Мен, Сағындықова Айбаршын еп-22-3к4 студенті



Дата30.09.2023
өлшемі13,54 Kb.
#112018

Мен, Сағындықова Айбаршын ЕП-22-3к4 студенті 05.06.2023-18.06.2023 уақыт аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ <<Физика>> кафедрасында оку практикасынан өттім. Оку практикасы бойынша аткарылатын жұмыстар реті түсіндірілді, берілген тақырыптар бойынша материалдар жинадым. Жетекшіден негізгі бағыт-бағдар алдым. Оку практикасының мақсаты - болашақ мамандығынның қырлары мен сырларын көріп, түсіну. Бұл практика мен үшін өте қызықты әрі түсінікті болып өтті. Біз бірінші күні яғни, 05.06.2023 күні барғанда практика жетекшімізбен танысып, арнайы топтарға бөліндік. Сол күні өткен алғашкы такырыбымыз Ұйымдастыру конференциясына катысу. Бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес кауіпсіздік ережелерімен танысу". Жетекшіміз кабинетке барып арнайы құрылғылармен жұмыс жасамас бұрын қандай қауіпсіздік ережелерін білуіміз керегін тиянақты түсіндірді. Бұл тақырып бәрімізге таныс болғандықтан, бәріміз сабакка белсене қатысып, әркім өз білген нәрселерін айтып ой қосты.06.06.2023-07.06.2023 жылы мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен таныстық және де физика пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламаларымен таныстық. Осы екі күнде бұл тақырыпты жетік меңгеріп шықтық. Осы күні мен апайдың аркасында Minor бағдарламасы жайлы толық ақпарат алдым. 08.06.2023 жылы оку процесінің кестесімен және студенттердің жеке жұмыс жоспарларымен таныстық. Жетекшіміз осы такырыпка тереңірек тоқтала отырып, бізге бәрін түсіндірді. Өзіміз білмейтін біраз ақпаратпен таныстық. 12.06.2023 жылы физика кабинетінің және зертханалардың әдістемелік қорын толтыру жоспарымен жетеушіміз бізді таныстырып шыкты. 13.06.2023 жылы ғылыми физика бойынша арнайы қондырғылармен жеке-жеке танысып шыктык. Бұл тақырып екі күнге созылды себебі, екінші күні сол кондырғылардың әдістемелік нұсқаулығымен танысып шықтық. 15.06.2022 жылы бізге жетекшіміз жеке тапсырмалар бөліп берді, және ол жерде не жұмыс жасайтынымыз жайлы тереңірек мәлімет беріп көмектесті. Маған Физикалык приборлар бойынша зертханалық жұмыс жасау жеке тапсырмасы берілді. 16.06.2023 күні оку практикасын қорытындыладык.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет