Отбасына назар аудары-
ңыз. Бәріміз де жастайымыз-
дан ата-анамыздың тәрбиесімен
қоса, олардың жеке қасиеттерін
сіңіріп өсеміз. Көңіліңіз ауған
жігітті жақынырақ танығыңыз
келсе, оның отбасымен танысы-
ңыз. Оның туыстарының өзара
қарым-қатынасына қарап,
бо-
лашақ отбасыңыздағы арақаты-
насты көре аласыз.
Әлеуметтік дәрежелеріңізді
салыстырыңыз. Ия, қазіргі за-
манда ақбоз атты ханзаданы да,
патшалықтың жасауын да алуға
болады. Алайда, әлеуметтік дә-
реже екі жақтан да тең болмаса,
арты ажырасумен аяқталу ықти-
малдығы бар. Әлеуметтік теңсіз-
дік болса, бір тарап екінші тарап-
тан кем түскеніне іштей ұялады,
қысылады. Әңгіме тек материал-
дық жағдайында ғана емес, руха-
ни байлық пен дін тұрғысындағы
теңсіздік те қатынасты қиындата
түседі. Сондықтан әлеуметтік дә-
режесі тең жанды іздеңіз.
Балаларға көзқарасы. Барлық
әйелге ұрпағын өзімен тең дәре-
жедегі жауапкершілікпен өсіретін
еркек керек. Бірақ, оны бала бол-
май жатып қалай байқауға болады?
Бұл турасында, тіпті кей жігіттер
ойын ашылып та айта алмай-
ды. Алайда, кенже інісіне неме
се ағасының бүлдіршініне қарауы,
оны ойнатуы кішкентайларға де
ген мейірімін, балажандығын біл-
діріп-ақ тұрады. Бұл сынақты жүр-
гізуде
бүлдіршіндер
табылмай
қалса, құрбыңыздың көмегімен ба-
лақайлардың шулы мейрамына бір-
ге барып көріңіздер.
ү й
ш а р у а с ы н д а
и к е м д і л і г і
м е н
қ ы з ы ғ у ш ы л ы ғ ы н ы ң
с ә й к е с т і г і
Егер жігітіңізге демалыс кез-
дері жылы үйде, теледидар ал-
дында жатқан ұнайтын болса, сіз-
ге арқаңызға сөмке асып, тауға
шыққан ұнауы мүмкін. Бұл жағ-
дайда екеуіңіз екі бөлек уақыт өт-
кізуге тура келеді. Жар таңдағанда
қызығушылық танытқан істеріңіз-
дің толықтай бірдей болуы шарт
емес, бірнеше іске бір пікірде бол-
саңыздар, жетіп жатыр. Осылай
сіздер уақытты бірге көңілді өткізе
аласыздар, сонымен қатар басқа
достарыңызды да жоғалтпайсыздар.
Үй шаруасында қандай екенін сырт-
тай бақылау маңызды. Бір-екі істі
тындырып беруді өтініп көріңіз.
Өмірге көзқарасы. Толыққан-
ды шешім қабылдамастан бұрын
болашақ күйеуіңіздің өмірде не
қалайтынын біліп алыңыз. Бола-
шаққа жоспарын сұраңыз, неге қол
жеткізгісі келеді? Тұлға ретінде қай
салада қалыптасқысы келеді? Ол
үшін отбасын құру қаншалықты
маңызды? Оның пікірі мен сіз-
дің пікіріңіз сейкес келіп жат-
са, бас тоғыстыруға әбден бола
ды. Ал егер керісінше болса, ол
жігітке өзі қалаған өмірді сүруіне
мүмкіндік беріп, отбасын құруды
жоспарламағаныңыз жөн.
Өзіңіз. Оның қасында тұрғаны-
ңызда қандай сезімде болатыныңыз-
ды біліп алмай, сәтті таңдау жасай-
мын деп ойламаңыз. Оның жанын-
да өзіңізді қауіпсіз, қуанышты әрі
жайлы сезінсеңіз, жігіттің өмірлік
жарыңыз болуға мүмкіндігі бар.
Осы соңғы тармақта айтылғандар
дұрыс болмаса, қалған тоғызын
жоққа шығарады. Тәрбиелі, өмірде
өз орнын қалыптастырып үлгерген
күйеулер жерде шашылып жатпа-
сы анық. Ойша керемет жігіттің
бейнесін жасап алып, сондай жан
кездескенше сарғая күтудің қажеті
жоқ. Өйткені, кемшілік бәрінде бар,
идеалды адам болған ба?
Дайындаған: Айгүл ӘЛІШЕР
№ 34 (156) 25 ТАМЫЗ, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
д^дл
ҚОШ БОЛ РИО, ТӨРЛЕТ ТОКИО!
2
?
КАКАУ ШӘКІРТТЕРІ
ЖАПОНДАРДЫ ЖЕҢДІ
ТӨРТКҮЛ ӘЛЕМ
КӨЗ ТІККЕН РИО-
ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ
ХХХІ ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА
ОЙЫНДАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.
Б¥Л ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҮШІН СӘТТІ
БОЛДЫ ДЕУГЕ ТОЛЫҚ НЕГІЗ БАР.
ҚАЗАҚСТАННАН ӘЛЕМДІК ДОДАҒА
26 СПОРТ ТҮРІНЕН 105 СПОРТШЫ
ҚАТЫСЫП, БАҚ СЫНАДЫ. ЕЛІМІЗДІҢ
СПОРТШЫЛАРЫ БАРЛЫҒЫ 17
МЕДАЛЬ (3 АЛТЫН, 5 КҮМІС, 9
ҚОЛА) ЕНШІЛЕП, ЕЛ СПОРТЫ
ТАРИХЫНДА ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕЛЕР
САНЫ ЖӨНІНЕН РЕКОРДТЫҚ
КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ
ЖЕТКІЗДІ.
Басты ерекшелік - Рио төрінде қа-
зақ қыздары тұңғыш рет олимпиада
ойындарының жүлдегерлер қатарынан
көрінді. Олардың қатарында: зілтемір-
ші Ж азира Жаппарқұл, балуан Эльми
ра Сыздықова, боксшы Дариға Ш әкі-
мовалар бар.
Бұл бәсекеде ерекше айтатын жайт,
бокстан 69 келі салмақта 4-мәрте ал
тын тұғырдан көріндік. Бақтияр Ар-
таев 2004 жылы Афинада, Бақыт
Сәрсекбаев 2008 жылы Бейжіңде,
2012 жылы Серік Сәпиев Лондонда
топ жарса, биыл Данияр Елеусінов
чемпион атанды. Бұған дейін олим
пиада тарихында Куба елінің боксшы-
лары ғана 91 кг салмақта төрт рет қата-
рынан (оның үшеуі Феликс Савонның,
біреуі Одланьер Солистің еншісінде)
озық шыққан еді. Дегенмен қазақстан-
дықтардың ерекшелігі, төрт бірдей
боксшының олимп шыңын бағынды-
руында. Бұған 2000 жылы Сиднейде
71 кг салмақта топ жарған Ермахан
Ибрайымовты қосуға болады. Өйт-
кені, кейін 71 кг салмақ жойылып,
оның орнына 69 кг салмақ белгіленді.
Сондықтан қазақстандықтар бес бір-
дей олимпиадада «өз салмағында»
топ жарды деуге болады, бұл да - ре-
кордтық көрсеткіш.
Тағы бір айтатын жайт, еліміз
жүзу спортынан осыған дейін жүлдеге
жетпей жүрген. Алғаш рет алматылық
21 жасар спортшы Дмитрий Баландин
200 метрге брасс әдісімен жүзуде
2:07.46 минут нәтижемен мәре сызы-
ғын бірінші болып қиды. Дмитрий
жарыс жолында американдық Джош
Прено,
германиялық
Марк
Кох
сияқты сайыпқырандарды сан
соқтырып кетті.
Осылайша
жүзу
спортынан
Қазақ-
стан тарихында алғаш рет
олимпиада чемпионы атанды.
Жалпы, бұл олимпиада қай
спорт түрлерінен олқылық-
тарымыздың орын алғанын,
төрт жылда бір рет келетін
байрақты бәсекеде жүлде
алу үшін қайсысына баса
мән беру қажеттігін
тағы
бір байқатты. Сондықтан
келесі олимпиадаға тыңғы-
лықты
дайындықты
көп
ұзатпай бастамасқа бол-
майды. Ендігі Олимпиада
ойындары 2020 жылы Жа-
пония астанасы Токиода
өтеді.
Футзалдан Таиландта өтіп жатқан халықаралық
турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы екінші
ойынын өткізіп, Жапония жігіттеріне жауапсыз
9 гол
салды. Бұл ойында біздің футзалшылар
басымдық танытып, Жапония құрамасын күйрете
жеңді. Бірінші гол 49-секунда соғылды. Үзіліске
дейін «Күншығыс елінің»
аякдопшылары өз
қақпаларынан тағы да үш рет алып шығуға мәжбүр
болды. Ойынның екінші бөлігінде ұлттық құрама
бапкерлері қосалқы курам ойыншыларына мүмкіндік
берді.
Ойын
барысында
біздің
футзалшылар
қарқындарын бәсеңдетпей, тағы да бес гол соқты.
Содан соң біраз тізгіндерін тартып, басқа да ойын
әдісін жетілдіруді ойластырды. Әйтсе де, ойынның
аяғына қарай тағы бір гол соғып, қорғаныста сауатты
ойнап, ірі жеңіске қол жеткізді. Естеріңізге сала
кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландтағы
халықаралық турнирге күзде Колумбияда өтетін ХІІІ
әлем чемпионаты дайындығын пысықтау мақсатында
қатысып жатыр.
Қазақстан - Жапония - 9:0. Голдар: Эвертон,
1минутта. Сүлейменов, 8 минутта. Таку, 18 минутта.
Лео, 18 минутта. Дуглас, 22 минутта. Эвертон, 23
минутта. Довгань, 26 минутта. Першин, 26 минутта.
1 Пенгрин, 35 минутта.
Жапония: Иванага, Сака - Йонеда, Обата,
Минамото, Уематсу, Шимизу (к), Ито, Удагава,
Вакияма, Нибуя, Ямагири, Матсубара, Ямада.
Қазақстан: Игита, Шамро - Лео, Нұрғожин, Дуглас,
Эвертон, Жаманқұлов, Сүлейменов (к), Довгань, Мун,
Гребонос, Пенгрин, Першин, Таку
Төрешілер: Сасиватваниш, Тонгхам (екеуі де -
Таиланд).
БӘСІ БИІК БӘСЕКЕ
Нәтижесінде ұлдар арасында өткен
бәсекеде шымкенттік Ш ыңғыс Байсейіт
турнир жеңімпазы атанса, қызылордалық
Жақас Қозбақ екінші, тараздық Дамир
Қалдыбеков
үшінші
орынды
иеленді.
Қыздар арасындағы сында қызылордалық
Камилла
Мағауия
1-орынды
жеңіп,
жеңіс тұғырынан көрінсе, күміс жүлдені
шымкенттік Әдемі Аманкелді еншіледі.
Үздік
үштікті
шымкенттік
Қарақат
Қойлыбаеваға түйіндеді. Микст ерекшелігі
бойынша 1 -орынды Ш ыңғыс Байсейіт пен
Дариға Байсейіт (Шымкент), 2-орынды
Жақас Қозбақ (Қызылорда) пен Әдемі
Аманкелді (Шымкент), 3-орынды Бақыт-
жан Иген (Астана) мен Айя Нупбай
(Алматы) иеленді.
ЕНДІ БІР СЕРПІЛСЕК ТОПТЫҚ КЕЗЕҢ
Футболдан Чемпиондар
лигасының биылғы додасында
жолы болмаған елордалық «Астана»
еуропа лигасында бақ сынауда.
Топтық кезең ж олдамасына дәмелі
Стойлов ш әкірттері кәрі құрлыққа
танымал беларустық «Батэмен»
жолы түйісті. Бұл ойынға «Астана»
негізгі құрамдағы екі қорғаушысын
ш ығара алмады. Қос қапталдағы
қорғауш ылар Ш омко мен Ш итов
Глазгода өткен ойында төрешіден
қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған
болатын. Сондықтан елордалық
аяқдопшылар қорғанысқа көп
көңіл бөлді. Бірінші кезеңде екі
команда да қорғанысқа берік болып,
арлы-берлі сабылып жүріп алды.
Ш амамен 10-минутта «Астана»
қауіпті шабуыл ұйымдастырып,
Кабананга бұл мүмкіндікті кәдеге
асыра алмады. Содан соң бір-екі рет
Твумаси жылдамдығының жоғары
екендігін көрсетіп,
БАТЭ қорғауш ылары мен
қақпаш ысын бір сынап көрді.
Осылайша, бірінші таймда айрықша
атап өтерлік
ш абуылдар байқалмады. Ойын
барысында «Астана» ұжымына
сол қанатпен ойқастап алға
ұмтылатын Дмитрий Ш омконың
көмегі жетіспей тұрды. Ал,
екінші таймда жанкүйердің
қош еметіне жігерленген «Астана»
бірден алға ұмтылып, ширақ
қимылдай бастады. Дегенмен
шабуылдары аяқсыз қалып, қақпаға
бағыттаған соққылары қиыс кетіп
жатты. Бапкер Стойлов шабуылды
түйіндейтін ойыншының жетіспей
жатқанын байқап, алаңға Азат
Нұрғалиевті шығарды. Азаттың
ш ыққан сәті сол еді, көп ұзамай
«Астана» есеп ашты. Ш абуылшы
Кабананга денесімен мың бұралып,
қонақтардың қорғауш ылары мен
қақпашысын сан соқтырып кетті.
Қонақтар
тайлы-тұяғымен
ш абуылға шығып, таразы басын
теңестіруге ұмтылды. Бірақ алаң
иелері сауатты қорғанып, қарсы
шабуыл ұйымдастырып, есепті
еселей түсті. Қақпашы Веремко
алға ұзап шығып, допты кері
қайтарғанымен, оны Нұрғалиев
іліп алып, алыстан қақпа торын дөп
көздеді. Соңғы минуттарда БАТЭ
бар күш -жігерін салып, есепті
қысқартуға тырысқан, әйтсе де, есеп
өзгермей, «Астана» 2:0 есебімен
жеңіске жетті. Қарымта матч 25
тамызда Борисовте өтеді.
«Астана» (Қазақстан) - БАТЭ
(Беларусь) 2:0
Голдар: Кабананга, 70 минутта.
Нұрғалиев, 80 минутта. «Астана»:
Эрич, Логвиненко, Малый, Аничич,
Бейсебеков, Каньяс, М аксимович,
Мұжықов, Ибраими (Нұрғалиев,
63), Твумаси (Тағыберген, 89),
Кабананга (Деспотович, 84).
БАТЭ: Веремко, Гайдучик,
Ж авнерчик, Поляков, Карницкий
(Сигневич, 80), Риос, Гордейчук,
Кендыш, Г вилия (Яблонский, 46),
Глеб (Иванич, 39), Родионов.
Бас төреші: Себастьен
Дельферьер (Бельгия).
Бетті дайындаған: Ерасыл ШӘРІБЕК
«Нұр С
әт
» теннис орталығында тен-
нистен 12 жасқа дейінгі жасөспірім-
дер
арасында
«Kyzylorda
masters»
республикалық турнирі
өтті
. Онда 8
облыстан келген спортшылар
өз
бақта-
рын сынады.
№ 34 (156) 25 ТАМЫЗ, БЕИСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
I S
t
Ш і
І Р П г
(У
25 - 31 тамыз
'С±<
ТӘ УЕЛ СІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ
А Й Г Ү Л
Ә Л ІШ Е Р
%
тоқты
“Сабыр түбі сары алтын” де-
мекші кез-келген қиындыққа
шыдап бағыңыз. Жоспарлар ал-
дағы уақытта алға басуы мүмкін.
Сондықтан бэріне түсіністікпен қа-
раған жөн. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсі-
нісу қиын. Бірақ бэрі өткінші.
ТОРПАҚ
Апта басы қауырт тірліктермен бас-
талғанымен, ортасына қарай барлығы
реттеледі. Қала аралап, қыдырып қай-
туыңызға да болады. Әйтпесе кино ко-
pin, уақытыңызды басқа да қызықты етіп өткізуге f
болады.
ЕГІЗДЕР
Басшьшық тарапынан қолдау көріп,
жалақыңыз өсуі мүмкін. Ол үшін тек ең-
бектенуіңіз керек. Барлық нэрсе өзіңізге
байланысты. Қиындықтың барлығын тек
ғана еңбек жеңетінін біліңіз. Сол үшін
жақсы жұмыс істеуді бірінші орынға қойыңыз.
ШАЯН
Еңбегіңізді басшылық бағалады екен
деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды
салсаңыз, жеңіп шығасыз. Бірақ ден-
саулығыңызға да көңіл бөлуге тырысы-
ңыз. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін
а р ы с т а н
Қызмет барысында өзіңізден дәрежесі төмен
қызметкерлердің сізді басынуына жол бермеңіз.
Қызметші ретінде жұмсағысы келетіндер де та-
былады. Кейбіреулердің сондай пасық қылығына
күйінбеңіз. Өзінен-өзі бәрі қалыпқа келеді.
б и к е ш
Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы
келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас
тартып жүре бермей, арасында басқосуға баруға
тырысыңыз. Әйтпесе олардың арасында қадіріңіз
қалмауы да мүмкін.
т а р а з ы
Бұл апта іскерлік бастамаларға толы болмақ.
Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөздер
қуат беріп келеді. Үнемі осындай жылылықты
сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытудан
шаршамаңыз.
с а р ы ш а я н
Балаларыңыздың денсаулығына, тамақтануына
көп көңіл бөліңіз. Жұртқа сене бермей, өзіңіз
балаларыңызға қарауға уақыт табыңыз. Өйткені
олар сіздің өміріңіздің мәні. Оларға қатысты мәсе-
леге салғырт қарамаңыз.
м е р г е н
Қым-қуыт тірлікте жан жарыңыздың көңіліне
қарауды ұмыт қалдырып жүргеніңізді ескеріңіз.
Араларыңыз суып кетпеуіне де көңіл бөліңіз.
Оның айтқанын орындауға уақыт табыңыз. Сонда
ғана тату-тәтті отбасы ретінде бақытты ғұмыр кешесіз.
т а у е ш к і
Өзіңізге қолайлы жағдай туғызып, армандары-
ңызға қол жеткізу үшін аянбай еңбектенуіңіз ке
рек. Әсіресе қаржы мәселесіне келгенде, ұқып-
тылықпен қарағаныңыз жөн. Өзіңіздің маңдай
теріңізбен тапқан қаржыңызды өзіңіз басқаруға тырысыңыз.
с у қ ұ й ғ ы ш
Басшыңызға ұсыныстар айтуға қысылмаңыз.
Ұжымыңыздың ісі алға басуына ұйытқы болсаңыз,
бастығыңыз сізді қолдайтынына сенімді болыңыз.
Тек әріптестеріңізге күйе жағып алудан аулақ
болыңыз.
б а л ы қ т а р
Апта той-томалаққа барып, көңіл көтеруге
ыңғайлы. Соның арқасында көптен көрмеген ескі
танысыңызды кезіктіріп, тың жобаларды жүзеге
асыруға жол ашылмақ.
А й гүл Ә Л ІШ Е Р
Қазақтың бүгінгі шыққан шыңы, алған асуы,
бағындырған белесі - тәуелсіздік. Егеменді ел
болу үшін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша
күресті. Қаншама қиын қыстау заманды бас-
тан өткерді. Арманы ел болашағы жастарға
бейбіт өмір сыйлау еді. Адам өткенін білмей,
болашаққа нық қадам баса алмайды. Қазақ
хандығы
шаңырақ көтергеннен бастап,
өмір сүрген төрт ғасыр ішінде тұтас Еура-
зия даласы алып мемлекетке айналды. Ал
тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде елдің әл-ау-
қатын, экономикасын көтеріп, төл мәде-
ниетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту
ісінде қыруар жұмыс атқарды. Елімізде
білім, ғылым, денсаулық, спорт салала-
ры айрықша даму үстінде. Ғарыш саласын
игеріп, ғарыш айлағы бар дамушы мем-
лекет ретінде танылуда.
25 жыл ішінде еліміздің шекарасы халықара-
лық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рә-
өнеркәсіп
орындары, көз тартарлық құрылыстар күн са-
нап артуда. Еліміз пайдалы қазба байлықтарға
бай. Қазақстан өлшеусіз табиғат байлығымен
ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлыстардан
құралғанын ұмытпаған абзал. Елімізде 130-
дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бул көрсеткіштің
өзі халқымыздың қонақжай, бірлігі мен ын-
тымағы жарасқан мемлекет екенінің дәлелі.
Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып,
мәдени, рухани даму деңгейі көтерілуде.
Жыл сайынғы Елбасының халыққа арналған
Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік
бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың
барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын
жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.
Мемлекетіміздің мызғымас күші ол - халық. Халық-
тың әл-ауқатын арттыру басты назарда. Осы мақсатта
Елбасы бастамасымен «Нурлы жол» бағдарламасы
аясында халық игілігіне мектеп, балабақша салынып,
жас отбасылар баспанамен қамтамасыз етілуде. От
басы құндылықтарын насихаттау мақсатында дәстүрлі
түрде жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауы ата-
лып өтіледі. Байқау ынтымағы жарасқан, абыройлы
әулеттерді елге үлгі ету мақсатында қолға алынған.
Осы бастаманың өзі жастар арасында «әулет», «отба
сы» ұғымдарының астарын, қадір-қасиетін арттыруы-
на ықпал етуде.
Тәуелсіз елдің туы күннен-күнге биіктеп, халықара-
лық аренадағы беделінің күн санап артып келе жат-
қаны көңілімізге қуаныш ұялатып, қиялымызға қанат
қақтырды. Тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз
жарқын боларына кәміл сенеміз. Бүгінгі бейбіт те шуақ-
ты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу -
басты бағыт.
б а й қ а у
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚІШКІ САЯСАТБАСҚАРМАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ
«АҚМЕШІТЖАСТАРЫ» ГАЗЕТІЖӘНЕ «ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
АЙМАҚЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ереже
Тәуелсіздік күніне арналған жас журналис-
тер арасындағы байқау (бұдан әрі - Байқау)
Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы,
«Ақмешіт жастары» газеті және «Жас журнали-
стер клубы» қоғамдық бірлестігінің уйымдас-
тыруымен өткізіледі.
II. Байқаудың мақсаты
Ширек ғасыр толған Қазақ елінің жетістіктерін
жастар арасында кеңінен насихаттау, жас журна-
листерді ынталандыру;
Жастардың бойында қазақстандық патрио-
тизмді және
отансүйгіштік қасиетті қалыптас-
тыру, шығармашыл тұлғаны дамыту.
III. Байқаудың міндеттері
Байқаудың жеңімпаздарын анықтау облыс-
тық ішкі
саясат басқармасымен
бекітілген
конкурстық
комиссияның
(қазылар
алқасы)
шешімімен жүзеге асырылады;
Қазылар алқасының қурамына БАҚ өкілдері,
белгілі ақын-жазушылар кіреді;
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық
мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ұсынылады.
IV. Қатысу шарттары
Байқауға қатысуға 14 пен 29 жас аралы-
ғындағы мектеп оқушылары мен жоғары және
кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының
студенттері, жас талапкер ақын-жазушылар,
журналистер шақырылады.
Байқау үш бағытта (поэзия, проза, публи-
цистикалық мақала) өтеді және поэзия, проза,
публицистикалық мақала жүлдегерлері аталған
бағыттар бойынша бөлек-бөлек анықталады.
Байқауға қатысатын материалдар наурыздың
22-сінен бастап 16 қараша аралығында қабыл-
данады.
Бір автордан бір ғана шығармашылық жумыс
қабылданады. Мақала А4 форматында Times
New Roman қарпімен терілген, 2 беттен аспау
қажет. Шығармашылық жұмыспен қоса авторы
туралы қысқаша мәлімет «Байқауға» деген бел-
гімен aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды
поштасы арқылы мемлекеттік және орыс тіл-
дерінде қабылданады немесе «Сыр Медиа»
ЖШС, «Ақмешіт жастары» газетінің редакциясы
(Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 4
үй,
Т.Жүргенов
атындағы
Шығармашылық
үйі) 3-қабат, 312, 313, 314, 315 кабинеттерге
жолдауға болады. Қосымша сұрақтар үшін тел.:
8(7242) 40-06-71. Байқау нәтижесі бойынша үздік
деп танылған туындылар газет бетіне (немесе
жинақ болып) шығады.
Жеңімпаздар саны - төртеу. Бас жүлде І, ІІ,
ІІІ орын және қосымша ынталандыру сыйлығы
тағайындалады.
V.
KoHKypcrb^ жұмыстарды бағалау өл-
шемдері
Конкурстың материалдарын бағалау кезінде
төмендегі өлшемдер назарға алынады:
- автордың идеясы;
- стильдік көркемдік;
- оқырманға эмоционалды әсері;
- авторлық ұстаным.
VI. ¥йымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдасты-
рушылар және қазылар алқасынан тұрады. Бай-
қауды дайындау мен өткізу жөніндегі жұмысты
жоспарлайды және үйлестіреді, сонымен қатар
оның орындалуын қадағалайды.
Байқау туралы ережені және конкурстың қазы-
лар алқасы құрамын бекітеді.
АҚМЕШ ІТ
жастары
Газет Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат
және мурағат комитетінде тіркеуге алынып,
№13844-Г куәлігі 26.08.2013 жылы берілген.
«Ақмешіт жастары» облыстық газеті
ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті
жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.
Меншік иесі: «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Б А С Д И Р Е К Т О Р
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 70-00-36
Газет әр аптаның бейсенбі күні шығады. Қолжазбалар өңделеді және қайтарылмайды. Жарияланымдар
газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып,
«Сыр медиа» ЖШС баспаханасында басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Б А С Р Е Д А К Т О Р
Айжан АБДУЛЛАЕВА
Редакция тел.: 40-06-71
К е з е кш і р е д а к т о р : С .О М А Р О В А
Индекс: 65425
Редакцияның мекен-жайы: 120018
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Султан көшесі, 4
a q m e s h it_ z h a s ta ry .k z @ m a il.ru
Т а р а л ы м ы : 9 5 8 7
Т а п с ы р ы с № 988
Достарыңызбен бөлісу: |