31.03.2023 жыл 8:30-14:30 Қан тоқтататын бұрауды салу және қан кетуді тоқтатудың басқа әдістері Практика жетекшімізбен бірге қан тоқтату түрлерін түсіндірдік. Таңғышпен қысып байлау. Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын қан ағуды уақытша тоқтатудың жақсы әдісі болып есептеледі. Жараға зарарсыздандырылған мәрліні бірнеше қабаттап, оның үстіне зарарсыздандырылған мақта салынады, ол мәрлімен бірге аяқ-қолдарды орап бинттеу арқылы бекітіледі.
Аяқ-қолдардың буынынан бүгілуі. Тақым артериясының, шынтақтың бүгілуінде иық артериясының, шат иілісіндегі сан артериясының жарақаттануда пайда болатын қан ағу, кейде аяқ-қолдарды осы жағдайда қатты иіп бекіту немесе оларды керу арқылы тоқтатылуы мүмкін.
Жара ішіндегі тамырды қысу. Бұнда залалсыздандырылған резеңке қолғап киіледі немесе қол спирт, йодпен тазаланады және жараға кіргізілген сұқ саусақпен қанның ағымы сезіліп, тамыр қысылады.
Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте бұл тереңдегі жараларда қолданылады.
Қан ағып тұрған тамырға қысқыш салу. Бұл аяқ-қолдардың, жамбастан, іш қуысындағы тамырлардан қан ағуын тоқтату мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады.
Тамырды бойлап қысу. Бұл кейбір ірі тамырдан қан ағуды тоқтатуға мүмкіншілік береді: а) бұғана сүйек асты артериясы басты бұрушы бұлшық еттің төс тұтқасына жабысқан жерінің сыртынан бұғана сүйектің үстінде орналасқан жерде бірінші қабырғаға қысылып басылады: б) күре тамырды VI мойын омыртқасының көлденең өскініне қысып басу керек, ол басты бұрушы бұлшық еттің ұзындығының ішкі жағының ортаңғы жеріне сәйкес келеді. Сан қызыл қан тамыр қасаға сүйегінің көлденең өскініне қысылады: в) тақым қызыл қан тамыры тізе бүгілу жағдайында тақым шұңқырына қысылады: г) иық қызыл қан тамырын тоқпақ жіліктің ішкі бетіне қысу керек.
Ширақты (жгутты) салу. Бұл әдіс әсіресе қызыл қан тамырының қан ағуын тоқтатуда негізгі әдіс болып есептеледі. Қан ағуды біржолата тоқтату.