Мен жастарга сенемін. Мағжан жастапы Газет 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата10.01.2017
өлшемі3,8 Mb.
#1580
  1   2   3   4   5   6

Жаннан қымбат оларга ар,

Мен жастарга сенемін.

Мағжан

жастапы


Газет 2013 жылдың 

қыркүйек айынан бастап  шығады

№ 34 

(156)

Қызылорда  облыстық жастар  газеті 

25 тамыз, 2оіб жыл

............ ....— ® — ~—



СЕРТИФИКАТ

....................  

-г.

'7 миллион ”!



>91  Ж Ы Л ҒЫ  

ДЕҢГЕЙДЕН

ЕСЕГЕ ЖУЫҚ 

ЖОҒАРЫЛАДЫ

ЖҮК АЙНАЛЫМЫ



ж ы л

табысы

тә у е л с із д ік к е

 

а қ м е ш іт



 

ж астары ны ң

Ж АСАМ ПАЗ

ЖАСАҚ

Облысымыздағы  құрылыс  нысандарының  қар- 

қынды жүруіне  «Жас құрылысшылар» жасағы  да  өз 

үлесін  қосуда.  Бұл  жасақ  2013  жылы  жұмысын  бас- 

тады.  Оның  құрамында  16-29  жас  аралығындағы  кез 

келген  жас  жұмыс  жасай  алады.  Жасақ  қатарында 

кәсіп  түрін  игерген  150-ге  жуық  сарбаз  тұрақты 

жұмысқа  орналасты.  Үстіміздегі  жылы  облыс  әкімінің 

жастармен  бейресми кездесуінде жас құрылысшылар 

жасағының жетекшісі  Сәдірбек Жұмабеков жұмыссыз 

жастардың  мәселесін  айтып,  қолдау  көрсетуін 

сұрады.  Облыс әкімі ұсынысты  қолдап,  аймақтағы 

құрылыс  нысандарына  516 жастың жұмысқа  тұ- 

руына  мүмкіндігі  барын  айтты.  Қазіргі  таңда 

13 құрылыс компаниясында  270-ке жуық жас 

жұмыс істеуде.  Осылайша үш жылда 900- 

ге жуық жас  облыс  көлеміндегі  әлеу- 

меттік  құрылыс  нысандарында 

еңбек етті.

ДӘ СТҮРЛІ

ТАМЫЗ  КЕҢЕСІ

Құралай РАХЫМБАЕВА

Кеше  «Білімді  ел  -   мәңгілік  ел»  тақырыбында  облыстық  білім 

саласы  қызметкерлерінің  дәстүрлі  тамыз  кеңесі  өтті.  Н.Бекежанов 

атындағы  облыстық  драма  театрында  өткен  тамыз  кеңесіне  облыс 

әкімі Қ.Көшербаев, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшы- 

сы  Ә.Рахымжанов,  «Назарбаев  зияткерлік мектебі»  дербес  білім  беру 

ұйымдарының басқарма төрайымы К.Шамшидинова, Қазақ тағамтану 

академиясының  президенті  Т.Шарманов,  мәслихат  депутаттары, 

басқарма басшылары жэне ардагер ұстаздар қатысты.

зо 

там ы з

 - 

ко н с ти туц и я

 

к ү н і

а л т ы н

  ЛІҢГЕК

Жыл  сайын  дәстүрлі  түрде  өткізіліп  келе  жатқан  тамыз  кеңесі 

-   жаңа  оқу  жылының  басты  міндеттерін  айқындайтын  алқалы 

жиын.  Білім  саласында  жеткен  табыстарды  ғана  емес,  қордаланған 

мәселелерді  де  алға  тартатын  үлкен  алаң.  Ұстазға  артылар  салмақ 

пен  көрсетілетін  құрметтің  де  танылар  сәті.  Мұғалімнің  мәртебесі 

мен міндетін айшықтай түсетін орта.  Міне,  осындай ортаға жиналған 

қауымға «тамыз конференциясын ашық»  деп жариялаған облыс  әкімі 

Қырымбек  Көшербаев  «ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  деген  ұлы 

Мұхтар  Әуезовтің  даналық  сөзін  алға  тартып,  ең  әуелі  мектепке 

зер  салуға,  мектептегі  білім  беру  мен  тәрбиеге  ерекше  көңіл  бөлуге 

шақырды.


2-бетте

Гулбаиу МАҚАЖАН

Тәуелсіздігіміздің 

тұғы- 

ры, 

тіршілігіміздің 

тірегі 

Ата  Заң  түп  тамырынан 

бастап  тұнған  тәрбие.  «Қа- 

сым ханның қасқа жолы» мен 

«Есім  ханның  ескі  жолы», 

«Жеті  жарғы»  ел-жұртты 

жақсылыққа  жетеледі.  Елді 

тәртіп  пен  бірлікке  шақы- 

ратын  осы  ережелер  -   бү- 

гінгі  Конституция.  Ата  Заң 

-  осы зайырлы мемлекеттің 

зейінді тұрғындарына арнал- 

ған  айбынды  құжат.  Ондағы 

құқық пен бостандық егемен 

елдің  ұланына  еркіндік  беріп 

қана  қоймай,  салауатты  ғұ- 

мыр кешуге шақырады.

Қабылданғанына  20  жыл- 

дан  асқан  Конституция  бүгі- 

німіз  бен  келешегіміздің  ке- 

мелдігінщ 

көрінісі. 

Жаңа 

Конституция  қабылдау  арқылы 



еліміз  жаңа  дәуірге  қадам  бас­

ты. 


Ата  Заңымызды  қабыл- 

дап,  мемлекеттік  рәміздеріміз 

Елтаңба,  Туымыз  бен  Әнұра- 

нымызды  бекітіп,  төл  теңгені 

дүниеге  әкеліп,  дамыған  елдер- 

мен  тереземіз  теңесті.  Әлемдік 

өркениеттің  шыңына  ұмтылып, 

жасампаз  жаңа  дәуірге  қадам 

бастық.  Ата  Заң -   еліміздің  бар- 

ша жарқын істерінің қайнары. Біз 

аз  уақытта  айбары  асқан  қуатты 

ұлтқа,  дәулеті  тасқан  әлеуетті 

елге  айналдық.  Отан  анамыздың 

шекарасын  шегелеп,  іргемізді 

мызғымастай  етіп  бекіттік.  Тағ- 

дыр  тоғыстырған,  тарих  табыс- 

тырған  түрлі  ұлт  өкілдері  Ата 

Заң  қағидалары  төңірегіне  топ- 

тасты. 

Еуразияның 



жүрегіне 

орналасқан  елордамыз  әлемге 

руханияттың  ірі  орталығы,  сая-

саттың іргелі  ордасы ретінде  та- 

нылды.

«Конституция  біздің  бостан- 



дығымыздың  негізіне  айналды. 

Ол  бізге  тәуелсіздік  алып  кел­

ген  жеңістеріміздің,  біздің  тап- 

қан 


табыстарымыздың 

бүкіл 


кешенін  баянды  етті.  Консти- 

туцияның  бізге  берген  ең  бас- 

ты  құндылығы  -   таңдау  құ- 

қығы, 


басқаша  айтқанда, 

өз 


өміріңнің  қожасы  болу  кез  кел­

ген  қазынадан  бағалы»  деген 

еді  Елбасы Н.Назарбаев.  Ата За- 

ңымызды  бұлжытпай  орындап 

Отанымыздың  бірлігі  нығайып, 

елде  тұрақтылық  пен  татулық 

орнады.  Демократиялық,  зайыр­

лы,  құқықтық  және  әлеуметтік 

мемлекет 

ретінде 


орныққан 

елдің басты тірегі еліміздің әрбір 

тұрғынына  демеу  бола  білді. 

Бүгінде  өз  құқығымыз  бен  бос- 

тандығымызды 

Ата 


Заңсыз 

елестете 

алмайтын 

деңгейге 

жеттік. 

Күнделікті  тіршілікте 

түйіткіл  тумас  үшін  Конститу-

цияда  бекітілген  заңнамаларға 

жүгінеміз.  Ата  Заң  осылайша 

халыққа  қызмет  етіп,  тірегімізге 

айналды.  Еліміздің  басты  құ- 

жаты  мемлекет  пен  қоғам  үшін 

ғана  емес,  өзіміз  бен  отбасы 

үшін  де  маңыздылығы  терең. 

Этнографтардың  пайымдауын- 

ша,  әлемде  3,5  мыңнан  аса  ұлт 

бар  екен.  Бірақ  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  қатарында  бүгінде 

тәуелсіздігін  алған 

193  мем­

лекет  қана  бар.  Бұл  әлемде 

тәуелсіздігін  ала  алмай,  азат- 

тықты  аңсап,  дербестікке  қол 

жеткізе  алмай  жүрген  елдер 

өте  көптігін  білдіреді.  Конс- 

титуцияда 

көрсетілген 

жа- 


уапкершілікті 

сезініп, 

Ата 

Заңымызды 



құрметтеп, 

қор- 


ғап  және  маңыздылығын  жо- 

ғалтпай  сақтай  білу  әрбір  са- 

налы 

азаматтың 



парызы. 

Тәуелсіздігімізді  қадірлеп,  Ата 

Заңымызды  ардақтап,  ел  бола- 

шағын жарқын ету жолында же- 

місті еңбек етуіміз керек.


ДӘСТҮРЛІ  ТАМЫЗ  КЕҢЕСІ

Білім  сапасын  арттыруға  бағыт- 

талған жұмыстарға тоқтала келе:

-  Сапалы білім -  қомақты қаражат 

талап ететінін  ескеріп,  өзге  бірде-бір 

саламен 


салыстыруға 

келмейтін 

қаржылық  қолдау  көрсетіп  келеміз. 

Биыл  білім  беру  саласына  облыстық 

бюджеттің  38  пайызы,  нақты  айтсақ 

75  млдр.  теңге  бөлінді.  Соңғы  төрт 

жылда  Қызылорда  облысы  білім 

беру  саласының  бюджеті  34  млрд. 

теңгеге, яғни  екі есеге артты. Бүгінде 

жалпы  облыс  бюджетінің  62  пайы­

зы  әлеуметтік  салаға  бағытталады. 

Қызылорда  облысының  әлеуметтік 

шығындарды жан басына шаққандағы 

үлесі  республикада  соңғы  3  жыл 

бойы бірінші орында тұр. Әлеуметтік 

дамуда  республикалық  аймақтардың 

ішінде  ең  көп  қаржы  бөліп  отырған 

да -  Қызылорда облысы, -  деді облыс 

әкімі.  Бұл  әрине,  үлкен  мақтаныш. 

Содан кейін облыс  басшысы Қырым- 

бек  Елеуұлы  бүрынғы  Білім  және 

ғылым  министрі  ретінде  бұл  сала- 

да  үлкен  тәжірибесі  бар  екенін  айта 

келе,  білім  жүйесін  жетілдіруге  қа- 

тысты бірқатар ойларын да ортаға са- 

лып, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу 

керегін жеткізді.

-  Б ¥ ¥  ЮНИСЕФ-тің мәліметі бой- 

ынша  қазақстандық  оқушылардың 

жартысы  ғана  «денсаулығы  жақсы» 

деген  топқа  жатады.  Қалған  балалар 

түрлі  аурулар  бойынша  тәуекел  топ- 

тарына тіркелген. Денсаулығына бай- 

ланысты  тәуекел  тобына  тіркелген 

қызылордалық  оқушылардың  үлесі 

-   47  пайыз.  5-тен  14  жасқа  дейінгі 

жасөсіпірімдердің  өз-өзіне  қол  салу 

көрсеткіші  бойынша  Қазақстан  ал- 

ғашқы  ондыққа  кірген.  Даму  көрсет- 

кіші  бойынша  артта  қалған  Африка 

елдерімен  бір  қатарда.  Өткен  жылы 

ЮНИСЕФ  пен  Қызылорда  облысы 

бірлесіп  іске  асырған  суицидтің  ал- 

дына  алуға  бағытталған  пилоттық 

жобасы аясында облыстағы 35 мыңға 

тарта  жоғары  сынып  оқушылары  ар- 

найы  сауалнамаға  қатысты.  Зерттеу 

қорытындысы бойынша суицидтік мі- 

нез-құлық танытатын тәуекел тобын- 

дағы  бала  саны  10  есе  өсіп,  1200-ден

асты.  Соның  үштен  бірі  өздерінің 

суицидке  барғандарын  алғаш  рет 

мойындаған.  Мұндай  жағдай  өзге 

де  өңірлерге  тән  болуы  заңды,  -   дей 

келе,  облыс  әкімі  ұстаздар  қауымын 

осы  мәселеге  ерекше  назар  ауда- 

рып, 

қадағалауға,  тәрбиеге 



баса 

көңіл  бөлуге  шақырды.  Бүгінде  мек- 

теп  бітірген  көп  түлектің  «не  істеп, 

қайда  барарын  білмей»  бағдарсыз 

қалуы  да,  мектеп  жасындағы  жас 

қыздардың жүкті болуы да, не оқуда, 

не  жұмыста  жоқ  жастардың  көбеюі 

де,  «қоғамға  наразы,  мемлекетке 

өкпелі,  ата-анасына  қайрылмайтын» 

ортаны  қалыптастыратын,  оның  бір 

ұшы ұстазға келіп тиетінін жасырма- 

ды.


-  ¥стаз бала тәрбиесіне үлкен зер 

салуы керек.  Баланың мінез-құлқын, 

оның  жаны  мен  жүрегін  жасыт- 

пай,  санасы  биік тұлға тәрбиелеудің 

әдіс-тәсілдеріне  шындап  кіріспесе, 

белсенді  әрекетке  көшпесе,  жас 

ұрпақ  заман  талабына  лайық  бола 

алмайды.  Тәрбиесіз  берілген  жалаң 

білім  Абай  атамыз  айтқандай  «ке- 

мел  адамды»  қалыптастыра  алмай- 

ды.  Қазір  әлемдік  педагогиканың 

өзі  тәрбиені  білімнің  алдына  қойып 

отыр.  Бала  санасына  ғылым-білімді 

тықпалай  берудің  орнына  келешек- 

те  сол  білімді  өз  бетімен  алудың 

жолдарына  баса  көңіл  бөлуде.  Біз 

білім  алудың  жолдарын  меңгерген, 

күнделікті  өмір  сынақтарына  дай- 

ын, ұлттық құндылықтарға терең су- 

сындаған,  әлемдік  мәдениетке  құр- 

метпен  қарайтын  ұрпақ  тәрбиелей 

алсақ,  келешегіміздің  кемелдігін  де 

қамтамасыз  ете  аламыз.  Міне,  дәл 

осы ұлт тәрбиесі мәселесінде қазақы 

қасиетінің 

қаймағы 


бұзылмаған 

біздің  Сыр  елінің  республикаға 

көрсетер  озық  үлгісі  мол  болуы  ке- 

рек,  -   деген  облыс  әкімі  «барлық 

күш-жігерді 

жаңа  ұрпақты  тәр- 

биелеуге  жұмсау  керектігін»  ұстаз- 

дарға ескертті.

Өңір  басшысы  төрағалығымен 

өткен алқалы жиында сөз алған Білім 

және  ғылым  министрлігінің  жауап- 

ты  хатшысы  Әмірхан  Рахымжанов

білім  беру  саласында  қол  жеткізген 

табыстар  мен  білім  беру  жүйесін 

жетілдірудегі 

мақсат-міндеттерге 

тоқталды.  Ал облыстық білім басқар- 

масының басшысы Бақытжан Сайлы- 

баев  өңірдегі  білім  беру  саласының 

жай-жапсарын  баяндады.  Өңірде  үш 

ауысыммен  оқитын  мектептердің 

жойылғанын,  мектепке  дейінгі  бала- 

лардың  100  пайыз  балабақшамен 

қамтылғанын  жеткізді. 

Бюджеттен 

бөлінген қаражат есебінен жөнделген 

білім 

ошақтары 



мен 

Байқоңыр 

қаласында  қазақ  балабақшасына  де­

ген  халық  сұранысын  да  тілге  тиек 

етті.  Осы  ретте  телекөпір  арқылы 

байланысқа  шыққан  аудандағы  білім 

басшылары  мен  ұстаздар  да  өз  ой- 

пікірлерімен бөлісті.

«Мектепке  дейінгі білім  беру мен 

оқыту,  орта  білім  беру,  техникалық 

және 

кәсіптік 



орта 

білім 


беру 

жүйесін  жетілдіру,  оның  мазмұнын 

жаңарту,  республикалық  білім  беру 

мен  дамытудың  2016-2020  жыл- 

дарға  арналған  мемлекеттік  бағ- 

дарламасының  мән-мәтінінде  жүзеге 

асырылады» 

деген  білім  басқар- 

масының басшысы, осы бағдарламада 

аясында,  ең  алдымен  білім  берудің 

инфрақұрылымын  дамыту,  орта  бі- 

лімнің  жаңартылған  мазмұнға  көшу, 

мектептегі  бес  күндік  оқу  аптасы 

мен  12 жылдық жүйеге көшудің жай- 

жапсарымен таныстырды. Одан кейін 

сөз  алған  «НЗМ»  дербес  білім  беру 

ұйымдарының  басқарма  төрайымы 

Күләш Шамшединова жаңа заман та­

лабына сай ұстазға қойылатын міндет 

пен талапты ескере кетті.

Тамыз  кеңесі  соңында  өңірге 

еңбегі  сіңген  ұстаздар  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  Құрмет  төс 

белгісімен,  Құрмет  грамотасымен, 

Алғыс  хатымен,  Қызылорда  облы- 

сы  әкімінің  Құрмет  грамотасымен 

марапатталды. 

Ал  облыс  әкімінің 

үздік  орта  білім  беру  ұйымы  об- 

лыстық конкурсының жеңімпазы деп 

танылған №4  дарынды  балаларға  ар- 

налған  мектеп-интернатына  17  мил­

лион  теңгенің  сертификаты  табыс- 

талды.


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ  ӘДЕБІ  БАҚЫЛАУДА

¥ л т жоспары - Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың бес институционалдық 

реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі 

100  нақты  қадам.  Бас  құжат  аясын- 

да мемлекеттік қызметшілердің жаңа 

әдеп  кодексі  қабылданып,  этикалық 

нормаларды  бұзуға  әкелетін  және 

жемқорлық  құбылыстар  туындата- 

тын жағдайлардың алдын алу  бойын- 

ша шаралар қарастырылған.

Бұл  Кодекс  мемлекеттік  қызмет- 

шілердің  моральдық-әдептілік  бей- 

несіне қойылатын жалпы талаптарды, 

сондай-ақ  олардың  мінез-құлқының 

негізгі 


стандарттарын 

белгілейді. 

Халықтың  мемлекеттік  органдарға 

сенімін  нығайтуға,  мемлекеттік  қыз- 

метте  өзара  қарым-қатынастың  жо- 

ғары 


мәдениетін 

қалыптастыруға 

бағытталған.  Кодексте  мемлекеттік 

қызметшілердің  ұстануы  тиіс  мінез- 

қүлықтарының  жалпы  стандарттары 

мен қызметтен тыс  уақыттағы мінез- 

құлық стандарттары бекітілген.

Жалпы  стандарттарға:  мемлекет- 

тік  қызметшілердің  өздері  қабыл- 

дайтын  шешімдердің  заңдылығы, 

әділдігін  және  ашықтығын  қамта- 

масыз  ету,  жеке  сипаттағы  мәселе- 

лерді  шешу  кезінде  өзінің  қызметтік 

жағдайын 

пайдаланбау, 

іскерлік 

әдепті  және  ресми  мінез-құлық  қа- 

ғидаларын  сақтау  жатады.  Яғни, 

мемлекеттік  қызметшілер  азамат- 

тармен,  ұжымда  сөз  сөйлеуде  сыпа- 

йылық  пен  әдептілікті  ұстануы  қа- 

жет.  Өз  кезегінде,  халықпен  өзара 

қарым-қатынасының 

негізгі 


көр- 

сеткіші  -   мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтердің  сапалы  болуы.  Мемле-

кеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез- 

құлқы  мемлекеттік  аппаратқа  деген 

сенімді  бұзатынын  түсіне  отырып, 

оған  жүгінген  азаматтардың  әрбір 

мәселесіне  ұқыпты  қарап,  шешім 

қабылдау  барысында уақыттылығын, 

заңдылығын  және  әділдігін  қамта- 

масыз ету қажет.

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі 

кеңестің  6  отырысы  өтіп,  34  мәселе 

қаралды.  Оның  24-і  мемлекеттік 

қызметшілерге 

қатысты  тәртіптік 

істер  болса,  6  мемлекеттік  орган 

басшыларының,  аудан  әкімдерінің 

мемлекеттік  қызмет  және  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 

заңнаманы  бұзушылықтардың алдын 

алу  бойынша  жұмысының  есептері 

тыңдалды.  Қаралған  тәртіптік  істер 

нәтижесімен  14  мемлекеттік  қызмет- 

шіге  тәртіптік жаза қолдану жөнінде 

ұсыныс  берілді.  Мәселен,  ағымдағы 

жылдың  6  айында  Құқықтық  статис­

тика  және  арнайы  есепке  алу  жө- 

ніндегі  органның  мәліметіне  сәйкес 

облыста


6  мемлекеттік  қызметшінің  қо- 

ғамдық  орындарға  адамның  қадір- 

қасиетін  қорлайтын  масаң  күйде 

жүргендігі  үшін,  3  мемлекеттік  қыз- 

метшінің  көлік  құралын  алкогольдік 

мастану  күйінде  басқарғаны  үшін 

әкімшілік  айыппұлдар  салынғаны 

белгілі  болды.  Қызылорда  облы- 

сы  бойынша  мемлекеттік  қызмет

істері  департаментінің  ұсынысымен 

аталған мемлекеттік  қызметшілердің 

3-уіне  «қатаң  сөгіс»,  4-уіне  «қызме- 

тіне  толық  сәйкес  еместігі  туралы 

ескерту»  түріндегі  тәртіптік  жаза- 

лар  қолданылды.  Ал,  басшылық  ла- 

уазымдағы  2  қызметкердің  тәртіптік 

істері  Әдеп  жөніндегі  кеңесте  қара- 

лып,  кеңес  шешімімен  тәртіптік  жа- 

за  қолдану  ұсынылды.  Сонымен 

қатар,  департамент  тарапынан  «100 

нақты  қадам»  ¥л т  жоспарын  жүзеге 

асыру  барысын,  жаңа  қабылданған 

заңнамаларды,  соның  ішінде  мем- 

лекеттік  қызметшілердің  жаңа  Әдеп 

кодексін  түсіндіру  бойынша  әртүр- 

лі  мақсатты  топтар  арасында  тү- 

сіндірме 

жұмыстары  жүргізілуде. 

Жаңа  заңнамаға  сәйкес  осы  жыл- 

дан  бастап  Әдеп  жөніндегі  уәкіл 

институты  енгізілді.  Әдеп  жөніндегі 

уәкіл  қызметтік  әдеп  нормаларының 

сақталуын және мемлекеттік қызмет, 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс- 

қимыл  туралы  заңнама  мен  Әдеп 

кодексі  бұзушылықтарының  алдын 

алу  мақсатында,  өз  функциялары 

шегінде  мемлекеттік  қызметшілер 

мен  азаматтарға  консультация  бе- 

ретін  лауазым  иесі.  Қызылорда  об- 

лысының  жергілікті  атқарушы  ор- 

гандарының  Әдеп  жөніндегі  уәкілі 

болып  Қызылорда  облысы  әкімі  ап­

параты  басшысының  орынбасары 

Руслан Ысқақов бекітілді.

Берікбол БАЙХОЖАЕВ, 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

министрлігінің

 Қызылорда облысы 

бойынша департаменті басшысының орынбасары, 

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

---------------------------------------------------------------------------^

«САМҒАУ» СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТТАР 

ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қызылорда  қаласы  жастарына  арналған  «Самғау» 

сыйлығы  жастардың  азаматтық  және  қоғамдық-саяси 

белсенділігін  арттыру,  жастар  ұйымдарының  өзара  бай- 

ланысын нығайту,  қала  жастарының  білім, ғылым,  өнер, 

мәдени  деңгейінің  артуына  және  жастар  саясатындағы 

өзін-өзі  басқару  жүйесін  қалыптастыруға  жағдай  жасай 

отырып,  талантты,  білімді,  саяси  және  қоғамдық  өмірде 

белсенді  жастарды көтермелеу  және  қолдау  мақсатында 

тағайындалып  келеді.  Ұйымдастырушылар  Қызылорда 

қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық 

идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры. Сыйлыққа 

14 пен 29 жас аралығындағы барлық қала жастары қатыса 

алады.  «Самғау»  сыйлығы  төмендегі  бағыттар  бойынша 

қаланың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес  қосып,  бел- 

сене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:

-  өз  саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіш- 

терге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін,

- әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге 

белсене  қатысып,  мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге 

асыру  және  жетілдіру  бойынша  қосқан  жаңашыл  баста- 

малары үшін,

-  жеке  басының  жетістіктері,  аудандық,  қалалық, 

облыстық,  республикалық  сайыстарға  қатысуы  және 

жеңімпаз аталуы.

Қызылорда  қаласы  жастарына  арналған  сыйлық 

он  жасқа  (сыйлық  көлемі  100  000  (бір  жүз  мың  теңге). 

Үміткерлердің  құжаттарын  қабылдау  (2016  жылғы 

6  қыркүйекке  дейін)  жүргізіледі.  Толық  ақпаратты 

«Самұрық»  инновациялық идеяларды дамыту орталығы» 

қоғамдық  қорынан  ала  аласыздар.  (Қызылорда  қаласы,

^  Төле би көшесі №47/2 үй) Байланыс телефоны:  26-23-35. ^



f-----------------------------------------------------------------------------\

заң

 

бұзушылыққа

 

ә кім ш іл ік

 

айыппұл

Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспек- 

циясы жыл басынан бері атқарылып жатқан іс-шараларымен 

бөлісті. Атап айтар болсақ, «Ңұрлы жол»  бағдарламасы ая­

сында 60-тан астап тұрғын үйдің, индустрияландыру картасы 

шеңберінде шыны зауыты мен Сырдария өзені арқылы өтетін 

4 жолақты көпірдің құрылыс нысандарына жеткізілетін ма- 

териалдар Шиелі, Жаңақорған аудандарының карьерлерімен 

тасымалдануда.  Осы  карьерлерден  30-40  тоннаға  дейін 

инертті материалдарды тасымалдауға бейімделген көп тон- 

налы карьер автокөліктерімен  жүйелі түрде күресу үшін ин­

спекция құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс жаса- 

уда. Бақылау жұмыстары  нәтижесінде көлік заңнамасының 

талаптарын  сақтамаған  1171  құқық  бұзушылық  тіркелген. 

Оның 387-сі көп тонналы карьер көліктеріне,  120-сы шетел- 

дік автокөлікке тиесілі.  Заң бұзушылық фактілері бойынша 

салынған әкімшілік айыппұл150 млн. теңгені құрап отыр.

Айгүл ӘЛІШЕР

ШЕКАРАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ

ҚР  ¥ҚК  «Оңтүстік»  өңірлік басқармасы 2019  әскери 

бөлімінде  еліміздің  Шекара  қызметіне  24  жыл  толуына 

орай салтанатты шара өтті.  Ел тыныштығын күзетіп, кең 

байтақ жеріміздің сақтығын қадағалауда шекарашыларға 

жүктелген міндет зор. Шекарашылар өздеріне жүктелген 

міндеттерді  абыройлы  атқарып  келеді.  Жиында  «Нұр 

Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Ибадулла Құттықожаев шекарашыларды төл 

мерекесімен құттықтап,  аймақ  басшысының Алғыс  хаты 

мен Құрмет грамотасын табыс етті.

«Шекарашыларға  жүктелген  міндет  зор.  Қазіргі  күні 

материалдық  техникалық  базамыз  жақсы.  Әлеуметтік 

жағдайлары  да басты назарда.  Әскерилер кәсіби  мереке- 

лерін  жұмыс  орындарында  қарсы  алып,  маңызды 

қызметтерін  үзбей  атқаруда.  Бүгінде  шекарашылар  700 

шақырым Сыр елінің аумағын қырағы күзетуде»,  -  дейді 

подполковник, әскери бөлім командирі Ренат Шалаханов.

Тәуелсіздігімізге  жиырма  бес  жыл.  Ширек  ғасыр 

ішінде  шекарашылар  өздерінің  антына  адал  болып, 

тәуелсіздігіміздің  тірегіне  айналды.  Салтанатты  шарада 

еңбегімен ерекшеленген бір топ шекарашы марапатқа ие 

болды. Соңы көңілді концертке ұласты. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет