Мен жастарга сенемін. Мағжан жастапы Газет 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата10.01.2017
өлшемі3,8 Mb.
#1580
1   2   3   4   5   6

— Қоғамдық қордың құрылуыиа 

қыеқаша тоқталсаңыз.

-  «WikiBilim» қоғамдық қоры 

ғаламтордағы қазақ тіліңдегі білім 

беруге бағытталған жобаларды 

жүзеге асыру мақсатында 2011  жылы 

құрылған ұйым.  Қазір интернеттің 

жаппай қолжетімді бола бастауы, 

әсіресе жастар жағының интернетті 

белсеңді пайдалаңуы қазақ тіліңдегі 

сапалы мазмұнға деген сұранысты 

арттырды.  Осы орайда ғаламтор 

пайдаланушылардың назары бірінші 

кезекте танымал әлемдік платформалар 

мен қызметтерге түсетіні анық.  Біз 

сол себепті иңтерңет пайдалаңушылар 

саны бойынша әлемдік ондыққа кіретін 

Википедияның қазақша тарауын дамыту 

жобасын қолға алдық. Жобаны бастаған

БЕС ЖЫЛ

БҰРЫН ҒАЛАМТОРДА 



ҚАЗАҚ ТІЛІ АЯСЫН  КЕҢЕЙТУДІ 

КӨЗДЕГЕН  БІР ТОП ЖАСТАРДЫҢ БАСТА- 

МАСЫМЕН «WIKIBILIM» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ 

ҚҰРЫЛДЫ. ҚОРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОБАЛАРЫНЫҢ 

БІРІ -  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ЭНЦИКЛОПЕ­

ДИЯ  ВИКИПЕДИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ  НҰСҚАСЫН 

ӘЗІРЛЕУ. ЖОБА БАСТАЛМАЙ ТҰРЫП, ӘЛЕМДІК ЭНЦИ- 

КЛОПЕДИЯДА ҚАЗАҚТІЛІ  127-ОРЫНДА ТҰРСА, БІР 

ЖЫЛ ІШІНДЕ ОЛ 25-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛГЕН. БҰДАН ӨЗГЕ 

ҚОРДЫҢ БАСТАМАСЫМЕН «GOOGLE TRANSLATE», 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ КІТАПХАНАСЫ, ^ D » ,  

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 

ӘДЕБИЕТІНІҢ АУДИОХРЕСТОМАТИЯСЫ 

СЫНДЫ ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ.



ІкөғаЯВЯЯйоиВВаншРеЗВВеВті:

«WikiBilim»

Т ЕХ

кезде ондағы мақалардың саны  10 

000-нан аспаған еді,  ал тұрақты мақала 

жазатын адамдар 3-еу ғана болатын. 

Бүгінде мақалалардың саны 200  000- 

нан  асып кетті, үнемі Википедияны 

дамытумен айналысатын адамдардың 

саны 300-ге дейін жетті.  Бұдан өзге біз 

қазақ тілін ғаламдық Google аудармашы 

жүйесіне енгіздік.  Енді бұл қызметтің 

көмегімен кез келген интернеті бар 

адам әлемнің  100-ге жуық тілінен 

қазақшаға және кері аударма жасай 

алады.  Сонымен бірге,  айтары бар 

ғалымдарды,  бизнесмендер мен қоғам 

қайраткерлерінің басын қосатын TED 

(таратуға тұрарлық идеялар -  авт.) 

лекцияларын Қазақстанға алып келдік. 

Ондағы мақсатымыз қазақ жастары 

әлемнің озық ойларынан сусындаса екен 

деген ой.

-  Бұлардан өзге «Қазақстаииың 

ашық кітапханасы» жобасының бүгінгі 

жұмысыиа тоқталсаңыз. Бүгіиде 

кітапхаиаиың қоры қаиша? Оилайи- 

кітапхаиаға оқырман қаишалықты 

қызығушылық таиытуда?

-  «Қазақстанның ашық кітапханасы» 

жобасы 2012 жылы іске қосылды. 

Жобаның мақсаты қазақ тілінде жарық 

көрген және Қазақстанға қатысы бар 

өзге тілдердегі кітаптарды электронды 

үлгіге ауыстырып,  оқырмандарға 

тартымды форматта ұсыну.  Бүгінге дейін 

5000-ға жуық кітаптың электрондық 

нұсқасы әзірленді.  Қазақ әдебиеті

пәні бағдарламасына енген барлық 

шығармалардың аудионұсқасы 

дайындалды.  Бұл дегеніміз  1500-нан 

аса аудиокітап.  Сондақ-ақ, 400-ден аса 

ертегіні дыбыстап шықтық.  Онлайн 

кітапхана аясында  150 000 лексикалық 

бірліктен тұратын “Қазақ тілінің әмбебап 

сөздігі” жұмыс істейді.

Қазір кітапхана редакциясы 

«Қазақ ақындары» атты аудио 

антологиясын жасаумен айналысып 

жатыр.  Қолданушылар бүгінде көзі тірі 

авторлардың өз оқуындағы өлеңдерін 

тыңдай алады.  Көрнекті тұлғалардың 

дауысын естуге мүмкіндік беретін 

«Ұлылардың үні» атты жобамыз 

бар.  Сирек кездесетін кітаптар мен 

қолжазбаларды да жариялау мақсатында 

“Құнды кітап” жобасын жүзеге 

асырып келеміз.  Жас прозашылардың 

шығармаларын насихаттауға арналған 

«Құс қанаты» жобасын қолға алдық.

Жобамыздың негізгі аудиториясы -  

жастар.  Бүгінде сайтымызға 27 мыңнан 

аса оқырман тіркелген.  Сонымен қатар 

«Kcell» компаниясының қолдауымен 

«Kitap»,  ал «Шеврон» компаниясының 

қолдауымен «Audiokitap» мобильді 

қосымшасы іске қосылды.  Айтпақшы, 

Қызылорда облысы әкімі Қырымбек

Көшербаевтың қолдауымен Қызылорда 

қаласының аялдамаларында мобильді 

кітапханалар орнатылды.  Енді автобус 

күтіп тұрған жолаушылар қолдарындағы 

смартфондардың көмегімен кітап оқу 

немесе аудиокітап тыңдау мүмкіндігіне 

ие болды.  Қызылорда қаласы мұндай 

жобаны жүзеге асырған Қазақстандағы

алғашқы қала екенін ерекше атағым 

келеді.


— Жақыида «Тіл жәие технология» 

атты мақалаңызды 

оқыдым

. Жасаиды 

иителлекттіиі қазақша сөйлету 

жұмысының бет алысы қалай?  Сіз 

атап өткеи сегіз мақсаттың біразыиың 

орындалуыиа алғашқы қадамдар 

жасалды. Технологияның қазақ тіліи 

түсіиіп, оғаи қисыиды жауап беруі, 

қазақ 

тілін

 ариайы бағдарламаға 

еигізу мүмкіидігіміз қаидай?

-  Өте орынды сұрақ.  Мен атап 

өткен технологиялар өте күрделі 

болып саналады.  Сол себепті де 

мұндай жобаларды мамандандырылған 

мемлекеттік мекемелердің,  арнайы 

зерттеу орталықтарының жүзеге 

асырғаны дұрыс деп ойлаймын.  Бұл 

жобаларды іске асыруға еліміздің 

кадрлық та, қаржылық та мүмкіндіктері 

жетеді.  Өкінішке орай,  бұл бағытта 

мемлекет тарапынан ауыз толтырып 

айтатындай шаруалар атқарылып жатыр

деп айта алмаймын.  Бәлкім,  аталмыш 

технологиялардың қажеттігін шешім 

шығаратын жауапты мекеме басшылары 

әлі түсінбеген болар.  Қайткенде де, 

жасанды интеллектімен байланысты 

технологияларды қазақ тілімен 

достастыру -  кезек күттірмейтін мәселе.



— Технологияиы қазақша

сөйлету мақсатында атқарылатыи 

жұмыстар көп.  Сіздіңше, IT 

технология саласыида қазақстандық 

мамаидардың деңгейі қаидай?

-  Бүгінгі күнгі технологиялардың ең 

басты ерекшелігі -  технологиялардың 

жылдам дамуы мен өзгеруінде.  Бір 

технология шықпай жатып,  оның 

орнын мүлде жаңа технология басып 

жатыр.  Ғалымдар  технологиялардың 

соңғы кездері эволюциялық емес, 

революциялық жолмен дамып 

жатқанын айтуда.  Осындай 

технологияларды жасай алатын, 

игере алатын білікті ІТ мамандарын 

дайындайтын жақсы оқу орындары 

бар. Алайда тілімізді технологиялармен 

жақындастыратын арнайы компьютерлік 

лингвистика мамандығын меңгергендер 

жоқ.  Себебі,  қателеспесем,  еліміздің 

ешбір жоғары оқу орны мұндай 

мамандықты оқытпайды.  Менің ойымша, 

қазақ тіл біліміндегі осы бағыт қазір 

қатты кенже қалып келеді.

— Жалпы, қазақ тіліиің аясыи 

кеңейту мақсатында қолға алыиғаи 

жобаларды жүзеге асыруда қаидай 

қиыишылықтар кездесті. Жобаларды 

мемлекеттік қолдау жағы қалай?

— Кез келген жобаны жүзеге асырған 

кезде өзінің қызығы мен шыжығы, 

қиыншылықтары болады.  Біздің 

жағдайдағы ең үлкен қиыншылық

-  ол адамдардың краудсорсинг 

технологияларына  деген көзқарасы. 

Википедияда дұрыс емес ақпарат оқыса 

немесе Google Translate жүйесінде қате 

аудармаға тап болса,  «WikiBilim» қайда 

қарап отыр?» деген сияқты орынсыз 

уәждерді жиі естиміз.  Аталмыш 

жобалардың жүзеге асуына тек қана 

біздің қоғамдық қор жауапты емес,  оған 

қазақ тілінде ақпарат тұтынғысы келетін 

барша тіл жанашырлары жауапты.

Себебі,  Википедияға мақаланы кез келген 

адам жаза алады,  ал Google Translate 

жүйесіндегі қате аударманы кез келген 

адам жөндеу мүмкіндігіне ие.  Ана 

тіліміздің кең қолданысқа енуіне үлес 

қосатын осы секілді краудсорсингке 

негізделген жобалардың мүшкіл халде 

болуы, шынын айту керек,  біз үшін

-  қазақ қоғамы үшін үлкен сын.  Тіл 

жанашырларынан «тілді қалай дамыту 

керек?» деп сұрасаңыз, тоқтата алмайсыз. 

Алайда,  нақты іске келгенде,  нақты 

әрекетке келгенде көбіміз тек сын айту, 

ұсыныс білдіру деңгейінде қалып қойып 

жатырмыз.  Мен сізге тек Википедия мен 

Google Translate платформаларын ғана 

айтып отырмын.  Қазақ тілінде сөйлемей 

жатқан осы секілді платформалар мен 

қызметтер бүгіннің өзінде жетерлік,  ал 

болашақта олардың саны көбеймесе, 

азаймайтыны анық.  Замана көшіне ілесіп, 

тілімізді технологиялармен достастыру

-  ол мына менің,  сіздің және өзін тіл 

жанашырмын деп санайтын кез келген 

адамның қасиетті борышы деуге болады. 

Себебі,  қазақ тілінің өміршеңдігі осындай 

жобалармен тікелей байланысты болмақ. 

Дәл осы сияқты жобаларға келгенде 

мемлекеттің қолдауын күтіп жатуға 

болмайды.  Біздің қоғамдық қор көптеген 

мемлекеттік мекемелермен серіктес, 

ниеттес.  Алайда,  біз мемлекеттен 

көмек күтпейміз.  Шамамыз келгенше 

жобаларды мемлекетке күш салмай, 

демеушілердің қолдауымен жүзеге 

асырғанды дұрыс деп санаймыз. 

Мүмкіндікті пайдалана отырып,  Сыр елі 

жастарын қазақ тілінің мерейін үстеп 

ететін жобаларға үлес қосуға  шақырғым 

келеді.


— Уақыт бөліп, әңгімелескеиіңізге 

рақмет.  Сәттілік серік болсыи!

Сұқбаттасқаи: 

Сара ОМАРҚЫЗЫ

№ 34 (156)  25 ТАМЫЗ,  БЕИСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

6

Биыл «С

әтті

 қадам» жобасымен 67 жас тағылымдамадан етеді. Бұл жолы ата-аиаеыиың 

қамқорлығынсыз  қалғаи жас  мамандардың  алға  қарай  қадам  басуыиа  мүмкіидік  беріліп 

отыр.  Жоба  жасотаидықтардың  бастамасымен  қолға  алыиғаи. 

2014 

жылы

  8  жас 

сұхбаттасудан 

өтіп

,  оиың  3-еуі  жұмысқа  ориаласса,  2015 

жылы

  2  жас  тұрақты  жұмыспен

қамтылды.

«СӘТТІ ҚАДАМ» СӘТТІ ЖОБА

ж



қ у а н ы ш б а и ұ л ы

Біләл Шәймерден Абылай- 

хан  атындағы  университеттің 

халықаралық  қатынастар  фа- 

культетін  тәмамдаған,  2  жыл 

бойы  тұрақты  жұмысы  бол- 

маған  жасқа  осы  жоба  ая- 

сында  кәсіпкерлік  және  ту­

ризм  басқармасына  жолдама 

берілді.


«Жоба  аясында  жолдама 

алғаныма қуаныштымын.  Ен- 

ді  әрі  қарай  өз  бағымды  сы- 

нап  көрмекпін.  Жоба  мен 

сияқты  жастарға  таптырмас 

мүмкіндік»,  - дейді Біләл.

Тағылымдамадан 

өтуге 


ұсыныс  білдіргендердің  қата- 

ры  көп,  бірақ  шарт  бойынша 

3  ай  тәжірибеден  өтуге  кө- 

бінің  төзімдері  жетпей  жата- 

ды.  Қазіргі  таңда  аталмыш

жобаның  шарттарын  жеңіл- 

детудің  жолы  қарастырылуда. 

«Жас  Отан»  жастар  қанаты 

тәуелсіз  сарапшылармен  бірге 

жобада лайықты  үміткерлерді 

іріктеп,  тағылымдаманың  құ-

жаттарын  жинақтаудан  бас- 

тап,  қорытынды  мінездеме 

алғанға  дейін  бас-қасында  бо- 

лады.  Іс-тәжірибеден  өткен 

жастардың  жұмысқа  орна- 

ласуға зор мүмкіндігі бар.

V  РЕТРО-ӘНДЕР  Ф ЕСТИВАЛІ  ӨТТІ

Облыстық 

ішкі

 саясат басқармасы жәие 

«Қорқыт  елі  -  Қармақшы»  жастар  қоғам- 

дық  бірлестігіиің  ұйымдастыруымен  ел 

тәуелсіздігіиің  25  жылдығына  орай  «Ә

нім

 

сеисің  -   Байқоңыр»  атты  V  ретро-әидер 



фестивалі болып 

өтті

.

Шараға  Байқоңыр  қаласы,  Қармақшы, 

Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы аудандарының 

жастары екі турдан тұратын ретро әндер және 

еркін тақырыптағы  әндер  орындау  арқылы  өз 

бақтарын сынады.

Шарада  «ҚР  Байқоңыр  кешеніндегі  ар- 

наулы  өкілдігінің  қызметін  қамтамасыз  ету 

басқармасының»  бөлім  басшысы  Е.Жұма- 

ғазиев,  Әуез  мектебінің  теория  бөлімінің

меңгерушісі  Б.Құрманбаева  және  қалалық 

мәдениет  үйінің  ән  үйірмесінің  жетекшісі 

Р.Рзаева  қатысушылардың  өнеріне  төрелік 

етті.  Сайыс  қорытындысы  бойынша  Ақай 

ауылдық округінен келген жас талант Т.Қожа- 

баев  облыстық  «Әнім  сенсің  -  Байқоңыр»  IV 

ретро  -  әндер  фестивалінің  Гран  При  иегері 

атанды.  Жүлделі  I  орынды  төретамдық  Д.Тө- 

легенов  иеленсе,  II  орынды  Жалағаш  ауда- 

нынан  келген  П.Орныққан  және  Жаңақорған 

ауданынан  келген  А.Сламов  иеленді.  Ал 

III  орынды  Байқоңыр  қаласынан  келген 

А.Маханбедиев  және  Қ.Нағымет,  қазалылық 

Н.Сабыр өзара бөлісті.



ж

.

н ұ р п е й с о в а

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БАР

Жастар  -   Қазақстан  халқының  белсенді  бөлігі.  Оның  дамуы 

мемлекетіміздің  және  қазақстандық  қоғамның  ерекше  назарын- 

да.  Олар  тәуелсіз  жаңа  Қазақстанда  туып-өскен  және  тәуелсіздік 

алғаннан  кейінгі  алғашқы  онжылдықтағы  әлеуметтік-саяси  және 

экономикалық өзгерістердің  алғашқы  нәтижелерінің дәмін татқан 

әлеуметтік топ.

2015  жылы  ҚР  «Мемлекеттік 

жастар  саясаты  туралы»  заңы  қа- 

былданып,  «Қазақстан  2020:  бола- 

шаққа  жол»  атты  ҚР-ның  2020 

жылға  дейінгі  мемлекеттік  жас­

тар  саясаты  тұжырымдамасының 

II  кезеңін  жүзеге  асыру  бастал- 

ды.  Мақсат  -   мемлекеттік  мүдде 

тұрғысынан  жастардың  жағдайын 

шынайы  бағалау,  жастардың  бета- 

лысын  айқындау  және  мемлекеттік 

жастар  саясатының  ауқымды  мәсе- 

лелерін  шешудің  тиімді  жолдарын 

анықтау.  Еңбек  және  жұмыспен 

қамту  саласында  мемлекеттік  жас­

тар  саясаты  жастарды  жұмысқа  ор- 

наластыру,  қоғамдық  жұмыстарды 

дамыту  және  жастарды  кәсіптік 

даярлық пен  біліктілік арттыру кур- 

старында  оқыту  бағдарламаларын 

іске  асыру  арқылы  жүзеге  асыры- 

лады.  Солардың  қатарында,  жастар 

бағдарламалары  мен  бастамалары: 

«Жастар  практикасы»,  «Жасыл  ел», 

«Жастар кадрлық резерві»,  «Жастар 

-   Отанға!»  жобалары  жүзеге  асып, 

олар қоғамдық оң резонансқа ие.

Сондай-ақ,  20  шілдеден  «Сәтті 

қадам  -   Тағылымдама»  партиялық 

жобасының жаңа кезеңі бастау алды. 

Аталған  жоба  елімізде  төрт  жыл- 

дан  бері табысты жүзеге  асырылуда. 

«Сәтті  қадам»  жобасы -   бұл  жоғары 

оқу  орындары  мен  колледждердің 

түлектері  үшін  өз  мансап  жолда­

рын  Қазақстанның  ірі  ұйымдардан,

ұлттық  компаниялардан,  түрлі  ми- 

нистрліктер  мен  ведомстволардан 

тағылымдамадан  өтуден  бастауға 

бірегей мүмкіндік.

Биыл  «Серпін-2050»  әлеуметтік 

жобасы  бойынша 2016-2017  оқу жы- 

лына аймақтардағы  оқу  орындарына 

4312  грант  бөлініп,  оның  1150-і  кол- 

ледждерге, 3162-сі жоғары оқу орын­

дарына  бөлінді.  Сонымен  қатар,  об- 

лысымызда  2013  жылдан  бастап  аз 

қамтылған  отбасылардан  шыққан 

балаларға  білім  беру  қызметіне  ақы 

төлеу үшін  бөлінетін  облыс  әкімінің 

гранты  500-ге  жетті.  Осы  секілді, 

жастар  арасында  оның  ішінде  ауыл 

жастары  арасында  «Дипломмен  -  

ауылға!» бағдарламасын кең көлемді 

насихаттау  өте  маңызды.  Жаз  мез- 

гілінде  жастардың  бос  уақытты 

тиімді  ұйымдастыруға және  еңбекке 

баулу  мақсатында  «Құрылыс  жасақ- 

тары»  құрамына  қабылданған  айма- 

ғымыздағы  14  мекемеде  261  жас 

жұмыс жасауда. Мемлекеттің жас от- 

басыларға жалға берілетін тұрғын үй 

алуда қолдау бағдарламалары жүзеге 

асырылуда.  Атап  айтқанда,  «Қазақ- 

стандық  ипотекалық  компаниясы» 

ипотекалық  ұйым»  акционерлік  қо- 

ғамының  «Қолжетімді  баспана  -  

2020»  бағдарламалары  аясында  жас 

отбасылар  көп  қабатты  тұрғын  үй- 

лермен  қамтамасыз  етілді.  Жұмыс 

істеймін,  оқимын  деген  жалынды 

жастарға нақты қолдау бар.

Жасұлан ТАСАБАЕВ,

облыстық 

іш к і


 

саясат басқармасы жастармен жұмыс беліміиің әдіскері

КАДРЛЫҚ РЕЗЕВКЕ 

ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Аймақта  «Жастар  кадрлық  ре- 

зервіне»  қабылдау  жұмыстары  бас- 

талды.  Оған  жоғары  және  арнаулы 

оқу  орындарының  түлектері және  29 

жасқа дейінгі жас мамандар қатысуға 

мүмкіндігі бар.

Алмат Смайлов, «Жастар 

ресурстық орталығының» аға 

кеңесшісі:

«Қазір  тіркеу  жұмыстары  жүр- 

гізіліп  жатыр.  Биыл  жобага  30  жас 

қатысады  деп  жоспарланып  отыр. 

Жастар  іріктеліп,  қыркүйек  айының 

соңында  оқыту  курстарынан  өтіп, 

мемлекеттік 

мекемелерге 

іс-тәжі- 

рибеден  өтуге  жіберіледі.  «Жастар 

кадрлық  резервіне»  кез-келген  маман- 

дъщтагы  жас  қатыса  алады.  Соның 

ішінде,  ауыл жастары да қамтылады».

ЖАСТАРДЫҢ  КӨПШІЛІК  СЕРУЕНІ  ӨТТІ

Жаңақорған ауданы, 

«Ақүйік» ауылдық 

округі Бірлік 

ауылында жастардың 

ұйымдастыруымен 

«Бірлік деп соққан 

жүрегі» атты 

шара 

өтті

.

Мақсаты -  ауыл 

жастарының бірлігі 

мен татулығын 

арттыру.

Мәдени  шара  бары- 

сында  жастар  ән,  би, 

көркем  сөз  оқудан  са- 

йысып, 

спорттық 



жа- 

рыс 


түрлерінен 

өзара 


мықтыны 

анықтады. 

Сондай-ақ, 

онда  түрлі

ойындар  ұйымдастыры- 

лып,  лотерея  билеттері 

ойнатылды. Айта кетейік, 

ауыл  жастары  арасын-

да  мұндай  шара  дәстүрлі 

түрде  жыл  сайын  өтіп, 

жастардың 

тіршілігіне 

сән беріп келеді.



хабарланды р

У

ӘЛЕУМЕТТІК  ПАЕЯЛАР  МЕН  ЖОБАЛАР  БАЙҚАУЫ  ӨТЕДІ

Қызылорда облыстық ішкі  саясат басқармасы мен «Самұрық»  инновациялық 

идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры Қызылорда облысында мемлекеттік 

жастар  саясатын  жүзеге  асыруды  жетілдіру  мақсатында  «Жаңа  идеялармен 

жарқын  болашаққа»  атты  әлеуметтік  идеялар  мен  жобалар  байқауын  өткізеді. 

Байқаудың  мақсаты  -   жастар  мен  қоғамдық  ұйымдардың  өзекті  әлеуметтік 

маңызды жобаларды шешу мәселесіне қолдау көрсету.

Байқауға келесі бағыттар бойынша тың жобалар мен идеялар ұсынуға болады:

- жастар шығармашылығын дамыту;

- ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасау;

- жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту;

- жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

- жастарды жұмыспен қамту және т.б.

Байқауға  14-29  жас  аралығындағы  облыстың  жастары,  жастар  қоғамдық 

ұйымдары  қатыса  алады.  Қатысушы  үміткерлердің  өтінімдерін  қабылдау  2016 

жылғы  18  тамыздан  бастап  6  қыркүйекке  дейін жалғасады.  Ұсынылған жобалар 

мен идеяларды ұйымдастырушылар құрған қазылар алқасы бағалайды және үздік 

деп танылған жобалар мен идеяларды марапаттауға ұсынады.

Үздік 3  жоба авторлары ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен дип- 

ломдармен марапатталып,  сонымен қатар  облысымызда 2017  жылы мемлекеттік 

жастар  саясатын  жүзеге  асыру  бойынша  ұйымдастырылатын  әлеуметтік  жоба- 

лардың тізіміне енгізу қарастырылатын болады.

Байқауға  қатысу  үшін  өтінім  Word  форматында  электрондық  және  баспа 

түрінде  (пошта  бойынша  немесе  курьер  арқылы)  «Әлеуметтік  идеялар  мен  жо­

балар  байқауы»  деген  белгімен  «Самұрық»  инновациялық  идеяларды  дамыту 

орталығы»  қоғамдық қорының  мекен-жайына (120014,  Қызылорда қаласы,  Төле 

би  көшесі  №47/2.  Электрондық  пошта:  mailto:samruk87@rambler.ru)  жіберіледі. 

Байланыс телефондары:  8  (7242) 26-23-35,  8-747-898-43-47.



«

ұ л ы қ

 

т ұ т а р

 -  

ұ л ы

 

з а ң

»

Конституция  күніне  орай  Ә.Т

әжі

- 

баев  атындағы  облыстық  әмбебап- 

ғылыми

  кітапханасында  «Ұлық  тұ- 

тар  -   ¥л ы   Заң»  атты  кең  келемді 

кітап  кермесі 

өтті

.  Шараға  ақын- 

жазушылар,  этно-мәдени  орталық 

екілдері, 

жастар 

және 

кітапхана 

оқырмандары қатысты. Кермеге бар- 

лығы  360  кітаппен  қатар,  мерзімді 

басылымдар  мен  ел  тарихынан  сыр 

шерткен фото-суреттер қойылды.

Көрме 


төрт 

бөлімді 


қамтыды. 

«Ел  тарихы  -   жер  тарихы»  бөлімінде 

қазақ  мемлекетінің  тұңғыш  актілері 

қамтылды.  Олар  «Қасым  ханның  қасқа 

жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»  сын- 

ды  заңдық  ережелер. 

«Ұлттық  жүйе 

-   Конституциялық  құқық»  бөлімінде 

құқықтық 

саланы 


терең 

қамтыған 

әдебиеттер  қойылса,  «Әлем  таныған 

кемел  тұлға»  бөлімінде  Елбасы  тура- 

лы  кітаптар  мен  фотоальбомдар  бар. 

Сондай-ақ,  «Жаңа  әлемдегі  -   жаңа 

Қазақстан»  бөлімі  еліміздің  тарихы, 

табиғаты мен мәдениеті  туралы  қызық- 

ты кітаптарды қамтыған.

Бетті дайындаған:  Сара ОМАРОВА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ӘСЕРІ 

ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Жастар  ресурстық  орталығы»  КММ- 

нің  қолдауымен  «Қазақылықтың  атамекені» 

қоғамдық 

қорының 

ұйымдастыруымен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет