Қорытынды.
Мен Жандабек Мирас Ілиясұлы «Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі» ретіндегі өндірістік практикамның 19.12.2022-31.12.2022 жылы 8:30-14:30 аралығында Қарабаева Назым Жансейітқызымен «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы , Кентау қалалық кіші бекетінде» өттім.Үйренген, жинаған тәжірбием өте көп.Жедел жәрдем бригадасымен 18-ге жуық шақыртуға шықтым. Жедел медициналық жәрдем қызметі қазіргі кезеңде қоғамдық маңызы зор медициналық көмектің бірі болып саналады.Қазақстан азаматтарына бұл көмек мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасына сәйкес тегін көрсетіледі.
Негізгі біздің міндеттер:
Қоғамдық немесе өндіріс орындарында, көшеде, мекемелерде жарақат
алғандарды тасымалдау.Жедел хирургиялық және созылмалы, инфекциялық аурулары бар науқастарды тасымалдау.Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде мамандарды жеткізу.Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалатын шараларға қатынасу.Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жол-көлік оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету.
Осы уақыттың ішінде мен бағдарламалық тақырыптың барлығын қамтып, науқастарға алғашқы көмек бере алдым.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орната отыра, шағымын және анамнезін жинап, объективті тексеріп, дифференциальды диагностика жасап,болжам диагноз қойдым.Және де науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, тасымалдауға көрсеткіш болса, тасымалдадық.Жедел жәрдем бригадасына көп рахметімді айтамын.Барлық диагностикалық шараларды толықтай түсіндіріп, жасауға көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: |