Эмердженттік немесе эмергенттік (ағылшын сөзі: emergent –кенеттен пайда болатын ) – қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттері, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес.
Синергия ( ынтымақтастық, ықпал ету, көмек беру, қауымдастық, бірге жұмыс жасау ) – екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік.
Синергетика өзін-өзі ұйымдастыру теориясына енеді. Өйткені ол жалпы принциптерді қалыптастырады, материяның құрылымдық деңгейін сипаттайды.
Өзін-өзі ұйымдастыру идеясы мен теориясы ғылымның әр саласына да ене бастады. Соңғы зерттеу жұмыстарында макроэкономикадағы зерттелетін объектілер ашық жүйеде қарастырылуда. Синергетикалық әдістер психология, өнер, әлеуметтану саласында кеңінен қолданыс таба бастады.
Көптеген ғалымдар синергетикалық бағытты педагогика саласында да қарастыруда З.Ж.Жанабаев пен Н.Д.Хмель бойынша синергетиканың әлеуеті –
«педагогиканың жоғары қабатынан пәннің нақты әдістемесіне дейін».
Синергетика тәрбиелік жүйе теориясын, педагогикалық процесс, әлеуметтік жүйені басқару, педагогика мен синергетиканың байланысын тығыз бірлікте қарастырады.
Мультипликативтілік– жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті, әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес).
Педагогикалық процесс күрделі әлеуметтік жүйенің эволюциясы ретінде өзара ұйымдасқан объектінің барлық белгілі қасиеттерін иемденеді. Педагогикалық жүйенің әрбір құрылымдық элементі (оқушы, мұғалім, оқушылар ұжымы және т.б.) ашық ақпараттық жүйе болып табылады. Сондықтан қазіргі кезеңдегі педагогика танымның ғылыми әдістері мен күрделі объектіні басқару заңдылықтарына арқа сүйейді.
Сурет -23. «Педагогикалық жүйе» ұғымының мәні Мақсат педагогикалық іс-әрекеттің компоненті болып табылады. Сонымен қатар, мақсат – субъект саласында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Мақсатты болжау – мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі. Міндет – мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып отырады.
Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсат өзін белгілейтін субьект – адаммен бірге
дамып отырады, себебі ол сол субьектіге жасалады, сондықтан да субьектінің дамуымен мақсат та жоғарылай бастайды. Сонымен, мақсат өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі.