Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жәбiрленушi - өзiне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға негiз бар жеке адам; 2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - неке-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегiнде бiрге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлi-зайыптылар арасындағы қатынастар шеңберi; 3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бiр адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтiретiн немесе келтiру қаупi бар құқыққа қарсы қасақана әрекетi (iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi);
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы: 1) заңдылық 2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi сақталуына кепiлдiк беру; 3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуiне жол бермеу; 4) отбасын қолдау және сақтау; 5) құпиялылық 6) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген әрбiр адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргiзу; 7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы; 8) кешендiлiк және жүйелiлiк принциптерiне негiзделедi.