Мемлекеттік тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы


Бірлік пен келісім – мемлекеттіліктің негізі



бет2/3
Дата18.02.2022
өлшемі25,18 Kb.
#25861
1   2   3
Байланысты:
Мемлекеттік тәуелсіздік

Бірлік пен келісім – мемлекеттіліктің негізі

Қазақстан – бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстар достық пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты ел. Еліміздің тұрғындарының саны 19 миллион адамды құрайды, олардың ішінде мемлекет құраушы қазақтар 70%-дан астам.



Тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде біз әртүрлі этникалық топтар арасындағы келісімді сақтап қала алдық. Қазақстанда ХХ ғасырдың 80-90-ыншы жылдарының тоғысында кеңестік заманнан кейінгі кеңістікті қалтырата бастаған ұлтаралық қақтығыстардың қауіптілігін уақытында бағамдай алды. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау біздің мемлекетіміздің ішкі саясатының шетін бағыттарының біріне айналды.

Ұзақ уақыттар бойы бізде халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекше дәстүрі қалыптасты. Оның негізінде қазақтардың тағдыр тәлкегімен біздің ортақ Отанымыздан қоныс тепкен барлық этникалық диаспораларға деген, және кейінгілерінің бір біріне деген толерантты әрі төзімді қатынасы жатыр.

Қазақтардың дәстүрлі ділі мен ұлттық қасиетінде көп құндылықтар тоғысқан. Көшпелі және малшылық өмір салтын ұстанған көшпелілер соңғы бес мыңжылдықтың ішінде киелі Қазақстан жерінде өздерінің бойына ұлттық діл мен этникалық қасиеттің әлемге ашықтық, толеранттылық, қонақжайлық, басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластық сияқты тамаша әрі қайталанбас белгілерін сіңіре алды. Мысалға, қазақтардың қонақжайлығы туралы белгілі ғалым А.И. Левшин: «егер де ауылға бір қонақ келе қалса, әсіресе алыстан келсе, сол сәтте барлығы оны тыңдау үшін жинала қалады, және дастархан жайып,күткені үшін әңгімеден басқа ештеңе талап етпейді», – деп жазады.

Біздегі дәстүрлі билер соты (дала соттары) біздің ата-бабаларымызды жат елдіктерді лайықты қарсы алмағандықтары үшін айып төлеуге міндеттеген. Бұл қасиеттерді біз, қазіргі қазақтар мен қазақстандықтар, әлі күнге дейін жоғалтып алмақ түгілі, одан әрі өркениетті, жаңғыртушылық арнада дамытып келеміз.

Біздің көпұлттылығымыз басқа мемлекеттердегіге қарағанда біршама өзгеше қалыптасты: біздегі көпэтносты карта патшалық әкімшілік пен большевиктер жүзеге асырған жаппай депортациялау, жер аудару, аштық, қазақстандық лагерьлерге түрмеге тоғыту және басқа да саяси аласапырандар барысында пішіліп кескінделді. Сондықтан да біздің көптеген мәжбүрлікпен қоныс аударушыларымыз малға арналған вагондарда, біздің жерімізге аштықтан үзіліп жеткен кездерінде қазақтардың соңғы нанымен бөлісіп, баспана беріп, жақын-туыстарынан да жақын болып, аман қалуына себеп болғандығын ұмытпайды, шынайы достықтың бағасын біледі. Бұл ұлттардың өкілдерін мағынасыз, ағайынның ту сыртынан пышақ ұратын ұлтаралық қақтығыстарға итермелеу қиын.

Қазір Қазақстан халқының 70 %-дан астамын мемлекет құрушы қазақ ұлты құрайды. Ендігі мәселе: осы қазақтардың арасындағы рушылдық, жершілдікті жеңе аламыз ба? Ендігі уақытта ел ішіндегі бірлікті сақтаудың қандай механизмдерін құру қажет? Бұл ойландырарлық мәселе.

Ішкі тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі елдегі дәстүрлі түрдегі рулық, жүздік, ұлттық және діни ерекшелігіне қарамастан үлкенге деген құрмет болып табылады. Байырғы ұлттың өкілі еместер санатындағы аға ұрпақ автоматты түрде тек қазақ жастары тарапынан ғана емес, сонымен бірге ұлтты құраушы қазақ ұлты мәдениетінің бір бөлшегін бойына сіңірген өзге ұлттың өкілдері тарапынан да сыйластық пен ілтипат нысанына айналады. Аға ұрпақты сыйлау дәстүрі ежелгі кезеңнен бастау алады.

Кейінгі жылдары мемлекеттік тіл бір ғана ұрпақтың көз алдында бүкіл Қазақстан халқын ұйыстыру тіліне айналып отыр. Мемлекеттік тілді білу арқылы өзге ұлттың өкілдері автоматты түрде тілдік кедергілер жойылған кезде, «өз адамымыз» болып кетеді. Біздің азаматтарымыз бірін бірі жақсы түсінеді. Ұзақ уақыт бойы жергілікті халықтың тілі заңсыз әрі лайықсыз еленбей, КСРО-ның жергілікті және орталық өкіметінің кесірлі саясаты үстемдік етті. Тек тәуелсіздік қана қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейіне жетуіне мүмкіндік берді. Қазақ тілі мен мәдениетін дамыту міндетін түбегейлі шешпейінше, ұлттық саясат мүмкін болмайтындығын уақыт дәлелдеп отыр.

Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім қаншама ғасырлар мен мыңжылдықтарға ұласпақ. Келешек ұрпақтың міндеті – оларды көздің қарашығындай сақтап, қамқор болу. Бұл үшін біз бір бірімізге қамқорлықпен қарап, шыдамды болып, елдің аумағында тұратын барлық халықтардың тілін, мәдениетін сыйлауымыз керек. Бүгінгі сыннан өткен саясатымыз бен кешегі тарихымыз Қазақстан – ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен келісімнің ұйытқысы болып отырған ел деп нық сеніммен айтуымызға мүмкіндік береді.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет