Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді.
Жобаға қатыушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.
Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады.
Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады.
Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.
Жобалап оқыту мақсаты:
жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне;
танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына;
әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;
зерттеу бойынша проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;
жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:басты назар- оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету; оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады; жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда аталған педагогикалық талаптар орындалған жағдайда мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті оң нәтиже берері анық. Сондықтан мектептің оқу-тәрбие процесіне инновациялық педагогикалық технологияны ендірудің алғы шарты мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру болып табылады.
6 тақырып. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде