Облыстық олимпиада
25 қарашада Павлодар қаласында «Информатика және
бағдарлама жасау» тақырыбында облыстық олимпиада
өткізілді. Осы сайыста жүлделі орын алған оқушылар:
I орын: Темергалинов Қ . - 6
«Ә»
сынып
II орын: Хайргельдинов А.- 8-сынып
Қайыржан С. – 7
«А»
III орын: Баяманова Г. -8-сынып
«Зерде» ғылыми жоба сайысы
26
қарашада 1-7-сыныптар арасында өткізілетін
облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысы өтті. Барлығы
мектебімізден 13 жоба жіберіліп, іріктеу турына 4 оқушы
қатысты.
6
«Ә»
сынып оқушысы Қонақбаев С. III орынды иеленді.
Ал 6
«А»
сынып оқушысы Алиханова Томирис «Алаш үміті»
номинациясын
иеленіп,
«Балдәурен»
республикалық
орталығына жолдама алды.
«Білімді – мыңды, білекті – бірді жығар»
Халық даналығы
Ғылыми жоба
11 қарашада мектепшілік ғылыми жоба сайысы
өткізілді, барлығы 8 жоба қатысты. Осы сайыста жүлделі
орын алған оқушылар:
I орын: Өміржан А, Рүстем І. - 9-сынып
Михайлнеко Ю. - 10-сынып
II орын: Ибраева С. - 9-сынып
Аманжолова Д. - 11-сынып
III орын: Маденов А. -8-сынып
Хайргельдинов А. - 8-сынып
Облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алған оқушылар:
Өміржан А, Рүстем І
Сейілханова Д
Ибраева С
Хайргельдинов А
КИО (интернет-олимпиадасының) қазақ тілі пәні
бойынша қорытындысы
I орын:Есімханова Ә.
Хасанова А. – 40 ұпай
Искакова М. – 40 ұпай
Кенжегалиева Д. – 40 ұпай
Ибрайкина А. – 39 ұпай
Ғылыми жоба
13 қарашада С.Торайғыров атындағы ПМУ-де
облыстық оқушылардың ғылыми жобалар сайысы
өткізілді. Біздің мектебімізден барлығы 8 жоба
қатысты. Осы сайыста жүлделі орын алған оқушылар:
9-сынып оқушылары Өміржан Ақберен мен Рүстем
Ілияс командалық-топтық жұмыста жүлделі III орынды
иеленді.
8-сынып оқушысы Хайргельдинов Асқар «Өрлеу»
номинациясының иегері атанды.
Мектепішілік пән олимпиадасы өз мәресіне жетті ...
30 желтоқсанда мектепішілік пән олимпиадасы өтті. Биылғы олимпиаданың ерекшелігі
мектебімізде әр пән бойынша оқушылармен жұмыс істейтін жоғарғы оқу орындары ғалымдарының
қатысуымен есте қалды. Жалпы мектепішілік пән олимпиадасына барлығы 117 оқушы қатысып,
оның 79 жүлделі I, II, III орындарға ие болды. Мектепішілік сыннан сүрінбей өткен оқушыларға
облыстық пән олимпиадасында биіктен көрініп,
қоржындары жүлделі орындарға ие болсын деген тілек білдіреміз!
Жеңіс тұғырынан түспеңіздер, құрметті оқушылар!
“Азат күннің жаршысы”
26 қараша күні Ақсу қалалық балалар шығармашылық үйінде ”Сарыарқа самалы” газеті ұжымының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Осы
кеште «Сарыарқа самалы» газетінің ішінен ашылған екі бірдей жинақтың тұсауы кесілді. Біріншісі - “Айналайын” кітапшасы болса, екіншісі - “Жас times”
жинағы баспа беттеріне шықты. Бұл кітапшалар тұғырлы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жарық көріп отыр.
Салтанатты жиынға біздің «Балауса» радио-ақпарат орталығының мүшелері де барып қайтқан еді. Енді “Сарыарқа самалы” газетінің жас тілшісі -
Жарқынбек Амантайұлымен жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Қайырлы күн, Жарқынбек аға! Алдымен сөз бастамас бұрын “Айналайын” және “Жас times” жинақтарының жарық
көруімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқырмандарыңызды талай мәрте қуантасыздар деген үміттеміз.Сонымен,
алғашқы сауалымыз мынадай: “Осы күнге дейін Сарыарқа самалы газетінің жеткен жетістіктері қандай?”
- Рахмет, 80 жылдық тарих оңай тарих емес, бір ғасырды қамтыған дүние, бір ғасыр дегеніміз - бірнеше адамның ғұмыры,
сондықтан “Сарыарқа самалы ”газетінің жеткен жетістігі өте зор. Ең бірінші, Тәуелсіздік жылдарында оқырмандарымыз ондаған есеге
артты. Бұрын газетіміз 1000-2000 дана болса, қазір 40000-ға дейін жетті. Бұл “Оқиды-ау” деген халақтың көбейгендігін көрсетеді.
Тақырыптық та жетістіктер аз емес, ендеше “Жас times” айдарының шығуы да жетістік. Байқасаңыздар, басқа газетте жазылмайтын
дүние “Жас times” беттерінен табылуда. Бұнда ешқандай бөгеу, тыйым салу деген атаулар жоқ, ойда жүрген тақырыптар ашық түрде
жазылады. Ең бастысы - жастарда қайрат жігер болса болғаны. Бұл газетіміздің үлкен жетістігі болып табылады. Сондай-ақ соңғы бір-
екі айда "Оқшау ой", "Апта аптығы" айдарларының шыға бастауы оқырмандарымыз үшін еркін ой түюге жол ашып жатыр. "Оқшау ой"
айдарында кез-келген ойда жүрген дүниені жазуға болады, яғни ештеңеге шек қойылмайды. Осыны біздің бір үлкен жетістігіміз деп
санар едім.
- Керекудегі жастардың белсенділігі қандай?
- Керекудегі жастардың белсенділігі арта түсті деп айтар едім. Бұрын ағаларымыздың кезінде тіпті қазақ тілді орта болмаған екен,
қазір тамаша орта бар. Ол қандай орта? Ол - өлең, әңгіме, мақала жазатын жастардың көбейгендігі. Елімізде болып жатқан жайттарды
талқыға салатын орта пайда болды. Яғни, мәселелерді көтере алатын жастар пайда болды. Бұл да үлкен бір жетістік, сонымен қоса
көптеген ұйымдар бар. Оған дәлел ретінде "Sms" жастар газетін айтуға болады. Дәл осындай қазақ тілді газет республикамызда болған
жоқ. «Жүрген соң күнде баурайында таулардың биіктігі байқалмайда” деп бекер айтылмаған. Егер қазақ тілділердің ортасында болсақ
қазіргідей күрескер, күшті болмас едік. Негізінде, Кереку жері орыстанған жерлердің бірі ғой, сондықтан да, қой көзді жастарымыз
қашанда күреске қайратты, жігерлі болып келуі - табиғи заңдылық.
- “Балауса” газетінің оқырмандарына тілегіңіз
- Ең алдымен сендер алға дұрыс мақсат қоюларың керек. Сол мақсатқа жету үшін ағаларыңнан ақыл-кеңес сұрап, мақалалар жазып,
тексертіп дегендей, енді, бәрінде де кемшіліктер болады. Онда тұрған ештеңе жоқ, онсыз шынығып ширамайсыңдар, осыған ден
қойыңдар деп айтқым келеді. "Балауса" газеті тек мектептің ішінде ғана қалып қоймауы керек?! Бұның жолын тауып, сендер мектеп
бітіргеннен кейін қамқорлық жасай жүріп, аудандық, осы Ақсуда тарайтын газет етсеңдер нұр үстіне нұр болар еді. Сендерден кәсіпқой,
мықты, талантты журналисттер шығады деп сенеміз, үміттенеміз. "Көздеріңде от ойнаса, сөздеріңде жалын бар" дейді ғой қатарларың
көбейеді деген үміттемін. Биік шыңдар тілеймін!
- Сұхаттасқаныңызға көп рахмет! "Сарыарқа самалы" газетінің бағындырар белестері мен асар асулары көп болсын!
Сұхбаттасқан Сәтпекова Әлемгүл
9-сынып оқушысы
«
Айгөлектің» жетістіктері
Біз “Айгөлек” би тобының мүшелері қарашаның 11-14-не дейін Астана қаласында өткен
“Балбөбек” фестиваліне қатыстық. Фестивальге “Түрік” және “Шашу” биін үйірмедегі жетекшіміз
Зембаева Динара Нығматуллақызының бастауымен апардық.
Астанада біз көптеген басқа би топтарының мүшелерімен таныстық. Сайыста Қостанай
облысынан “Вздохновения”, Астана қаласынан “Тұмар” би ұжымдарымен бақ сынастық. Біз көп
жерлерге бардық. Маған мәдени ойын-сауық кешені “Думан” сауда орталығына барған сәт өте
ұнады. Сонымен қатар Джунгли бағына қыдырып барғанымыз да ерекше есте қалды. Жалпы
сайыста біз III дәрежелі дипломмен оралдық.
Мажинова Эльмира 6
«Ә»
сынып оқушысы
КТК кезекті додасы ...
4 қараша күні 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен КТК ойындары өткізілді. Бұл сайысқа 7-11 сынып аралығындағы
оқушылар қатысты. Осы додада 7-8 - сынып оқушыларының әзілдері айрықша көзге түссе, 9 - сынып оқушыларының үй тапсырмасы
ерекше әсер қалдырды. Ал 10-сынып оқушыларының таныстыруы мен 11-сынып оқушыларының музыкалық көріністері көрермен
көңілінен орын алды.
Ойын нәтежиесі бойынша 11-сынып оқушыларының “Реальный жігіттер” командасы биіктен көрінді. Сонымен қатар әзіл-кеште
“Мистер КВН” атағын Арынов Диас жеңіп алса, “Мисс КВН” атағына Имангазина Адина ие болды.
Жалпы КТК ойындары мектеп қабырғасында жиі өтіп тұрады. Бұл оқушыларымыздың күнделікті сабақ барысында шаршаған
сәттерін басатын «көңіл сергітер тәтті витамин» деп айтсақ артық болмас.
Сәтпекова Әлемгүл 9-сынып оқушысы
«Тәртіп – білімге бастар жол,
Ал мәдениет – өркениетке апарар жол»
Асқар Жұмаділдаев
Желтоқсан-ызғары
Желтоқсанның ызғарлы бір күнінде,
Шықты алаңға Отан үшін бәрі де.
Азаттықты аңсаған жас қырандар,
Төзе білген суыққа да өлімге
Альдекенова Айнұр 6
«Ә»
сынып оқушысы
Тәуелсіздік арманы
Тәуелсіздік күні дейміз бұл күнді,
Бабалардың сан ғасырлық арманы.
Жиырма жылда жеттік біздер биікке,
Даласы,тау-тасы орманы.
Тәуелсіздік күні дейміз бұл күнді,
Бабалардың сан ғасырлық арманы,
Отанымыз-қазақтың кең даласы.
Өзен-көлі, тау-тасы мен орманы
Боранбаева Айнаш 6
«Ә»
сынып оқушысы
Тәуелсіздік ұраны
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып қалған шырағы.
Өмірбекова Айжан 6
«Ә»
сынып оқушысы
Туған жер
Туған жерім бесігім,
Мәпеледің ,өсірдің
Туған жерім келешекте,
Қорғаныңмын мен сенің.
Туған жерім қымбатсың!
Таза ауаң да, суың да
Қымбат маған бәрі де,
Орман, тоғай, бауың да.
Аменова Толқын 6
«А»
сынып оқушысы
Біздің Қазақстан
Алтай-Жайық арасы-
Жарты әлемдей даласы,
Ол-біздің Қазақстан!
Кенге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол-біздің Қазақстан!
Жастан сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусәр ән,
Ол-біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ,
Ол-біздің Қазақстан!
Смагулова Диляра 2
«Ә»
сынып оқушысы
16 желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары.
Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы!
Молдабаева Мерей 2
«Ә»
сынып оқушысы
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік сөзі -
Он бір әріптен тұрады.
Ең қымбатты, әң әсерлі
Сөз болып табылады.
Жиырма жыл болды,
Жастарымыздың ерлігіне,
Болаттай мықты Қайратымыз,
Күмістей жарқыраған Ләззатымыз
Батыл болған Ерболымыз,
Сәбира апайды ұмытпаймыз,
Ноғайұлы Қайратымыз,
Жасаған ерліктеріңіз,
Жүзеге асты тілектеріңіз.
Сіздерді мақтан тұтамыз,
Сіздерді мәңгі ұмытпаймыз!
Боранбай Бихан 5
«Ә»
сынып оқушысы
Туған жерім
Туған жерім - Қазақстан байтақ елім
Туып-өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең , табынсаң думан елге
Ардақта да мен деген бол азамат
Елім, жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Біз аманат еткен адам-Нұрсұлтан
Нұрдың да, алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға, алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
Амангелді Диас 2
«Ә»
сынып оқушысы
Туған жерім
Туған елім-
Менің асыл бесігім.
Туған жерім-
Менің алтын мекенім.
Мәңгі соғар
Сен деп
Менің жүрегім!
Рамазанова Аяулым 3
«Ә»
сынып оқушысы
Қазақстан
Қазақстан-баға жетпес елім менің,
Қазақстан-ұраным, әнім менің.
Мақтан тұтам жерімді туып-өскен
Тәуелсіз Қазақстаным, жерім менің!
Ата-бабам армандаған ұлы ел.
Батырлары жауға шауып қорғады,
Қанын, жанын сен үшін тырнады.
Сәбира, Қайрат, Ләззат батырлар ...
Отанды қорғап-ақ, көзін жұмып құлады.
Бүгінгі күн - тарихымыздағы Ұлы күн.
Тәуелсіздігін жариялады қазағым,
Бұл оқиғалы желтоқсан,
Есімізде қалар әрқашан
Калиева Дильназ 4
«Ә»
сынып оқушысы
Тәуелсіз ел
Тәуелсіз, азат елім менің
Қазақстан жерім-елім.
Мақтанамын тәуелсіз ел болғанға
Қазақстан Республикам менің!
Бавархан Есбол 4
«Ә»
сынып оқушысы
Елім менің
Сүйем сені елім менің
Ата-бабам туған жерім.
Қазағымды қорғаған батыр бабалар
Қазақ болғаныма мақтан тұтам!
Момынтаева Дильназ 4
«Ә»
сынып оқушысы
Қазақстан
Көк байрағы көк аспанда қалықтап,
Әнұраным шырқалады шарықтап,
Нұрсұлтандай ағамыз бұл халықты.
Әлемдегі барлық елге танытты.
Уәлихан Адина 3
«А»
сынып оқушысы
Тәуелсіздікке 20 жыл
Тәуелсіздік не берді,
Егенмен елді берді.
Тәуелсіздік таңы атып,
Керемет шақ тез келді.
Қазақстан жиырма жылда,
Танымастай өзгерді.
Мектептегі балалар,
Шат күлкіге кенелді.
Тарихта кеткен аталар,
Кітаптарға енеді.
Абай Асхат 4
«А»
сынып оқушысы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік жиырма жылдың ақ таңы !
Тәуелсіздік-бар қазақтың мақтаны!
Тәуелсіздік-балдырған бал бөбектің
Тіліндегі төрт тармақты өлеңі!
Тәуелсіздік-ғарышқа мінген қазақтың
Терең ойлы,текті ұлы –Тоқтары!
Тәуелсіздік-бейбітшілік кеніші!
Бәрін айт та, бірін айт
Тәуелсіздк-Қайрат пенен Ләззәттың жеңісі!
Рахимжанова Рамиля 3
«Ә»
сынып оқушысы
Байтақ Қазақстан
Жері байтақ, табиғаты сұлу, туған елім,
Егемендік, тәуелсіздік алған елім.
Көп ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп,
Достығымыз жарасқан халқым менің.
Елордасы Астана, қазақ елім
Елбасымыз Нұрсұлтан жасай берсін!
Көк байрақ желбіресін биіктерде
Аспаны ашық халқы тыныш, туған жерім.
Жұмабаева Дильнар3
«Ә»
сынып оқушысы
Біз - туған ел баласы
Асыр салған таласып,
Біз - туған ел баласы.
Қандай байтақ Отаным
Жан-жағына қарашы
Бәрін көріп келеміз,
Болашаққа сенеміз.
Жақсы оқумен еңбекпен
Біздер жауап береміз
Отаным кең көсілген,
Қаптаған мал,алып дән,
Төсінде ырыс өсірген
Бәрі менің иелігім.
Қазбеков Мұхамеджан 3 «Ә» сынып оқушысы
Тәуелсіздік
Мен сүйемін елімді,
Мен сүйемін жерімді,
Салт-дәстүрін ұмытпай,
Намысын қасақана таптатпай,
Тілді құрдымға жібермей,
Досқа күлкі болмаймын деп,
Тәуекелге бел байлап,
Тәуелсіздік алдың сен,
Бүгінгі соның жиырма жылдық
Мерей тойын тойлайық!
Касенова Сағида 4 «А» сынып оқушысы
Қазақстан
Қазақстан Отаным
20-жылдық жасы бар
Елімнің екі жүрегі
Алматы мен Астанам
Кең байтақ меніңі елімде
Орналасқан көп ұлттар.
Сембай Сұлтан 3
«Ә»
сынып оқушысы
Сембай Сұлтан 3 «Ә»
Отан
Отан менің өз жерім,
Отан менің өзегім,
Ер жетемін салуда.
Бақыт құшып жүремін,
Отанды мен сүйемін.
Абшукур Анаргуль 3
«Ә»
сынып оқушысы
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Президентіміз қазақ болсын деп,
Жастарымыз шықты алаңға.
Султанова Айсара 4 «А» сынып оқушысы
Тәуелсіз Қазақстан
Жері байтақ гүл жайнаған
Атамекен Қазақстан
20 жылдық байлық туған
Тәуелсіз Қазақстан!
Кеңес Темірхан 4 «А» сынып оқушысы
Тәуелсіз ел тарихы
Тәуелсіз ел тарихы!
Ерте заман обастан қазақ халқы
Ел болуға талай ғасыр шайқасты
Үйсін,сақтар, ғұндар патша-батыры.
Еуропаның төріне даңқы өрлеп жайғасты.
Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті
Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр.
Бастан кешкен зар заман отаршылдық езгісін
Болашағы елімнің –бүгінгі ұрпақ көрмесін!
Омирзанова Аяжан 4
«А»
сынып оқушысы
Тәуелсіздікке 20 жыл
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.
Болмасам да сол кезде мен сеземін,
Жүректе намыс оты сөнбегенін.
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күн оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан ,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тасова Дариға 4 «А» сынып оқушысы
Бетті әзірлеген: Сәтпекова Әлемгүл
Тәуелсіздікке 20 жыл
Биылғы жылы біздің тәуелсіздігімізге 20 жыл толды.Тәуелсіздігіміз 1986 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.Тәуелсіздігіміздің
ашылуы Алматы қаласында болды. Республика алаңына шыққан жас жігіттер мен қыздар: Ләззат Асанова,Қайрат
Рысқұлбеков,Сабира Мұхамеджанова.Солаға-апаларымыз әлі біздің тәуелсіздігімізді қорғап жүр. Олар жандарын қинап дүниеден
өтті.Және де олар қорықпай,алаңға шығып тәуелсіздігімізді басқа елдерден қорғаған.Сол күні өте суық болды.Желтоқсан желі қатты
болды.Оларды
түрмеге
отырғызғанда,өлең
шығарып,біздерге
қалдырған.
Сол
күні
қар
да
қатты
жауды.Сол
аталарымызды,ағаларымызды ешқашан ұмытпауымыз керек.Әрбір адам оларды естерінде сақтауы керек.Олар сол жастарында
қайтыс болған.
Олар да бақытты балалардың біріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |