Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Реттілік. Әр нәрсе өз орнында болуы шарт. Әділдік



бет28/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Реттілік. Әр нәрсе өз орнында болуы шарт.


  • Әділдік. Әділдік – турашылдық пен мейірбандылықтың үйлесуі.


    14) Қызметкердің жұмыс орнының тұрақтылығы. Кадрлардың
    мекемеден көптеп кетуі мекеменің жұмыс нәтижесіне, тиімділіне кері әсерін тигізеді. Орнында көп отырған, іс-тәжірибе жинақтаған орта деңгейдегі басшы өз орны үшін күреспейтін, тез биліктен кететін талантты көшбасшыдан әлдеқайда жақсы (12-сурет).

    Сурет-12. А.Файоль бойынша басқарудың 14 принципі
    Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық процесс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы. Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
    Басқару қатынастары төмендегідей ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді:
    Біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастар. Екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады.
    Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буынындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).
    Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).
    Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
    Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды: жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы және аралас, сондай-ақ, ұжымдық және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.
    Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.
    Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.
    Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
    Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі,оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
    Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, тәлімгер, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет