Сурет-22. Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасы
Педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық сараптама жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық даярлығының жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс- әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады.
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық процесті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық процеске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн:
таңдаған (жаңа) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;
жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат- міндеттеріне сәйкестігі;
жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;
таңдаған әдістің мектептің материалдық-техникалық базасына сәйкестігі;
жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б.
Жобалау технологиясы негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:
бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;
іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;
балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;
шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі” деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |