Мен, Айтбеков Алмат өндірістік практикадан Кентау қаласы жедел жәрдем станциясында практикадағы алғашқы күнім. Практика жетекшіміз Қарабаева Назым Жансейітовна рұқсатымен шақыртуларға кезекпен шықтық
Негізгі бөлім
11.03.2023 жыл 8:30-14:30 ЭКГ түсіру және талдауы Мен, Айтбеков Алмат өндірістік практикадан Кентау қаласы жедел жәрдем станциясында практикадағы алғашқы күнім. Практика жетекшіміз Қарабаева Назым Жансейітовна рұқсатымен шақыртуларға кезекпен шықтық. 11:47 де жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға бардым. Науқас К. 10жаста. Анасының айтуы бойынша 3-4 рет құсуына, 5-6 рет ішінің өтуіне, дене қызуының көтерілуіне тамаққа тәбетінің төмендеуіне, мазасыздыққа шағымданады.Аймақтық дәрігерге телефон арқылы хабарласып бүгін емін алған, смекта, хилак-форте, парацетамол таблеткасын қабылдаған. Созылмалы аурулармен Д есепте тұрмайды.Санасы айқын, көз қарашығы қалыпты, пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. Болжам диагноз: Жіті гастроэнтерит инфекциялық түрі,сусызданусыз. Алғашқы көмек: регидрон 300 мл суға араластырамыз+700мл суға араластырып балаға береміз ауруханаға жеткенше.
Науқастарда ЭКГ түсіру және талдау.
ЭКГ түсірер кезде науқасты кушеткаға жатқызамыз. Оң қолға- қызыл электрод. Сол қолға- сары электрод. Сол аяққа- жасыл электрод. Оң аяққа- қара электрод. Кеуде электродтар қойылатын тұстарына ылғандыратын гелді сүрту. 4 қабырға аралығы төстің оң қыры, 2-4 қабырға аралығы сол қырына,3- 4-5 қабырға алығына сол төс маңы сызығы, 4-5 қабырға аралығы бұғана орта сызығы, 5-5 қабырға аралыға сол қолтық алды сызығы, 6- 5 қабырға аралығы сол қолтық орта сызығы.ЭКГ аппаратын қосып жүргізу тетігін басу арқылы ЭКГ жазу 12 тіркемеде ЭКГ-ны жазып болғаннан кейін аппараты ажыратамыз. Науқастың денесіндегі электродты аламыз. ЭКГ таспасына науқастың аты-жөні, жасы, ЭКГ түсірілген күні жазылады. ЭКГ парағы шықаннан кейін 12 тіркемеге қарап, қалыпты ЭКГ мен салыстыра отырып диагноз қойылады.
18.03.2023 жыл 8:30-14:30 Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау және қолдану Практика жетекшіміз Қарабаева Назым Жансейітқызымен бірге барлығымыз барған шақыртуларымызды және көрсетке алғашқы көмегімізді бір-бірімізбен бөлістік. 10:00 де жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға бардым. Науқас Қыдыр А. 4 жаста. Науқастың анасының айтуы бойынша баласының дене қызуының көтерілуіне, мазасыздығына байланысты шағымданады. Аууының себебін 1-2 күн бұрын мұздай су ішкенмен байланыстырады. Созылмалы аурулармен Д есепте тұрмайды. Науқастың санасы айқын, көз қарашығы қалыпты, тілі таза, бадамша бездері қызарған, ісінген, пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. Дене температурасы 38. Болжам диагноз: Жіті тонзиллит, гипертрофия 1 дәреже. Аймақтық дәрігерге көрінуге кеңес берілді. Ең алдымен тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы ерітіндіні, мақта шариктерін, стерильді қолғап, тамшылатуға арналған штативті, жабысқыш пластырды дайындап аламыз. Қолымызды асептикалық ерітіндімен өңдеп аламыз, стерильдікті сақтай отырып стерильді қолғап киеміз. Флаконның металды қақпағын ортаңғы бөлігін пинцетпен ашамыз. Спиртке малынған мақта шариктерімен 2рет флаконның резеңке тығынын тазалаймыз. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашып, ораудан жүйені шығарамыз. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабамыз. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қақпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгіземіз. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен бос шетін ұстап, штативке бекітеміз. Тамызғышты ақырын қысып , жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырамыз. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигіземіз. Жүйенің ұзын түтігінде ауаның жоқтығына кө жеткізіп тамырға 15 градуста енгіземіз. Флакондағы ерітінді толық біткенге дейін науқастың жанында отырамыз, мүмкін ол таусылып ауа кетіп ауалы эмболия пайда болуы мүмкін. Тамырішілік тамшылатуда мұқияттылықпен қарау керек.