан 
жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы 
күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 
қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін 
веб-порталда орналастырады.
 
      229. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларға 
қатысуға өтінімдерді ашу ұйымдастырушымен конкурстық құжаттамада көрсетілген өтінімдерді 
ұсынудың күні және уақыты өткен кезде веб-порталмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
 
      230. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алудың ашу 
хаттамасы ашылған күні веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
 
      231. Конкурстық комиссия мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік 
сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді веб-портал арқылы олардың конкурстық 
құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысында конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған 
күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды.
 
      232. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар конкурсына өтінімдерді қарау кезінде 
конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың 226-
тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің өтінімін 
қабылдамайды.
 
      233. Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін 
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті 
өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды 
көздейді:
 
      1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық 
ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігін;
 
      2) сатып алынатын қызметтердің тапсырыс беруші ұйымының және салалық мамандығының 
миссияларына сәйкестігін (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның мақсаты);
 
      3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда» болуы туралы 
мәліметтерін;
 
      4) жұмыс тәжірибесінің болуы;
 
      5) жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті қызметті алатындардың сапалы және сандық 
құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары);
 
      6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы;
 
      7) бюджеттік емес көздерден қосымша қаржыларды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет 
(сандық және пайыздық түрінде);
 
      8) тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-
шаралар жоспарының бар болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін 
орны және мерзімі, халықты қамту).
 
      Осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша баллды есептеу 
конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасына сәйкес есептеледі.
 
      Ескерту. 233-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      234. 233-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша бір 

баллдан төмен жинаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері жалпы жиналған 
баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
 
      235. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына 
қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
 
      1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді 
айқындайды және оларды конкурс қатысушысы ретінде таниды;
 
      2) осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған 
техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді;
 
      3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған конкурстық 
баға ұсыныстарына осы Қағидалардың 233-тармағында көзделген техникалық ерекшелікті 
бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдарға қарап шартты азайту бағасын қолданады;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      4) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы 
ресімдейді.
 
      236. Барлық өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталмен 
автоматты түрде қосылып, нәтижесімен әлеуетті өнім берушіге оның техникалық ерекшелігіне 
баллдармен білдірілген қорытынды баға беріледі.
 
      237. Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан төмен әлеуетті өнім 
беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
 
      238. Егер әлеуетті өнім берушімен осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген 
өлшемшарттарды растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, конкурстық комиссия олардың 
техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
 
      239. Шартқа әлеуетті өнім берушілермен өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау 
үшін ұсынылған шарттары енгізіледі.
 
      240. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі және олардың техникалық 
ерекшеліктерін бағалау тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген 
әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты азайтуды қолданылады:
 
      1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 15 
баллдан 20 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға 
ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;
 
      2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 21-ден 
27-ге дейін баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты 
азайтылады;
 
      3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 27 
баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты 
азайтылады;
 
      241. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген баллдарды 
конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге, оның ішінде конкурсқа 
қатысуға бір өтінім берілген кезде есептейді.
 
       242. Конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім жіберілген жағдайды қоспағанда, 
конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық 
баға ұсынымдарына бағаны шартты азайтуды қолданады. 
 
      243. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын 
салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде жеңімпазды айқындайды.
 
      244. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып 
алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып 
танылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      17-параграф 244-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 

№ 521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      245. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу мынадай 
негіздердің бірі бойынша:
 
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
 
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
 
      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
 
      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп 
танылады.
 
      246. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу 
өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
 
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
 
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды 
қайта өткізу туралы;
 
      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      247-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      247. Егер осы Қағидалардың 245-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген 
жағдайларда тапсырыс беруші конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге 
асырады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      248-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      248. Заңның 29-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес егер конкурсқа қатысуға 
бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілсе, тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіден бір 
көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған 
шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауы тиіс.
 
      Ескерту. 248-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      249. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу 
кезінде:
 
      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың 
орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;
 
      2) конкурстық комиссия Заңның 21-бабы 4-тармағында көзделген конкурсқа 
қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;
 
      3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге 
асырылмайды;
 
       4) конкурсқа қатысуға алдын-ала рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды; 
 
      5) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. Әлеуетті өнім берішінің мемлекеттік 
әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 
конкурсқа қатысуға берген өтінімі, егер берілген конкурстық баға ұсынысы осы 
Қағидалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып танылса, конкурсқа қатысуға 
жіберілмейді.
 
      Ескерту. 249-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      250. Осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 
қызметтеріне мемлекеттік сатып алу жүргізу бойынша конкурс жүзеге асырылған кезде 
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.
 
   6. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі 
   1-параграф. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және 
жүргізу 

      251. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және 
жүргізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
 
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды 
қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы мемлекеттік сатып алуда 
соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
 
      2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін 
ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы не тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға 
аукционды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
 
      3) тапсырыс берушiнің бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы аукционды 
ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық 
жоспарының тармақтарын жіберуі;
 
      4) аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны 
(қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;
 
      5) аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;
 
      6) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, 
сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;
 
      7) аукциондық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және 
аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ аукциондық 
құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;
 
      8) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға 
өтінімдерін ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
 
      9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын
 
веб-порталға орналастыру;
 
      10) аукциондық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің аукционға 
қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама 
талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы 
тұрғысынан қарауы;
 
      11) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік 
талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруі;
 
      12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама 
талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға арналған өтінімдерін қайта қарау;
 
      13) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін 
әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану;
 
      14) аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын веб-порталмен автоматты түрде 
салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау және аукционға қатысуға 
рұқсат беру хаттамасын орналастыру;
 
      15) аукционды веб-портал арқылы өткізу;
 
      16) аукционның қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда автоматты түрде 
қалыптастыру және орналастыру;
 
      17) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама 
негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.
 
      252. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион мәні болып табылады.
 
      253. Тауар жеткізудің бірнеше орны болған жағдайда аукцион тәсілімен өткізілетін 
лотта тауар жеткізудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.
 
   2-параграф. Тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) 
аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы 
      254. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды 
қоспағанда, аукционды жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс 
тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.
 
      Сонымен қатар, мынадай:
 
      1) негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз 

етуді (лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді) толық жинақтау, жаңғырту және 
толық жарақтандыру үшін;
 
      2) тауарды лизингке беру қызметін жеткізушіні айқындау және лизинг мәнін толық 
айқындау қажеттілігінің туындауы үшін;
 
      3) тапсырыс берушіде бар тауарды (жабдықты) жөндеу және (немесе) оған техникалық 
қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, егер 
тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы 
модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауына және өндірушінің 
атауына, сондай-ақ өзге де сипаттамаларға көрсетілімдер жекелеген әлеуетті өнім берушіге 
сатып алынатын тауардың тиесілігін айқындаған жағдайда, аукциондық құжаттамада мұндай 
көрсетілімдердің болуына жол берілмейді.
 
      255. Бірыңғай ұйымдастырушы аукцион ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс 
берушінің мынадай құжаттарды:
 
       1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе 
жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам 
қол қойған, аукциондық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс берушінің өкілдері 
ішінен кандидатуралар көрсетілген тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін; 
 
      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты 
хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен 
аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт 
жобасын және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны 
қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.
 
      Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
   3-параграф. Аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не 
сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын 
айқындау 
      256. Аукционды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, 
бірыңғай ұйымдастырушы әрбір аукционға жеке аукциондық комиссия бекітеді және аукциондық 
комиссияның хатшысын айқындайды.
 
      257. Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы 
шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не Заңның 21-
бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы 
немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
 
      Ескерту. 257-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      258. Егер тапсырыс беруші өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және 
өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан 
ұйымдастырушы болып шыққан жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия 
хатшысын айқындау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін 
атқаратын тұлға немесе Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының 
Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге 
асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
 
      Ескерту. 258-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      259. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда 
аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді 
бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
 
      260. Сатып алынатын тауарлардың техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық 
ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет болғанда сараптау комиссиясын құрады не 
сарапшы тартады.
 

      261. Аукциондық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері аукциондық комиссияның 
мүшелері болып табылады. Аукциондық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс 
беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
 
      Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш тұлға 
болуы тиіс.
 
      Бірыңғай ұйымдастырушы құратын аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ 
санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.
 
      262. Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда 
ұйымдастырушының бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға аукциондық 
комиссияның төрағасы болып айқындалады.
 
      Осы Қағидалардың 21, 23-тармақтарында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің 
бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға аукциондық комиссияның 
төрағасы болып айқындалады.
 
      263. Аукциондық комиссия төрағасы болмаған жағдайда аукциондық комиссия құрамы 
қайта бекітіледі. Бұл ретте, бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға, 
ал ол болмаған жағдайда – бірінші басшы аукциондық комиссияның төрағасы болып 
айқындалады.
 
      Бірыңғай ұйымдастырушы құрған аукциондық комиссия қайта бекітілген жағдайда, 
тапсырыс берушінің не Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік 
әкімінің бірінші басшының міндетін атқаратын лауазымды тұлға аукциондық комиссияның 
төрағасы болып айқындалады.
 
      264. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму 
бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші 
басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
 
      265. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы 
орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму 
бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізген кезде Қазақстан Республикасының тиісті 
әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
 
      266. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай 
ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс 
берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
 
      Бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-
техникалық қамтамасыз ету бойынша аукцион өткізген кезде аукциондық комиссияның 
төрағасын орталық атқарушы органның бірінші басшысы айқындайды.
 
      Ескерту. 266-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
       267. Осы Қағидалардың 28-тармағы 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай 
ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың 
және астананың әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады. 
 
      Ескерту. 267-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      268. Осы Қағидалардың 28-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай 
ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде тиісті ауданның, қаланың, қала ішіндегі ауданның 
әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
 
      Ескерту. 268-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      269. Аукциондық комиссияның төрағасы:
 
      1) аукциондық комиссияның қызметін басқарады;
 
      2) осы Қағидаларда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
 
      270. Аукциондық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет 
етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.
 

      271. Аукциондық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады 
және егер аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе
қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы 
дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
 
      Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның 
кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі 
нысанында веб-порталда жарияланады.
 
      Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссия төрағасының қолын 
қоспағанда, аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда 
аукциондық комиссия хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-
порталда жариялайды.
 
      272. Аукциондық комиссияның ұйымдастыру қызметін аукциондық комиссияның хатшысы 
қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссия хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып 
табылмайды және аукциондық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
 
      Аукциондық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларынан 
айқындалады.
 
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда, аукциондық 
комиссияның хатшысы бірыңғай ұйымдастырушының лауазымды тұлғаларынан айқындалады.
 
      273. Аукциондық комиссияның хатшысы:
 
      1) аукциондық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және
 
веб-порталда жариялайды;
 
      2) веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыруды, аукциондық 
құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, аукционға қатысуға өтінімдерді ашу 
хаттамасын, болған жағдайда аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, 
аукционға рұқсат хаттамасын, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы 
хаттамасын, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
 
      3) веб-порталда сараптау комиссиясының не болған жағдайда сарапшының қорытындысын 
жариялайды;
 
      4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
 
      274. Аукционды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы не онымен бір тұлға 
атынан шығатын тапсырыс беруші Заңның 32-бабы 4-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер 
ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық 
ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау 
комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
 
      Аукционды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті 
өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып 
табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау 
үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
 
      Сараптау комиссиясын құру немесе сарапшы тарту туралы шешімді ұйымдастырушының 
бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының 
өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
 
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау 
комиссиясын құру туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін 
атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге 
лауазымды адам қабылдайды.
 
      Ескерту. 274-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      275. Аукцион өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссия мүшелері, аукциондық 
комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы аукциондық құжаттаманың 
бекітілген жобасымен және оған қосымшалармен танысады.
 

      276. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары және басқа да мүшелері 
сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның 
функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны 
тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
 
      277. Аукционды ұйымдастыру және өткізу кезінде сараптау комиссиясы не сарапшы 
әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі 
тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді және аукциондық комиссия шешім қабылдаған кезде 
дауыс беру олардың құқығы болмайды.
 
      278. Аукциондық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер 
ол аукциондық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті 
түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері, не сараптау 
комиссиясын құрмай-ақ сарапшы белгіленген жағдайда, сарапшы қол қояды және аукциондық 
комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың 
электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы аукционға қатысуға рұқсат беру туралы 
хаттамасына қоса беріледі.
 
       279. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың 
аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ұйғарымы ашық дауыс берумен 
жүзеге асырылады және егер оған сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі 
дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. 
 
      Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе, ол болмаған 
жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
 
      Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының 
кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол сараптау комиссиясының 
қорытындысына қоса беріледі және веб-порталда жарияланады.
 
      Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің 
қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын 
құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет