Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы №22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«БІЛІМ БЕРУ» МЕКТЕБІ 6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Педагогикалық тәжірибесі бойынша Е С Е Б І оқушылар (бакалавриат, магистратура, докторантура) 4 курс
күндізгі оқу түрі
ПМНО-19-1 академиялық тобы
________Кенже Гулназ Аққалиқызы______ Университеттегі тәжірибе жетекшісі: Көкшеева З.Т
АҚТАУ 2023 жыл
Ш.Есенов атындағы КТИУ КЕ «АҚ»
«Бастауышта оқыту педагогикасы
мен әдістемесі» мамандығының
4 курс студенті
Кенже Гулназ Аққалиқызының
Кәсіптік практика бойынша
Кәсіптік педагогикалық іс- тәжірибе 23.01.2023- Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы № 22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім. Мектептің ішкі ахуалымен таныс бола отырып, оқу-ісі жөніндегі орындасарымыздан негізгі міндеттерімізбен, мектептің басты талаптарын түсініп келдім.
24.01.2023- Маған тағайындалған сынып жетекшім: Бекбаева Айымгүл Амалбаевна 2 «ә» сыныбының жетекшісі. Танысу барысында оқушылармен, олардың ішіндегі үздік және оқу үлгерімі жөнінен төмен тұрған оқушылардың деңгейлерін білдім. Сыныпта 24 оқушы оның ішінде 9-ы ұлдар, 15-і қыз балаларды қамтиды. Сынып тізімін ала отырып, әр оқушылармен жеке-жеке таныс болдым. Сынып ішінде 3-үздік оқушы бар. Алшен Ержігіт, Бекмұрат Жанерке, Медетпек Ақнұр.
Сонымен қатар, Сынып жетекшімізбен алдағы іс-тәжірибе барысындағы жоспарларымызбен таныса отырып, негізгі әдіс-тәсілдердің түрлерін меңгеріп алдым. Бізге берілген Күнтізбелік тақырыптық жоспармен таныс бола отырып, ҚМЖ,ОМЖ,ҰМЖ- лардың жазылу үлгісін алдым.
Сынау мақсатында: жетекшім алғашқы сабағымды өзім беруімді өтінді.
Математика пәні: №73 сабақ: «Көбейту және бөлу». Тақырыбы аясында сабақ бере бастадым.
Ескерту (сынып жетекшімізден): Әрдайым сабақ барысында дикриптормен жұмыс істеу арқылы сабақта әрбір баланы бағалаудың тиімді болатынын, әрі оқушылардың білімдерін қаншалықты сабақ барысын меңгергендігін ескерте отырып, сабақ барысындағы дауыс интонацияма, өзімді-өзім ұстауыма жақсы баға бере алды.
Қобалжу, қорқу, сасқалақтау-мұғалімнен емес екендігін түсіндіре алады.