Менеджмент- басқару, жүргізу, ұйымдастыру, басшылық ету, іс-әрекеттің тиімділігін, түсімділігін арттыру арқылы басқарудың тиімділігіне жету жолын іздеу деген мағынаны білдіреді. Басқару



бет2/3
Дата21.12.2022
өлшемі50,96 Kb.
#58599
1   2   3
Байланысты:
глоссарий

Педагогикалық ұжым - педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері) қызметкерлерін біріктіреді.

  • Диагностика – арнайы жасалған ғылыми әдістер көмегімен игері-летін педагогикалық үрдістердің, құбылыстардың және т.б. сандық бағасы мен сапалық сараптамасы.

  • Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі. Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.

  • Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.

  • Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.

  • Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.

  • Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.  Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.

  • Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.

  • Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.

  •  Интерактивті қарым қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.

  • Көшбасшылық қасиет - функцияларды орындаудың табыстылығын қамтамасыз ететін, топтың лидермен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің, психологиялық сапалары мен қабілеттерінің жиынтығы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет