16.02.2023- Дүниетану пәні: «Ежелгі қалалар» атты тақырыбы бойынша видеосабақтарды тамашалау. Археолог мамандары бойынша таныс бола отырып, Қазақстан аумағындағы қандай тарихи ескерткіштері мен көне қажетті заттар туралы толық меңгерілетін болады. Тақырып барысында оқушылар үшін дискрипторға сәйкес тапсырмалар беріледі. Оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, Бес саусақ әдісімен кері байаныс ретінде ой қорытады.
20.02.2023- «Тұсаукесер» Әдебиеттік оқыту пәні бойынша.
Тұсакесу жыры. Оқушылар үшін көлемді өлең шумақтары беріледі. Сыныптық сабақ жүйесінде өлең шумақтарын лезде жаттап айтып беру. Оқушылар үшін оңтайлы жаттау тәсілі:
Алдымен мұғалім ырғағымен алғышқы 2 шумағы қайталанады. Содан кейін, оқулық беті жабылып 2 мәрте өлең жолдары қайталанады. Нәтижесінде, жаттанды білім қалыптасады.
«Тұсаукесу рәсімі» туралы қазақтың салт-дәстүрімен таныс бола отырып, интерактивті тақтадан бейнематериалдарға көз жүгіртеді.
24.02.2023- математика пәні бойынша: «Шамалар арасындағы тәуелділік» атты тақырыбы бойынша , ҚМЖ сабақ жүргізілді.
Портфолия жұмыстарымен таныс болу.
Мұғалім ұжымдарымен таныс бола отырып, Портфолия жұмыстарына жинақталатын қажетті құжатттар үлгілерімен таныс болу.
Көршілес сыныптың 2 «б» сыныбының жетекшісі: Құндыз апайдың педагогика бағытындағы еңбектерімен таныс бола отырып, Атестация-ға қажетті жұмыстардың қажетті жинақталу жоспарларымен таныс болдым.
27.02.2023- Қазақ тілі пәні: «Жалқы және жалпы есім»
Зат есімнің түрлерімен танысу.
Ережелерді жаттау.
«ПОП-Корн» -әдісін пайдалана отырып, рефлексия жүргізу. Өткен материалдарды бекіту.
Оқушылар «Қарлығаш көмек» -атты жәрмеңке ұйымдастырып, Түркия еліне қажетті қаражатты жинақтауға жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл шара барлық 2-нші сыныптар арасында өткізіліп, қажетті қаражат көлемі жинақталды.
1.03.2023- «Қарлығаш көмек» атты жәрмеңкеге атсалысқандары үшін, оқушыларымды , алғаш 1–наурыз « Алғыс айту» күніне орай, Ақтау ішіндегі Ә.Кекілбаев атындағ музейге барып таныстырылу жасау.
2 Сыныптың барлық оқушылары қатысты.
Оқу техникасы- оқушылардың білімдерін алу . Минитуқа оқыту бойынша жарыс жүргізілу.
2-сыныптар үшін 1-жарты жылдықта оқу сапасы-45 сөзді құрайды.
Сынып ішінде ең жоғары сөз оқыған- Ақнұр -120 сөз
Ең төмен оқыған Исламбек-4 сөз.