Мен зорлыќ зомбылыќќа ќарсымын


Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшiн негiздер



бет3/6
Дата03.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#133415
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшiн негiздер

  • 1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшiн мынадай мән-жайлардың бiрi: 1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi немесе хабарламаларының келiп түсуi; 2) iшкi iстер органы қызметкерiнiң тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактiсiн тiкелей анықтауы; 3) мемлекеттiк органдардан және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан келiп түскен материалдар негiз болып табылады. 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупi туралы өтiнiштер мен хабарламаларды мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қарайды.

19-бап. Профилактикалық әңгiмелесу

  • 1. Профилактикалық әңгiмелесудiң негiзгi мiндеттерi тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептерi мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтiк және құқықтық салдарларын түсiндiру және заңға мойынсынушылық мiнез-құқықтың қажеттiгiне сендiру болып табылады. 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектiсi тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзiне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшiн негiздер бар адаммен профилактикалық әңгiмелесудi жүргiзедi.

20-бап. Қорғау нұсқамасы

  • Жәбiрленушiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 622-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк ұстауды жүргiзу не Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 132-бабында көзделген тәртiппен ұстау үшiн негiздер болмаған кезде iшкi iстер органының бастығы не оның орынбасары қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупiн төндiретiн адамға орындау үшiн қолхатпен берiледi. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда бұл жайында қорғау нұсқамасына жазылады.

Балаларға қатысты анықталған барлық дөрекі бұзушылықтарды тоқтатуға болар еді, егер олардың дер кезінде себебін анықтап, отбасылармен жүйелі түрде алдын алу жұмыстары жүргізілген болса. Аталған жағдайда аулаларды аралау, түрлі құрылымдармен (учаскелік инспекторлар, педиатрлар, әлеуметтік педагогтар, мектеп психологтары) жедел ақпараттық алмасу сияқты іс-шараларды өткізу, шағын аудандардың паспортын жасау, ата-аналарды жаппай оқыту, балаларға арналған сенім телефондары мен шұғыл байланыстардың қолжетімділігі өзекті болып қала береді.

  • Балаларға қатысты анықталған барлық дөрекі бұзушылықтарды тоқтатуға болар еді, егер олардың дер кезінде себебін анықтап, отбасылармен жүйелі түрде алдын алу жұмыстары жүргізілген болса. Аталған жағдайда аулаларды аралау, түрлі құрылымдармен (учаскелік инспекторлар, педиатрлар, әлеуметтік педагогтар, мектеп психологтары) жедел ақпараттық алмасу сияқты іс-шараларды өткізу, шағын аудандардың паспортын жасау, ата-аналарды жаппай оқыту, балаларға арналған сенім телефондары мен шұғыл байланыстардың қолжетімділігі өзекті болып қала береді.
  • Осылайша, балаларды зорлық-зомбылықтан және қатыгез қарым-қатынастан қорғау заң шығару, құқық қорғау органдарының, білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, қоғамдық ұйымдар мен еліміздің әрбір азаматының назарында болуы тиіс. Біз балалардың жағдайы үшін бірігіп, балалармен қатыгез қарым-қатынасқа қарсы күрес бойынша бірлесіп әрекет жасауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет